Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі және қолданылуын сипаттаңыз. Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі



бет12/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

2.Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі және қолданылуын сипаттаңыз. Минералды тұздар және тыңайтқыштар өндірісі.Минералды тұздар - адам қоректенетін астық құрамында болуга тиісті заттарды айтамыз. Фосфор мен магний бұлшық еттердегі химиялық зат алмасуының дұрыс жүруіне, темір-қан құрамындағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобинді түзетуге, кальций-фосфор және т.б. минералды заттар белоктарды сіңіру, хлорлы натрий-осмотикалық қысымды қалпында және тәнде суды үстау үшін керек химиялық заттар. Құрғақ өнімдерді ұсақтау және ұнтақтау, негізінен көмір, құрылыс және кен өнеркәсібінде, минералды тұздар, тыңайтқыштар және т.б. өндіруде қолданылады.Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералдық тыңайтқыштар топырақтың құнарлығы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қажет.Тыңайтқыштар:•Органикалық (қи,шымтезек, құс саңғырығы,өсімдік қалдығы, қарашірік);•Бейорганикалық (N, P,K,Mg, B, Mn) болып екі топқа бөлінеді.Бейорганикалық минералды тыңайтқыштар әсер етуіне қарай:•Тікелей (N, P, K, Mg, B, Mn);•Жанама (бор,әк, доламит, гипс).Тікелей әсер ететін мин. тыңайтқыштар – өсімдікке қорек ретінде жеткізіледі.Жанама әсер ететін минералды тыңайтқыштар – топырақтың агрохимиялық-физикалық қасиеттерін жақсарту үшін әсер етеді. Мысалы, топырақтағы қышқылдықты жою үшін әк, доламит, бор шашады.Органикалық минералды тыңайтқыштар өндірісі:+Пассивті компосттау;+Ауаны немесе ылғалды мәжбүрлеп беру арқылы өңдеу;+Технологияда құрттарды пайдалану арқылы компосттау, араластыру сатысы;+Термиялық кептіру;+Түйіршіктеу;+Жағу. Қазақстанда нитрагин, азотбактерин, фосфорбактерин сияқты бактериялық тыңайтқыштар өндіріледі. Медицинада натрий хлориді физиологиялық ерітінді түрінде, Активтелген көмір-карболен ауыр металл тұздарымен,алколоидтармен уланғанда , натрий гидрокарбанаты асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету сулы ерітінжідермен шаюда қолданылады.


Билет 17
1.Химиялық-технологиялық процестің тепе-теңдігіне әсер ететін факторларды атап көрсетіңіз (Ле-Шателье принципі). Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Тура реакция жүрген сайын реакцияға алынған заттың концентрациясы азайып, v1 — жылдамдығы кемиді, керісінше, тіке реакциядан пайда болған өнімнің концентрациясы артып, v2 күшейеді. Біртіндеп екі реакция жылдамдығы теңеседі: v1=v2. Осындай жағдайды химиялық тепе-теңдік деп атайды. Тепе-теңдік орнағанмен қарама-қарсы бағытталған екі реакция да тоқтамай жүре береді. Егер сыртқы жағдай (қысым, концентрация, температура) өзгермесе реакция жылдамдықтары тең болып, химиялық тепе-теңдік орнаған қалпында қала береді, сондықтан оны жылжымалы немесе [динамикалық] тепе-теңдік деп те атайды. Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы дейді. Химиялық тепе-теңдік орнаған кездегі реакцияға қатысқан әр заттың концентрациясы тепе-теңдік концентрациясы деп аталады. Химиялық тепе-теңдікті сан жағынан сипаттайтын көрсеткіш тепе-теңдік константасы (тұрақтысы) (К) деп аталады: aA+bB=pP+qQ, мұндағы бас әріптер — заттардың формулалары, кіші әріптер — реакциядағы молекула сандарын көрсететін коэффициенттер. Тепе-теңдік константасы тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының (k1,k2) қатынасы деп те аталады: K=k1/k2. К — белгілі температурада тура реакция өнімдері мен реакциясы алынған заттардың мольдік көбейтінділерінің қатынасын көрсететін тұрақты шама. Тепе-теңдік константасының теңдеуі реакцияға қатысқан заттардың тепе-теңдік концентрацияларының бір-біріне тәуелділігін көрсетеді. Химиялық тепе-теңдікті зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар.Ле Шаталье принципі бойынша, «сыртқы жағдайдың әсерінен тепе-теңдік бұзылған жүйеде сол тепе-теңдікті бүзған әсерге қарсы бағытталған өзгерістер жүре бастайды»Ле-Шателье принципі бойынша тепе-теңдіккке әсер етуші факторлар:✔1. Концентрация.Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,әрекеттесуші заттардың концентрациясы артқан кезде, тепе-теңдік оңға ығысады.Ал керісінше, концентрациясы төмендесе тепе-теңдік солға ығысады.✔2. ТемператураЕгер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,әрекеттесуші заттардың температурасы артқан кезде, тепе - теңдік солға, ал төмендеген кезде, оңға ығысады.✔3.Қысым (әрекеттесуші заттар газ болса)Егер реакция экзотермиялық болса, яғни жылу бөле жүрсе,әрекеттесуші заттардың қысымы артқан кезде тепе- теңдік аз көлем жаққа, ал төмендеген кезде көп көлем жаққа ығысады.Мысалға, төмендегі аммиак алу реакциясында 4 моль( 4 көлем) реагент, 2 моль (2 көлем) өнім бар.Сонда әрекеттесуші заттардың қысымын арттырсақ, тепе - теңдік оңға ығысады. Себебі, өнімде аз көлем.✔4. Катализатор.Катализатор тепе-теңдікке әсер етпейді.Және егер реакция эндотермиялық болса, яғни жылу сіңіре жүрсе,Ле -Шателье принципі барлық факторлар үшін керісінше қолданылады.Мысалға, экзотермиялық реакцияда концентрация артса тепе-теңдік оңға ығысатын болса, ал эндотермиялық реакцияда керісінше солға ығысады.Қалған факторлар үшін де дәл солай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет