Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы. Ауаны бөлу өнімдерін өндіру мен тұтыну 1-тарау. Жалпы ережелер



бет2/4
Дата26.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#159736
1   2   3   4

5-тарау. Ауа бөлгiш қондырғылар

1-параграф. Қайта өңделетiн ауаға қойылатын талаптар
111. Ауа бөлгiш техникалық құрылғыларды пайдалануға (АБҚ, криогендi кешен, ауаны тазарту блогы) егер қайта өңделетiн ауадағы жарылыс қауіпті қоспалардың құрамы мен шоғырлануы құрылғыны өңдеушi белгілеген нормадан аспаса рұқсат берiледi.

Егер қайта өңделетiн ауадағы жарылыс қауіпті және басқа қоспалардың құрамы мен шоғырлануы қабылданған нормадан асса, онда жобалық ұйым бұл тапсырманы АБҚ өңдеуге немесе қалпына келтiруге әзiрлеу кезінде есепке алады, ал берілген шарттарда жұмысқа арналған ауаны тазартудың тиiстi блогы (орнату) немесе криогендi кешен өңдеушi-ұйым АБҚ өңдейді.

Қайта өңделетiн ауаның ластану дәрежесі құрылғыны пайдаланудың барлық мерзiмi бойында рұқсат берілетін нормаларын аспайды және АБӨ өндiрiсi объектілерін пайдаланатын ұйыммен орындалатын (ауа бассейнінің мониторингі) бақылауға жатады.

Техникалық құрылғыны пайдалану процесінде ауаның ластану дәрежесi мүмкiн норма шегінен асқан жағдайда, оның әрі қарай қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ететiн ауаны тазалаудың қосымша тазарту құралдарының құрылғыларын жабдықтау бойынша шара орындалады.

Ластану көзі болып табылатын өндiрiстерге қатысты ауа жинау орындарын орналастыру, сонымен қатар тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтарды, ауаның ластануын тудыратын басқа да көздерді қайта өңдеу (өртеу) орындары АБӨ өндiрiсiн жобалау нормаларымен анықталады.

2-параграф. Ауа бөлгiш қондырғыларды іске қосу
112. АБҚ және криогендi кешендерді жiберу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

113. АБҚ-ға барлық технологиялық операциялар, талдау үшін сұйықтың сынамаларын қолмен алуды қоса, тек қана аппаратшымен немесе оның көмекшiлерiмен орындалады.

114. Монтаждан немесе жөндеуден кейiн АБҚ толық көлемде іске қосуға дейiн (жобаның барлық бөлiктерi бойынша) жобамен немесе жөндеу жоспарымен қарастырылған барлық жұмыстар орындалады, сынау және барлық қосалқы құрылымдар мен жүйелердiң жобамен және АБҚ-ға техникалық құжаттамамен қарастырылған iске қосу жұмыстары жүргiзiледi және тиiстi құжаттар ресімделедi.

115. Iске қосу жұмыстары басталғанға дейiн:

өңдеушiнің техникалық құжаттамасымен қарастырған барлық сынауларды өткiзу;

БӨА монтажын, автоматты реттеу байламдарын, қашықтан басқаруды, бұғаттауды аяқтау және оларды техникалық құжаттамаға сәйкес жұмысқа қосуға дайындау.



3-параграф. Технологиялық операцияларды орындауға

қойылатын қауiпсiздiк талаптары
116. АБҚ жарылыс қауiпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшiн технологиялық регламенттiң талаптарына сәйкес қондырғылардың технологиялық ағындарында жарылыс қауіпті қоспалардың (ацетилен және тағы басқа көмiрсутектер, күкiрт көмiртек, май және тағы басқалар) болуына аналитикалық бақылау жүргізіледі.

117. Сұйық оттегiде жарылыс қауіпті қоспалардың шоғырлануы технологиялық үдерiстiң әр түрлi кезеңдерi үшiн АБҚ өңдеушiмен белгіленген шектерден аспайды.

118. Сұйық оттекті немесе сұйық ауаны талдау үшін таңдау арнайы үлгi жинағыштар немесе жеңiл қақпағы бар немесе тар қылталы металл криогендi ыдыстарда технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Бұл ыдыстарды басқа мақсатта қолдануға рұқсат берiлмейдi.

119. АБҚ жарылыс қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн бақылау және автоматика жүйесi құйылатын сұйық криогендi өнiмнiң санына тұрақты бақылауды қамтамасыз етедi.

120. Жұмыс iстейтiн жабдықтың щиттері мен басқару пульттерiн оларды жөндеу және тексеру үшін сөндіру өндiрiстiң жетекшiсі бекiткен шектелген уақытта, кесте бойынша жүргізіледі.

Төменгi және жоғарғы бағаналарды, дабыл бергіш манометрлер мен термометрлер, дифманометрлер мен газоанализаторлар оларда орнатылған реттегiштермен және тiзiмi ұйымның техникалық жетекшiсiмен бекітілген басқа аспаптарды жөндеу олардың аспаптарын алмастыратын басқаларды орнату шартында жүргізіледі.

121. Өзi жазатын аспаптардың мәлiметтері кемiнде үш ай, ал технологиялық журналдар – қондырғыны күрделі жөндеуге дейiн сақталады.

122. Жұмыс iстейтiн АБҚ жөндеуге немесе тексеруге арматураны электр қозғағыштарын ажырату тәртiбі технологиялық регламентпен анықталады.

Турбодетандерлерге ауа беру (азотты), АБҚ ауа беру, өнімдік оттектер мен азот беру, азотты-сумен салқындату арматурасы және реттейтiн клапандардың арматурасының электр қозғағыштары, тек қана жетекті алмастырумен жөнделеді.

Арматураның пневможетектерi қол қосалқысы бар арматурада мембранды атқарғыш механизмдерден (МАМ) басқа тек тоқтаған уақытта жөндеуге жатады.

123. АБҚ бақылау және автоматтандыру жүйесi технологиялық регламент анықталған технологиялық параметрлердiң ауытқу және орнату жүйесі мен қондырғысы жұмысының бұзылғанында жарықтық және дыбыстық сигнализацияны қамтамасыз етедi.

124. Газ сияқты азот өндiретiн ауа бөлгiш қондырғылар (станция) жобамен анықталған деңгейден асатын оттегі бар азот өнімін беруді болдырмайтын автоматты құрылғылармен жабдықталады.

125. АБҚ азотты-сумен салқындату жүйелері суды берудi ауа скрубберiнде суды беру деңгейінен асқан кезде тоқтататын автоматты құрылғылармен жабдықталады.

126. Азотты-сулы скруббердiң қыстыгүнгі жұмысына күрделі дымды көзбен бақылау кезінде алып кетуде немесе жақын ғимараттардың төбесiнде мұздың жинақталуында рұқсат етiлмейдi.

127. Азоттың барынша көп болуы мүмкін азотты-сулы скруббердiң алаңдарына кiретін жерде «Азот. Қауiптi!» жазуы бар қауiпсiздiк белгi орнатылады.
4-параграф. Ауа бөлгiш қондырғылардың қысқа мерзiмдi тоқтаулары кезіндегі қауіпсіздік талаптары
128. АБҚ қысқа мерзiмдi тоқтауы кезінде сұйық криогендi өнiмдердi аппараттардан құйып алу технологиялық регламентпен ескерiлген тәртіпте жүргізіледі.

129. АБҚ 8 сағаттан артық тоқтаған кезде сорғыштардан сұйық оттек пен көк сұйық құйылып алынады, ал сорғыштар қалпына келтiріледi.

130. АБҚ тоқтауы кезеңінде жылу алмастырғыштар аппараттардың (регенераторлар, реверстiк және реверстiк емес пластинкалы жылу алмастырғыштар және басқалар) бiр қалыпты сууы қамтамасыз етiледi.

131. Негiзгі конденсатор-буландырғыштарда номиналдыдан аз сұйық оттектiң (сұйық ауа) деңгейiнде тоқтаудан кейiн АБҚ іске қосу сұйықтың жинақталу тәртiбінде жүзеге асырылады.



5-параграф. Ауа бөлгiш құрылғыларды жылыту
132. Екі толық жылыту арасында АБҚ пайдалану ұзақтығы технологиялық регламентпен анықталады және АБҚ өңдеушілер белгілеген мерзімнен аспайды.

Жұмыс компаниясының мерзiмiн ұзарту қондырғыны өңдеушi келісiмі бойынша рұқсат етiледi.

133. Сұйық оттегi мен жылыту буланатын және жұмыс iстейтiн қондырғы технологиялық үдерiспен ескерiлген АБҚ аппараттарының үздiксiз жұмысының ұзақтығы, технологиялық регламентпен анықталған мерзiмдерден аспайды, көмiрсутектердiң сұйық оттегiндегi мазмұнына талдау нәтижелерi есепке алынады.

134. АБҚ аппараттарын жылыту аппаратурадан екi сағат бойы технологиялық регламентпен анықталған температураға дейiн шыққан ауа температурасына жеткенге дейін жүргізіледі.

135. Жылыту алдын жа жекелеген аппаратардан құйылып алынатын ауаны бөлудің сұйық криогенді өнімдерінің булануы әр қондырғыға жобамен жеке қарастырылған жылдам құю буландырғыштарында жүргізіледі.

Аз өндірісті АБҚ үшін сұйық криогендi өнiмдердi аппараттардан құю ауыстыратын криогендi ыдыстарға сұйық АБӨ булануы мен құюға арналған құрылғыда буланумен жүргізіледі.

136. Сұйық өнiмдердi құюға арналған құбырларды бiрiктiруге рұқсат берiлмейдi.

6-параграф. Ауа бөлгiш қондырғылардың техникалық құрылымы
137. АБӨ, криогендi кешендер және сұйық АБҚ сақтау жүйелерiнiң құрамына кiретiн техникалық құрылымдарды пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

138. Регенераторлардың температуралық жұмыс тәртiбi ауаны бөлу блогына көмiрсутектердiң кіру мүмкiндiгiн болдырмайды.

139. Регенераторлардың клапан қораптарында сұйық оттектiң түсуіне рұқсат берiлмейдi. Клапан қораптарындағы сұйық оттегiнiң жоқтығы бақыланады.

140. Жұмыс істейтін АБҚ генераторларды жылыту кезінде қысымды бөлу блогының суық аппараттарына жылытатын газдың ағуын болдырмау үшін жылытылатын аппараттарда қысым төменгі колоннадан аспайды.

141. АБҚ сорғыштары тек АБҚ өңдеушiмен қарастырылған сорғыштармен толтырылады. Дымқылдық және сорғыштың төгiлген массасы олар сорғышқа толтыру алдында тексеріледi.

142. Технологиялық ағындарды тиiмдi тазартуды қамтамасыз ету мақсатында технологиялық регламентке сәйкес сорғыштың кезеңді регенерациясы жүргiзiледi.

143. Сорғышты алмастыру технологиялық регламентпен белгіленген мерзiмдерде жүргізіледі. Бұдан басқа сорғышты пайдалануды оның бастапқы түсiнiң түбегейлi өзгерiсiнде, сорғыштың жоғары температуралы регенерациясының өткiзуiнен кейiн, жоғары және жойылмайтын шоғырландыруы бар сұйық оттегiнде ацетиленнiң жүйелi түрде табылуында мерзiмнен тәуелсiз ауыстырылады.

144. Көк сұйық ағынында АБҚ тек бір сорғыш болған кезде оның регенерациясы кезеңінде ауаны бөлу блогы тоқтайды. Мұндай қондырғылардың жұмысына айналма сызық арқылы рұқсат берiлмейдi.

145. Ауа бөлгiш қондырғылардың жұмысы кезінде технологиялық регламентке сәйкес конденсатор-буландырғыштардың ағындығы қамтамасыз етiледi.

146. Криптонды шоғырлану шығармайтын қондырғыларда құйылған конденсатор-буландырғыштар оттектiң құбыр iшiнде қайнауымен сұйық оттектермен үнемi жуады. Жуғаннан кейiн сұйық оттек сұйықтың бөлгiшiнен дереу алынып тасталады.

147. Жоспарлы жылыту үшін шығарылатын конденсаттарды сөндіру оның алдында орналасқан конденсаторларда алдыңғы тәуліктер ағымында ацетилин болмағанда ғана рұқсат беріледі. Шығарылатын конденсатты жылыту кезінде сұйық оттегіде ацетилиннің болуына тексеру жүргізіледі.

148. Криогендi турбодетандерлердi пайдалану аварияға қарсы қорғау жүйесiнiң реттеуiнен кейiн технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

149. Егер турбодетандерге сұйықты тастау кезінде немесе кіретін жерде газдың температурасы технологиялық регламентте көрcетiлген температурадан төмендегенде турбодетандер дереу сөндіріледі (турбодетандерге газдың берілуi тоқтатылады) және құбырөткізгіштер турбодетандерге дейін және кейін үрленеді.

Турбодетандердi іске қосуға тоқтату тудырған себептер жойылғаннан кейiн рұқсат берiледi.

150. Турбодетандердi пайдалануға изоляциялы қабықтың үдейтiн мұздануында және өнiмдiлiктi реттеу тетiгінiң келтiрілуiнде рұқсат берiлмейдi.

15. Турбодетандердiң мотор-генераторын электр қоректенуден ажырату тек жабулы кесiнгiш клапандарда және турбодетандерге газ берудiң құбыржолдарындағы бекіту арматурасында жүргізіледі.

152. Жұмыс iстейтiн турбодетандердiң мотор-генераторында кернеу кенет жоғалғанда турбодетандерге газдың берілуi дереу тоқтатылады.

153. Сұйық АБӨ поршеньді және ортадан тепкiш сорғыштарының жұмысы кезінде, шығарылатын штуцерлердегі орындардан басқа сорғыштың тiрек жақтауының мұздауына рұқсат берiлмейдi.

154. Тұрақты және динамикалық тығыздағыштар және сорғыштардың сальниктерiнiң мұздауы пайда болуында газдың өткізілуі азайту бойынша шаралар қабылданады және сорғыштар орналасқан үй-жайларда ауада оттектiң болуына талдау жасалады. Егер оттектiң көлемдi еншiсi 23 %-ға дейiн көтерiлсе немесе 19 %-ға дейiн азайса, (азотты және аргондық сорғыштар үшiн) сорғышты жөндеуге тоқтату қажет.

155. Ауаны кешендi тазарту блоктарын пайдалану кезінде ауаны тазарту процессі мен регенерацияның температуралық тәртiбi және технологиялық регламентпен ескерiлген сорғыштардың сууының жұмыс параметрлерiнiң орындалуы қамтамасыз етiледi.

156. Ауаны кешендi тазарту блоктарындағы сорғыштың күйiн тексеру (оның жұмысқа қабiлеттiлiгi сақталу шартында) технологиялық регламентпен анықталған мерзiмдерде жүргізіледі.

Көрсетілген сорғыштың күйiн тексеруде, аппаратқа тазартылатын ауаның кiруiн тексеруде сорғыш қабаттын тескеруді қосады. Қажеттілігі болғанда сорғышты қайта себу және себелеу жүргізіледі.

Егер сорғыш майланып қалған болса, басқасына алмастырылады.

Егер регенерацияның қалыпты тәртiбi мен тазарту процесiнің жұмыс параметрлерiнiң орындалуында көмiртектiң екi тотығының мүмкiн нормалардан жоғарлауы байқалса, сорғышты алмастыру дереу жүргізіледі.

157. Сорғыштың күйi адсорбциондық блоктердегi кептiрулерде кемінде жылына бiр рет тексеріледi.

Егер сорғыш майланған немесе сарғайған болса оны алмастыру қажет. Компрессордың кез келген сатысында ауаны қысу температурасы қондырғыларды 433 К (160 °С) жоғары болса, кептіру блогында сорғышты алмастыру технологиялық регламентке сәйкес жылына екі рет жүргізіледі.

158. Поршенді детандерден шыққан ауаны майдан тазарту технологиялық регламентке сәйкес детандерлі сүзгілерде жүргізіледі.

159. Поршенді компрессорлардың май және дым бөлгіштерінде автоматты үрлеу болмаған кезде, оны үрлеу әрбір 30 минут сайын жүргізіледі.



6-тарау. Компрессорлар
160. Қайта өңделетiн ауаны мен АБӨ қысу арналған компрессорлар жобаға және осы Талаптарға сәйкес келедi.

161. Компрессорлар мен газ үрлегiштерге жұмыс кезінде де айналдыру кезінде де берілетін оттекті компрессорлардың өрт сөндiруге арналған азотында (ауада) ауа мен АБӨ қоспалардың болуы компрессорлық жабдықтың өңдеушi қойған нормативтiк мәндерiнен аспайды.

Компрессорлар мен газ үрлегiштерге түсетiн оттектегi май 0,02 мг/м3 аспайды.

162. Турбокомпрессорларды пайдалану кезінде компримирлейтiн газдың маймен ластануы болдырылмайды.

163. Цилиндрдің майлануынсыз жұмыс істейтін орталықтандырылған осьтер мен поршенді ауа компрессорларына қысылуға түсетін ауаны тазалау кезінде ауа сүзгілерінде майды қолдануға рұқсат берілмейді.

164. Поршень оттек компрессорларының цилиндрлерін майлау үшін зауыт жүйесінің бумен жабдықтауынан алынатын жұмсарған су мен конденсаттар қолдануға рұқсат берiлмейдi. Бұл мақсат үшiн ауыз су сапасынан алынған дистиллят қолданылады.

165. Бөлiнуге және АБӨ қысуына ауа беру үшін поршеньді бескрейцкопфты компрессорларды қолдануға рұқсат берiлмейдi.

166. АБҚ ауа беретін компрессорлардың поршенді тобын майлау үшiн компрессорларды өңдеушi ұсынған май қолданылады.

167. Май компрессорларының поршенді тобын майлау үшін май және дым бөлгіштерден алынған майды қолдануға рұқсат берілмейді.

168. Май тазалағыш сальниктердің жұмысы бақыланады. Машина майының цилиндрге түсуіне жол берілмейді.

169. Клапан қораптары мен поршенді компрессор құбыржолдарында күйiктiң болуына рұқсат берiлмейдi. Күйікті тексеру мен жою технологиялық регламентпен бекітілген мерзімдерде жүргізіледі.

170. Тоңазытқыштардың су беттері мен компрессорлардың цилиндрлерінің сырттарын қақтардан тазарту (қайнау және тағы басқа) әдiстері мен мерзiмдерi өңдеушiнiң талаптарын есепке алумен технологиялық регламентпен анықталады.

171. Компрессорлар мен аппараттарды үрлеу коллекторларының конструкциясы коллектор қосылған компрессордың баспалдақтарының және кез келген қосылған аппараттың коллекторындағы есептi қысымынан артық қысымды жасау мүмкiндiгін болдырмайды. Майдан тазартусыз компрессорлардың үрлеулерiн атмосфераға тастауға рұқсат етiлмейдi.

172. Сiлтiлiк тазартуы бар ауада жұмыс iстейтiн компрессорларды iске қосу тек қана технологиялық регламентпен ескерiлген сiлтiлiк тазартудың айырылған аппараттары және ашық байпас тәртібінде жүргізіледі.

173. Көмiртектi болаттан жасалған 250,0 м артық ұзындықпен оттекті құбырда оның сору коллекторына қосылуы алдында оттек компрессорлары таттануға тұрақты болаттан жасалған 1,0 х 01, мм өлшемді ұяшықты тордан сүзгiш элементi бар ауыстырып қосатын сүзгiлермен бекiтiледi.

Ортадан тепкiш оттек компрессорының сiңетiн түтiгiнiң алдында тiкелей 0,2 х 20, мм ұяшықты өлшемi бар жез тордан сүзгiш элементтерi бар сүзгi орнатады.

174. Кейiн камера кiру жұмыс уақытында ортадан тепкiш компрессор және ауа сүзгiштің жұмыс істеуі кезінде қызмет көрсетушi персоналдың үй-жай камерасына (таза ауа камерасы) ауа сүзгiштен кейін рұқсат етiлмейдi.

Жұмыс iстейтiн сүзгi мен компрессор кезінде сүзгiнiң алдында камерадағы жұмыстар кемiнде екi адамнан тұратын бригадамен орындалады.

Ауаның жүрiсi бойынша сүзгi алдында және кейiн орналасқан камералар камераға кiруді тоқтататын қауiпсiздiк белгілерімен жабылады және жабдықталады.

175. Помпалауға қарсы құрылғылармен реттелетін немесе сөндірілетін сыртқа тебуші, осьті сыртқа тебуші және осьті компрессорлардың жұмысына рұқсат берілмейді.

176. Ортадан тепкiш оттек компрессорларының жұмысын іске қосу, басқару және бақылау жеке бөлмеден қашықтан жүргізіледі. Машина залдарында компрессордың авариялық тоқтауының қосымша батырмасы бар қалқан ескерiледi.

Ортадан тепкiш оттек компрессорының май багының орналасуында компрессор iргетасы шектерiндегi немесе олармен қатар бактегi майдың деңгейiн бақылау және майды толықтыру бойынша операциялармен басқару дистанциялық жүргізіледі. Компрессордың iргесiне майдың тиюiне рұқсат етiлмейдi.

177. Айдаудың екi коллекторына оттектi компрессорды қосу кезінде әрбір коллекторға қосу, оттектің бір коллектордан екіншісіне ағуын болдырмайтын жеке кеpi клапан бойынша жүргізіледі.

178. Оттектi айдаудың бiр коллекторына екi не одан көп ортадан тепкiш компрессордың немесе екi және көп поршенді компрессорлардың (жеке өнiмдiлiктің 2000 м3/с артық) және оттектi айдау құбырындағы оттек қысымының 1,6 МПа артық жұмыс iстеген кезінде әр компрессордан кейін компрессорды коллектордан ажыратуға арналған электр қозғағышты қашықтан басқару мен атмосфераға оттектiң лақтырылуына кеpi клапан және бекіту органдарын (ажыратылатын арматураны) орнатылады.

179. Оттек және азотты ортадан тепкiш компрессорларды автоматты қорғаудың жүйесi ортадан тепкiш компрессорларға қойылатын талаптарға сәйкес болады. Бұдан басқа айдау қысымы 0,6 МПа артық оттекті ортадан тепкiш компрессорларда мыналар қарастырылады:

өрт сөндiруге оттектi беруді және азотты (ауа) беруді тоқтатумен жануда компрессорды автоматты қорғау;

лабиринтті нығыздалуға берiлетiн газдың қысымы төмендегенде компрессорды автоматты тоқтату.

180. Азотты компрессорларды газгольдерлерсiз АБҚ қосу азотты таңдауды өнімділік азотта оттектiң берілуін қамтамасыз ететiн азотты іріктеудің үлкеюін болдырмайтын автоматты құрылғылар мен бұғаттаулар бар болған кезде ғана рұқсат беріледі.

181. Компрессорларда немесе тұтынушыларға (коллектордан кейiн) азотты беру сызықтарында бұғаттау жүйесі бар автоматты газоанализаторлар бекiтiледi бiтеулердi компрессорларда немесе оттектiң жоба ескерiлген мүмкiн мән артық мазмұны бар тұтынушыларына азотты түсу шығаратын жүйесi бар.

182. Компрессорларға (газ үрлегiштер) немесе тұтынушыларға (егер ауаны оттекпен араластыру оларды компрессорларда және газ үрлегiштерде қысқаннан кейiн жүргізіледі) оттекпен байытылған ауаны беру кезінде және оттегiнiң белгіленгеннен жоғарылаған кезде беруiн тоқтату оттектiң болу мазмұнын автоматты сүйемелдеу жүйесі қарастырылады.

183. 0,6 МПа айдайтын қысыммен әрбiр ортадан тепкiш оттек компрессорында компрессордың шытырман нығыздалуынан шығатын газды талдауға арналған сынамалар алуды жүргізуге мүмкiндiк беретiн тұрақты құрылымдар ескерiледi. Бұл ретте қызмет көрсетушi персонал қорғайтын экран артында болады.

184. Компрессорлардың сiңетiн коммуникацияларында 0,5 КПа (50 мм су) төмен сығушы АБӨ қысымның түсуiне рұқсат берiлмейдi. Қысым 0,5 КПа төмен түскен кезде компрессорлар автоматты ажыратылады.

185. Ортадан тепкiш оттекті компрессорды іске қосу алдында компрессордың май багын құрғақ азотпен үрлейдi (құрғақ ауамен).

Әрбiр ортадан тепкiш компрессорды май багынан майдың буларын шығару жеке құбырлар бойынша жүргізіледі. Май буларын шығару құбырының төменгi нүктесiнде майдың конденсацияланған буларын құюға арналған құрғату құрылымын орнату ескерiледi. Құрғату құбырларын бiрiктiруге рұқсат етiлмейдi.

Ауа компрессорларына және желдету жүйесіне соруға түсетін май буларын ауаға лақтыру орындарын орналастыру бұл булардың ауаға түсуін болдырмайды.

186. Компрессорларды жаттықтыру кезінде соратын сызыққа оттектiң түсу мүмкiндiгi болдырылмайды.

________________

Бұл жерде және бұдан әрі артық қысым көрсетіледі

187. Мұздатқыш суды берудi тоқтатқандықтан сөндірілген компрессорды (газ үрлегiш) іске қосу ол суығаннан және суды берудi қайта басталғаннан кейiн жүргізіледі.

188. Оттекті, азотты және аргонды компрессорлардың ағынды бөлiктерiнде жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында компрессорларды сору және айдау коллекторларынан басқа газ коммуникацияларынан бітеуішпен сөндіреді және технологиялық регламентке сәйкес үрлейдi.



7-тарау. Ауаны бөлудiң сұйық өнiмдерiнiң жабдықтары мен коммуникациялары
189. Сұйық (криогендi) АБӨ-ды сақтау, газификациясы және тасымалдау осы өнімге арналған (ыдыстар, аппараттар, цистерналар және басқалар) техникалық құрылымдарда жүргізіледі. Ауаны бөлудiң бiр өнiмiмен жұмысқа қолданған жабдық басқа өнiммен жұмысқа тек жабдықты өңдеушінің келісімімен және осы Талаптың 75-тармағының талаптары сақталған кезде рұқсат етiледi.

190. Тұрақты қоймалар мен сұйық АБӨ-тың көлiк ыдыстарының (цистерналар) сырттарына сақталатын өнiмнiң аты және айырмашылық жолақтары жазылады.

191. Сұйық криогендi АБӨ толтырылған барлық ыдыстар толтыру деңгейiн нұсқағыштарымен жабдықталады. Деңгейдi нұсқағыштар шкалалары ыдысқа құйылатын өнiмге сәйкес келедi.

192. Қызмет көрсету аймақ болатын төмен температуралы жабдықтар және коммуникациялардың суық бөлiмшелерi изоляцияланады немесе қоршалады.

193. Сұйық АБӨ-ға арналған көлiк ыдыстары олар гаражда болған барлық уақытта гараждың төбесiнен 2,0 м жоғары шығарылған лақтыру құбырларына қосылады. Әрбiр ыдысқа жеке лақтыру ескерiледi.

194. Екi ажыратылатын орган iшiнде жасалған сұйық АБӨ-дың құбырөткізгіштерінің бөлiктерi қысымның асып кетуiнен қорғауға арналған сақтағыш құрылғылармен жабдықталады.

195. Сұйық АБӨ-ның жүйесiн құрғату коммуникациялары өнiмдердiң толық құюлуын қамтамасыз етедi.

196. Еденге немесе алаңға сұйық АБӨ авариялық төгілген кезде қызмет көрсетушi персонал қауiпсiз орынға шығарылады және осы Талаптың 77-тармағының талаптарымен сәйкес әрекет етеді, ал төгілген өнiмдер апаттарды жою жоспарына сәйкес жиналады.



8-тарау. Баллондарды толтыру, сақтау және бәсеңдеу
197. Баллондарды, бәсеңдеу рамптарын толтыру цехтарының (бөлiмшелер) және АБӨ бар баллондарды сақтау қоймаларының құрылымы жобамен және осы Талаптармен анықталады.

198. Газ сияқты АБӨ баллондарын толтыру технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

199. Баллондарды толтыру үй-жайларында ауа ортасына автоматты бақылау жүргізіледі. Баллондарды толтыру, сақтау және бәсеңдеу үй-жайларында жұмысқа ауадағы оттектің көлемді бөлігі 19 % кем және 23 % артық болған кезде рұқсат берiлмейдi.

200. Оттек баллонының шұрасы немесе құбырлар жанған жағдайда толтырғыш рампаға оттектiң берілуi жабылады (тұтынушылардан рампаны ажыратады) және атмосфераға лақтыру шұрасы ашылады.

201. Арматураны орнату түйiндерiнде қолданылатын ажырату қосылғыштары төсем және тығыздағыш материалдар жобаларға сәйкес болады. Оттек ортасында органикалық шығарылған төсем және тығыздағыш материалдарды қолдану рұқсат етiлмейдi.

202. АБӨ бар баллондарды тасымалдау контейнерлерде тік жағынан жүргізіледі. Контейнерлердi тиеу және түсiру бойынша жұмыстар механикаландырады. АБӨ бар баллондарды контейнерсiз тасымалдау осы Талаптың 285-тармағының талаптары сақталған кезде рұқсат берiледi.

Жүк көтеру құрылғылары баллондарға майдың түсуін болдырмайтын қорғаныс құрал-саймандарымен жабдықталады.

203. Толтырылған және бос баллондар контейнерлерде немесе торларда бөлек сақталады.

204. Толтырғыш және баллондарды толтыруға қысылған АБӨ беретін жабдықтарды басқару (компрессорлар, газификаторлар, АБҚ сұйық сорғыштары) жүргізілетін үй-жай арасында екi жақты байланыс қарастырылады.

9-тарау. Оттек тарататын (реттеуiш) орындар
205. Оттектiң қысымын төмендету және ұстау бойынша операциялар, оның шығынын оттекпен жабдықтау жүйелерiнде 6000 м3/с артық шығынмен және 0,6 МПа-дан 4,0 МПа-ға дейінгі қысыммен реттеу оттек тарататын (реттеуiш) орындарда (бұдан әрі - ОТО) жүргізіледі.

ОТО (бөлек тұрған ғимаратта немесе АБӨ өндiрiсiнің жеке үй-жайларында және оттектi тұтыну-цехтарында) және олардың құрылғысын орналастыру шарттары жобамен және осы Талаппен анықталады.

206. Бөлек тұрған ғимаратта орналасқан ОТО үшiн келесi шарттар сақталады:

1) кескiш және реттейтiн клапандармен әрбiр реттеу сызығын жеке шеттетiлген бөлмеде орналастыру. Реттеу сызықтардың арасындағы қабырғалар (және басқа үй-жайлармен) ойықтарсыз орындалады;

2) реттеудi сызық жайласатын әрбiр үй-жайды желдету жүйесімен жабдықтау;

3) ОТО үй-жайында оның жұмысына байланысты емес әр түрлi жабдықтар мен құрылғыларды орналастыруға рұқсат берiлмейдi;

4) реттейтiн және кескiш клапандармен және ажыратылатын электр жапқыштармен қашықтан басқарудың автоматты басқаруын ескеру;

5) ОТО басқару үй-жайының реттеу сызығы үй-жайына тiкелей өтуi (кiруі) болмауы керек. ОТО реттеу сызығы үй-жайына өту тек әрбір үй-жайдың қарама-қарсы соңдарында орналасқан сыртқы кiрулері (шығулары) арқылы жүзеге асырылады.

207. АБӨ өндiрiсінің жеке үй-жайларында және оттекті тұтыну-цехтарында орналасқан ОТО үшiн келесi шарттар сақталады:

ОТО реттеудің әрбiр сызығы автоматты жұмыс iстейтiн реттейтiн құрылымдармен жабдықталады. Қашықтан басқаруды қолдануға рұқсат етiледi;

ОТО екi кiруi (шығу) үй-жайдың қарама-қарсы соңдарында орындалады;

көршiлес ОТО үй-жайлары арасындағы қашықтық 6,0 м кем емес.

реттеу сызықтарын орналастыруға, желдетудi құрылғысына және жабдықты орналастыруға қойылатын талаптар осы тараудың 206-тармағы (1, 2, 3 тармақшалар) талаптарына сәйкес болады.

208. Реттеудiң (реттеуге дейiн және кейiн) әрбiр сызығын ажырататын жапқыштардың ернемектiк қосылыстарында реттегiш жағынан реттегіш арматураны жөндеуге сөндірген кезде орнына бекiткіш орнатылатын төсем сақиналары орнатылады.

209. Әрбiр оттек тасымалдағышта ОТО алдында 10,0 м кем және 50,0 м аспайтын қашықтықта қашықтан басқарылатын ажырататын жапқыш орнатылады.

Бұл жапқыштардың электрмен жабдықталу дәрежесі жобамен анықталады.

210. ОТО реттеудің әр сызығы артық қысым реттегiштен кейiн оттектiң температурасы 100 °С жоғарылағаны туралы сигнализацияның iске қосылуында оттектiң беруiн тоқтататын бұғаттаумен жабдықталады.

211. 1,6 МПа артық қысыммен жұмыс iстейтiн оттек тасығыштарда ОТО алдында, осы Талаптың 173-тармағының талаптарына сәйкес сүзгiлер орнатылады.

212. Сүзгiнiң алдында орнатылған ашық және жабық жапқыштар (газдың жүрiсi бойынша) сүзгiден кейiн орнатылған жабық жапқыш кезінде жүрізіледі.

213. Оттек тасығыштарды үрлеу үшін ескерiлген тұрақты айналма сызықтар (орағытулар) ОТО үй-жайларының шектерiнен тыс орналастырылады және жиналмалы түтiктері және бұқтырмалары болады.

214. ОТО техникалық құрылғыларына техникалық қызмет көрсету (қарау, тексеру, жөндеу) жобаның және жабдықтың өңдеушiсiнің талабын ескеретін және ұйымның техникалық жетекшi бекiткен кестемен қарастырылған мерзiмдерде жүргізіледі. Сонымен бiрге кемiнде жылына екi рет (қысым реттегiш, сақтағыш клапан, сүзгiлердi тазартуды бұзу тағы басқалар) жабдыққа ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

215. Кесiнгiш және сақтағыш клапандардың iске қосылуын келтiрудi тексеру екi айда бiр реттен сирек емес, олардың әрбiр тексерілуi және жөндеуінен кейiн жүргізіледі. ОТО кесетiн клапандарының болған жағдайда оларды iске қосылуын күйге келтiру қысым 15 % есептiден және температура 100 °С асқанда жүргізіледі.

Сақтағыш клапандарды күйге келтiру есептi қысымның 5 % жоғарылауында ашыла бастауында және қысымның 15 % жоғарылауында толық ашылуында жүргізіледі.

216. ОТО реттеу сызықтары үй-жайларының есiктерi жабылады. Бұл үй-жайларда қызмет көрсетушi персоналдың болуына тек жұмыс кезінде рұқсат берiледi, бұл ретте шығатын екі есiктегi құлып ашық болады.

217. Диаметрi 300 мм және одан артық құбырөткізгіштер бойымен оттектi жеке тұрған ғимаратта немесе үй-жайда орналасқан, басқа ғимаратқа жапсарлас салынған ОТО-ға жеткiзу ОТО басқару үй-жайы реттеу сызығы ғимаратынан кемiнде 15 м қашықтықта бөлектенеді.

218. ОТО автоматтандыру дәрежесі ОТО басқару үй-жайында қызмет көрсетушi персоналдың тұрақты болу қажеттiлiгін болдырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет