Өнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы, санаты d-3



Дата26.06.2016
өлшемі64 Kb.
#159359
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-сі 140009 Павлодар қ., ак. Сәтбаев көш. 49, 424 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(7182)651049, 663656, электрондық адрес: beisenbina.ao@pavlodar.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. Өнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы, санаты D-3 (лауазым индексі 7-01-01). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 123257 теңгеден 166564 тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарлары, облыс әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды және орындауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің және министрліктер мен ведомстволар хат-хабарларының орындалуын бақылау, «Бизнестің жол картасы 2020» жобасы шеңберінде, шағын және орта бизнес, сауда және туризм, сыртқы экономикалық қызметті дамыту және қолдауды іске асыру мәселелері бойынша, облыс әкімдігінің мәжілістеріне және облыс әкімі мен оның орынбасарының қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау бөлігінде облыс әкімінің орынбасарын ұйымдастыру және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық комиссиялардың отырыстарын, жұмыс мәжілістерін дайындайды; жетекшілік ететін мемлекеттік органдар бойынша есептер мен жұмыс жоспарларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтану, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдар саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, С-О-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; *

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы. *
2. Агроөнеркәсіп кешенін мониторингілеу бөлімінің бас маманы, санаты D-4 (лауазым индексі 10-01-02). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 93276 теңгеден 125758 тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс әкiмi орынбасарының қызметiн: ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi республикалық және облыстық бағдарламалардың iске асырылуын бақылау бөлігінде ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; облыс әкiмдiгiнің мәжiлiстерiне және облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының қатысуымен өтетiн басқа iс-шараларға ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi, бағалар мониторингi, нарықтардың қызмет етуi мәселелерi бойынша анықтамалық және талдамалық материалдар дайындайды; ауылдық аумақтардың дамуына және баға саясатына талдау жүргізеді; облыстағы баға жағдайына талдау және бақылау жасауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық ак-тiлерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардан келген қызметтiк хат-хабарлардың орындалуына бақылау жасайды; өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі, әкімі мен оның орынбасарларының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзірлеуге қатысады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтану, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдар саласында.


3. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, санаты D-4 (лауазым индексі 13-01-03). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 93276 теңгеден 125758 тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Прокуратура, ішкі істер органдары, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес, әділет, кедендік бақылау де-партаменттерінің құқық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талдайды; облыс әкімі өткізетін сыбайлас жем-қорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мәжілістер, Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комис-сияның отырыстарын ұйымдастырады; облыс әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдар-дың өтініштері бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады және олар бойынша қорытындылар береді; заңды және жеке тұлға-лардың, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдарының құқықтық нормаларды сақтау жөніндегі өтініштері бойынша жұмыс істейді, осы өтініштер бойынша қорытындылар ресімдейді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның және Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: құқық саласында.


4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы, санаты «D-4», лауазым индексі (16-01-05)

Функционалдық міндеттері: Жергілікті атқарушы органдар көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер бөлігінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады; Ақпараттық технологияларды енгізу, ақпараттық жүйелерінің дерекқорын құру, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қолданыстағы бағдарламалық жасақтаманы уақтылы жаңарту мәселелері бойынша мониторинг жүргізеді және бақылайды; Ақпараттық технологияларды көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері жөніндегі есептік ақпаратты дайындайды және орталық мемлекеттік органдарға жібереді; Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді іске асырады; «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдарының қызметіне мониторинг және бақылау жүргізеді; Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің сапасына ішкі бақылауды іске асырады; Электронды құжатайналымы жүйесінде құжаттарды тіркеу; ЭҚА орнатуға тапсырыс беру; мемлекеттік архивке тапсыруға құжаттарды дайындау; Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді жергілікті атқарушы органдардың орындауын бақылауды іске асырады; Жоғарғы мемлекеттік органдардың, облыс әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуына бақылауды іске асырады; Бөлім құзыретіне сәйкес облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімінің аппарат басшысы қатысуымен өтетін кеңестерге материалдарды дайындауды іске асырады; Бас маман құзыреті шегіндегі облыс әкімі аппараты басшысының, бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтану, білім беру мамандықтары, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.


Мынадай құзыреттердің бар болуы:бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, С-О-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; *

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы. *

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.



Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Бекітілген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
*Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет