Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»



Дата01.07.2016
өлшемі48.14 Kb.
#170594
2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы

нормативтік актілерді бекіту туралы

«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының 7 бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Мыналар:

1) «Фосфор мен оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі»;

2) «Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол цистерналарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі»;

3) «Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі»;

4) «Көп арқанды көтергіш қондырғылардың арқан өткізгіштерін жобалау мен пайдалануға арналған өнеркәсіптік қауіпсіздіктің уақытша талаптары» бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес кейбір нормативтік актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Мынадай нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы аумағында пайдалану тоқтатылсын:

1) Кеңес Социалистік Республикасы Одағының Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау (бұдан әрі - КСРО МТТҚ) 1979 жылғы 23 қаңтарда бекіткен «Фосфор мен оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі»;

2) КСРО МТТҚ 1986 жылғы 9 желтоқсанда бекіткен «Сұйық аммиакты тасымалдауға арналған теміржол цистерналарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесі»;

3) КСРО МТТҚ 1984 жылғы 5 қазанда бекіткен № 48 «Металл гильзаларда электрлік оталдырғыштар мен оталдырғыш капсюльдерді қыспақ құрылғылармен таңбалау бойынша үлгі нұсқау»;

4) КСРО МТТҚ 1984 жылғы 3 қазанда бекіткен «ҚазКСР шахталары мен түсті металлургия қазбаларында электрлік от жарылысы кезінде қауіпсіздік жөніндегі үлгі нұсқау»;

5) КСРО МТТҚ 1977 жылғы 16 ақпанда бекіткен «Жарылыс энергиясын пайдалана отырып металл өңдеу кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі үлгі нұсқау»;

6) КСРО МТТҚ 1983 жылғы 22 қарашада бекіткен «Жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі»;

7) КСРО МТТҚ 1979 жылғы 10 шілдеде бекіткен № 31 «Жер асты кен орындарында жарылғыш заттардың механизацияланған зарядталуы кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі үлгі нұсқау».

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.Қ. Бижановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр В. Храпунов

Енгізуші:
Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитеті

төрағасының орынбасары В. Веснин



Келісілді:
Төтенше жағдайлар

вице-министрі В. Петров


Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау

комитетінің төрағасы Н. Бижанов


Құқықтық қамтамасыз ету

басқармасының бастығы Ә. Бажкенова



Мыналарға: Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті мен оның аумақтық органдарына бір данадан жіберілсін.

Жіберілді:

«___»___________ 2007 ж.

ҚҚЕБ бас маманы Г. Садықова

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007 жылғы «___»________

№___ бұйрығына

қосымша

Кейбір күші жойылған нормативтік актілердің тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау (бұдан әрі - ҚР МТТҚ) 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылыс жұмыстары кезіндегі бірыңғай қауіпсіздік ережесі»;

2) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылғыш материалдарды сақтау, тасымалдау, қолдану және есепке алу тәртібі туралы нұсқау»;

3) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылғыш материалдардың қоймаларын орнату және пайдалану жөніндегі нұсқау»;

4) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылғыш материалдарды тасымалдау жөніндегі нұсқау»;

5) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Бірыңғай қопарғыш кітабы туралы ереже»;

6) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Үлкен жарылыс кезінде түзілетін улы газдарға қатысты қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқау»;

7) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылғыш материалдары қоймаларының найзағайдан қорғағышын жобалау, орнату және пайдалану жөніндегі нұсқау»;

8) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылғыш материалдары қоймаларын күзету тәртібі туралы нұсқау»;

9) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Нұсқауларды (қосымша қауіпсіздік шараларын) кәсіпорындарында әзірлеу кезінде пайдалану үшін ұсынылатын нормативтік-техникалық құжаттар тізбесі»;

10) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 23 сәуірде бекіткен «Жарылғыш материалдардың сынақтарын есепке алу журналы», «Біліктілік комиссиясының емтихан тапсыру туралы куәлігі», «Жарылыс жұмыстары кезіндегі бас тартуларды тіркеу журналы», «Жарылғыш материалдар қоймасындағы найзағайдан қорғағыштардың жерге қосқыштарының жай-күйінің ведомостары» үлгі нысандары;

11) ҚР МТТҚ 1992 жылғы 18 қыркүйекте бекіткен «Аң аулау оқ-дәрілерін, капсулаларын, патрондарын иемдену, сақтау, тасымалдау және іске асыру тәртібі туралы нұсқау»;

12) ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 154 бұйрығымен бекітілген «Жазатайым оқиғаның болуына әкелмеген қауіпті өндірістік объектілердегі, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) авариялардың себептерін тексеру ережесі»;

13) ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 129 «Рұқсат құжаттамаларды беру тәртібі туралы нұсқау»;

14) ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 131 «Басшы қызметкерлер мен мамандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімдерін тексеру тәртібі, нормалары мен нұсқау туралы ереже»;



15) ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 133 бұйрығымен бекітілген «Мемлтаукентехқадағалау мемлекеттік инспекторы туралы ереже».
________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет