«Өнеркәсіп статистикасы»



бет8/12
Дата04.07.2016
өлшемі2.62 Mb.
#176325
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық – үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік үлесі = ------------------------------------------------------------ х 100

жалпы халық саны
Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік коэффициенті = ------------------------------------------------------------ х 100

15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны
Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны

істейтін бір адамға есебімен = ------------------------------------------------------------ х 100

Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны

Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны

(жұмысбастылық) = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны

жұмысбастылық = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = ------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны


Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = -------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны

Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны

жұмыссыздық = ----------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны


Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны

экономикалық белсенді = ----------------------------------------------------------------- х 100

емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны

Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны

жастағы халықтың орнын = ----------------------------------------------------------------- х 100

басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме = ----------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны
Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны

жүктеме = ----------------------------------------------------------------------------- х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

3. Өнім қозғалысының статистикасы

Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады. Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды.

Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:

1. N – туылған балалар саны.

2. М - өлгендер саны.

3. m – ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.

4. таб. =N-M – халықтың табиғи өсімі.

5. Н – некеге тұру саны.

6. А – ажырасу саны.

7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.

8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.

9. миг. – П-В – халықтың миграциялық өсімі.

10. П+В – халықтың миграциялық айналымы.

11. жалпы =таб.+ миг. = N- N+П-В= Sс – Sб – халықтың жалпы өсімі.

12. Sб – жыл басындағы халықтың саны.

13. Sс – жыл соңындағы халықтың саны.

14. Sс = Sб + N –М +П-В – жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдіс пайдаланылады.

Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер

1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері.

2. Координация коэффициенті – халықтың жеке категорияларының өзара қатынасы.

3. халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері.


Өнім табиғи қозғалысының коэффициенттері


  1. Жалпы туу коэффициенті: К жалпы туу = , мұндағы - халықтың орташа жылдық саны

  2. Арнайы туу коэффициенті: К ар.туу = , мұндағы -15-49 жастағы әйелдердің орташа саны




  1. Жастық туу коэффициенттері - әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады.




  1. Жалпы өлу коэффициенті: Көлу =




  1. Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған сәбилердің шетінеп кеткен дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл коэффициент екі тәсілмен табылады:

А) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алмай – Кнәр.шет.= , мұндағы Кнәр.шет- нәрестелердің шетінеу коэффициенті.


Б) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алып - Кнәр.шет.= , мұндағыNo- өткенжылы туылған балалар саны; N1- ағымдағы жылы туылған балалар саны.


  1. Жастық өлу коэффициенттері анықталған жас тобындағы өлгендер санының осы жастағы халықтың орташа санына қатынасына тең.

  2. Туу және өлу процестері арасындағы қатынасты анықтау үшін Покровский коэффициенті (өміршеңдік) қолданылады: К Покровский өміршеңдік=;

  3. Табиғи өсім коэффициенті: Кжалпы туу- Көлу

  4. жалы некелілік коэффициентін анықтау үшін бір жылда тіркеуге алынған неке санын халықтың жылдық орташа санына бөледі және оны 1000-ға көбейтеді:

Кнеке=

  1. Жалпы ажырасу коэффициенті: Кажыр.=

  2. Арнайы некелілік және ажырасу коэффициенттері некеге тұру жасын анықтайды (15 жастан жоғары), мысалы Карнайы некелілік=

  3. Ажырасушылық арнайы коэффициенті: Карнайы ажыр.=


16. Некелік және ажырасушылық коэффициенттері төмендегідей жас тобы аралықтарында (ерлер және әйелдер үшін жеке, бөлек) есептелінеді: 16-19, 20-24, 25-29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59 жас.
Халықтың жалпы және миграциялық қозғалысының коэффициенттері

Халықтың жалпы миграциялық өсімі (миграциялық интенсивтілік), берілген тұрғылықты, жергілікті жерге көшіп келген адамдар саны мен берілген тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады.



  1. Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті:

Кмигр.=




  1. Миграциялық айналым коэффициенті: Кайн.коэфф.=

19. Миграциялық тиімділік коэффициенті: Ктиімд.миг.=



  1. Жалпы өсімнің коэффициенті:



4. Өнім болжаудың статистикалық әдістері

Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі:

1. жас бойынша жылжыту әдісі – тұлғаның «х» жасынан келесі «х+1» жасына ауысу.

Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу.

2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер негізінде глобалды әдіс жатыр. , мұндағы - келесі жылға t жылға болжанған халық саны;

- ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны; - халықтың жалпы өсім коэффициенті; t – болжам жасалатын уақыт.

3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін пайдаланып: , мұндағы - орташа абсолюттік өсім. , мұндағы - халық санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы, m- өсімдердің саны.

4. Халық санының орташа өсу қарқынының мәліметтерін пайдаланып: , мұндағы, - халық санының орташа өсу қарқыны.

5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы
ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін халық екіге бөлінеді: жалдамалы және өзін-өзі қамтитын жұмыс бастылар. ҰШЖ –де жалдамалы жұмысшылар әлеуметтік статусы бойынша екіге бөлінеді: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер жұмыскерлердің үш тобын құрайды: басшылар, мамандар, және басқа қызметкерлер.

Жұмыскерлер айналымының абсолюттік көрсеткіштері – берілген кездегі жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер саны.


Жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің қатысты көрсеткіштері:
Жұмыскерлерді жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны

қабылдау бойынша = ----------------------------------------------------------------- х 100

айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізім бойынша орташа саны

Жұмыскерлердің себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны

жұмыстан кетуі бойынша = ------------------------------------------------------------------------ х 100

айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізімдік орташа саны

Жұмыс күшінің кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны

орнын басу = ------------------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны
Кадрлардың өз еркімен жұмысқа келмеген және тәртіп бұзғандар саны

тұрақтамаушылығының = ------------------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті тізім бойынша жұмыскерлердің орташа саны

Кадрлардың есеп беру кезеңіндегі тұрақты жұмыскерлер саны

тұрақтылық = ------------------------------------------------------------------------ х 100

коэффициенті жұмыскерлердің кезең аяғындағытізімдік саны


Жұмыс күшінің құны – бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру қаражаттарының құны. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсалған шығындары құнына жалақы қоры, жұмыскерлердің тұрғын үйіне жұмсаған шығындары, әлеуметтік қамтуға шыққан шығындар, кәсіптік оқытуға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар және т.б. жатады.

Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі- есеп беру кезінде жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен тұрады:



    • қолма қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы;

    • әлеуметтік сақтандыруға аударылатын сома.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде?

2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№

3. «Халық», «Экономикалық белсенді халық», «Экономикалық белсенді емес халық» ұғымдары нені білдіреді?

4. Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз.

5. «еңбекке жарамды халық саны», және «Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны» ұғымдарының айырмашылығы неде?

6. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

7. Еңбек ресурстары, халықтың орташа саны қалай анықталады?

8. Халықтың көшіп-қонуының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

9. Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай?

10. Жұмыс күшінің шығынының құны қандай?



Тақырып 3. Еңбек статистикасы

Дәріс сұрақтары:

1. Еңбек құрамы, мәні

2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы

3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы

4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы

5. Айналым капиталының статистикасы

6. Инвестиция статистикасы
1 Еңбек құрамы, мәні.
Еліміздің ұлттық байлығы – белгілі бір уақытта мемлекетте қорланған экономикалық активтердің жиынтығы: қаржылық емес және таза қаржылық активтер , тауарларды өндіруге, қызметті көрсетуге және адамдардың өмірін қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Экономикалық актив – бұл меншік құқығымен таратылатын және қожайындарға иелік ету арқылы экономикалық табыс әкелетін экономикалық обьект.

Экономикалық активтер қаржылық және қаржылық емес активтерге бөлінеді.

Қаржылық активтер институционалды бірліктер арасында белгіленген дебиторлық-кредиторлық шартты қатынас негізіндегі қаржылық міндеттемелерден пайда болады.Қаржылық активтердің қаржылық емес активтерден айырмашылығы – көпшілігінің басқа институционалды бірліктерге талаптарын ұсынады, яғни оларға басқа меншік иесінен қаржылық міндеттемелерді қарсы қояды.

Қаржылық активтер қаржылық міндеттемелерден, келісімді дебитті-кредитті қатынастардан туындайды.

Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша қаржылық активтердің жіктелуі, екі критерий бойынша анықталады:



  1. құқықтық сипаттамалар, яғни несие беруші мен қарыз алушының өзара қатынасын сипаттау.

  2. ликвидтік – бұл активтердің ақшалай қаражатқа айналатын берілу мүмкіндігі, ликвидті түрде немесе оңай айналуы. Ең көп ликвидтілік иеленетіндер – монеталық алтын, қолма қол ақша, аудармалы депозиттер.

Қаржылық активтер категорияларының сипаттамалары:

  1. Монетарлық алтын – қаржы несие мекемелерінде халықаралық резерв немесе қаржылық актив ретінде сақталатын алтын.

  2. Қарыз алудың арнайы құқы(SDR) - халықаралық резервтік активтер болып табылады. SDR халықаралық валюта қорында құрылып , резервтік активтердің орнын толтыру үшін оның мүшелері арасында бөлінеді.

  3. Қолма қол ақшалар төлем қаржысы ретінде пайдаланылатын, айналымда жүрген банкноттар мен монеталардан тұрады.

  4. Депозиттер – бұлар халықтың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың салымы. Депозиттер аудармалы және аударылмайтын болып бөлінеді.

  5. Бағалы қағаздар – қандай да бір мүлікке немесе ақша сомасына иелік құқығын беретін , аталған заттарды, тиісті құжаттарды көрсетпейінше , сатуға немесе басқа бір адамға беруге болмайтынын дәлелдейтін, арнайы дайындалған ақшалай құжаттар.

  6. Қарыз – несие беруші қарыз алушыға қаржыларын пайдалануға берген кезде жасалатын қаржылық құралдар.

  7. Акциялар және капиталдағы үлестік қатысудың басқа да түрлері .Акция – бұл акционерлік қоғамның меншігінен адамның өз үлесін алуға құқығы барын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденттер түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаз.

  8. Сақтандырудың техникалық резервтері мекемелердің келесі екі түрін иемденеді:

    1. Өмірді сақтандыру мен сақтандырудың басқа түрі бойынша құрылған компаниялар: қайғылы оқиғадан сақтандыру, табысты қолдау үшін сақтандыру, көлікті сақтандыру, денсаулықты сақтандыру және т.б.

    2. Зейнетақы қоры қызметкерлер мен жұмыскерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету үшін құрылған резервтерден тұрады.

  9. Дебиторлардың, несие берушілердің басқа да шоттары.Бұл категорияға мыналар жатады:

  1. сауда несиесі

  2. жұмыс үшін аванс төлеу

  3. дебиторлардың басқа да қарыздары.

Өзінің шығу тегіне байланысты , қаржылық емес активтер өндірілген және өндірілмеген болып бөлінеді. Өндірілген қаржылық емес активтер өндіріс процесінде жасалады.Өндірілмеген қаржылық емес активтер өндіріс үшін аса қажет болса да , оның өнімі болып табылмайды. Барлық өндірілмеген материалдық активтердің табиғи тегі бар.

Ұлттық байлық мөлшерін анықтау үшін мағлұматтың қайнар көздері болып баланстық кестелер саналады.Бұлар капиталмен байланысты операциялар туралы шот, қаржылық шот, активтер мен пассивтер көлемдері арасындағы басқа өзгерістердің шоты, қайта бағалау шоттары деп аталады. Олардың негізінде активтер мен пассивтер балансы өңделеді.Ұлттық байлықтың құрамдас элементтері жыл басында немесе жыл аяғында активтер немесе пассивтер болып көрсетіледі.


Жыл аяғындағы активтер немесе пассивтер балансы. 1-кесте

Активтер

Міндеттемелер және меншік капитал

1.Қаржылық емес

2. Қаржылық



2.1.Қаржылық

2.2.меншік капиталының таза құны

(1.1.+1.2.-2.1.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет