3 - тарау. Негізгі технологиялық жабдықты пайдалануға қойылатын талаптар
1 - параграф. Жаншығыштар
118. Жаншығыштар жұмыс істеген кезде қолдың қауіпті аймаққа түсуі кезінде жаншығыштардың апаттық тоқтатылуы үшін, біліктің екі жағынан орнатылған құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Апаттық тоқтатылу кезінде біліктердің тоқтау жолы тиелмеген жаншығыштар кезіндегі алдыңғы біліктің айналымы 1/4 аспайды.
Топтық жетекпен жаншығыштарды басқарудың электрлік сызбасында жаншығыштардың іске қосуымен блокталған, дыбыстық дабыл белгісі қарастырылады. Ол жаншығыштардың айналуының басталуына дейін қосылады.
119. Жаншығыштар мен шектелген көрсеткіштер арасындағы қуыс жең мен жұмысшының қолын іліп әкетудің алдын алу үшін 1,5 - 2 мм аспайды.
120. Топтық жетекпен жаншығыштарда бір жұмысшыға жұмыс істеуге жол берілмейді.
121. Жаншығыштарда жұмыс істеу кезінде тобық білезікте кең жеңдерді қолдануға жол берілмейді. Қолға байланған жеңдер мен қолғаптарда жұмыс істеуге жол берілмейді. Жаншығыштарда орналасқан резеңке қоспаларына ұнтақ тәрізді қоспаларды қосу демалу және көзді қорғау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
122. Жаншығыштарды резеңке қоспасымен толтыру технологиялық регламентке, дайындаушының пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
123. Жаншығыштарға қызмет көрсету алдыңғы білік жағынан жүзеге асырылады. Артқы білікте жұмыс істеу қажет болған жағдайда алдыңғы білікте жұмыс істеу кезіндегідей қауіпсіз жұмыс жағдайы жасалады: апаттық өшіргіштің болуы, жақсы жарықтандыру, жұмыс орнының жеткілікті болуы, тегіс және сырғанамайтын еден.
124. Жұмыс істемейтін жағдайдағы резеңке қоспаларын кесуге арналған қыртысты және доңғалақша пышақтар жаншығыштардың білігінің жұмыс аумағынан тыс шығарылады.
125. Жаншығыштарды резеңке қоспасымен немесе каучукпен толтыру кезінде оларды біліктердің саңылауына қолмен итермелеуге жол берілмейді.
126. Табақтық және жылыту жаншығыштарынан резеңке қоспаларын алу механикаландырылған.
127. Резеңке қоспалары «жабысқан» жағдайда, желімі қатты резеңке қоспаларын кезінде жаншығыштардың біліктерінен резеңке қоспаларын алу жаншығыштар тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
128. Бұдырланған артқы білікті жаншығыштарда жұмыс істеген кезде жұмысшы тегіс білік жағында тұрады. Жаншығыштармен ұсталмаған резенкеленген арқан бөлшектері саңылаудан жаншығыштар кері қарай қосылғаннан және кейінгі тоқтатылудан соң алынады.
2 - параграф. Каландрлар
129. Тасқынды бағыт құрамында жұмыс істеуге арналған каландрда оны жергілікті басқару нүктесінен басқару қарастырылған және каландрдың жергіліктіден автоматты режимге кенеттен ауысуы жоққа шығарылған.
130. Каландрларда олардың апаттық тоқтатылуына арналған құрылғылар қарастырылған. Бұл құрылғылар каландрлардың алдыңғы және артқы жағынан орнатылады.
Каландрды тежеу жетегінің жүйесі салмақтағы каландрды жедел тоқтатуды қамтамасыз етеді. Толтырылмаған каландрда тежелу жолы қозғалтқыш айналымының шекті санында білік айналымының 1/4 аспайды.
131. Каландрды басқару сызбасында каландрдың іске қосуын білдіретін дыбыстық дабыл белгісі қарастырылған.
132. Резенкеленген арқаудан (арқаннан) резеңке жиектерін кесу механикаландырылған.
133. Каландр желісін толтыру оған арқауды немесе арқанды түйістіру жолымен жүргізіледі.
Суыту барабандары арқылы табақ резеңкесін (арқанды) кареткаға немесе басқа да қосымша құрылғыларға толтыру каландр біліктерінің айналымының құю жылдамдығында жүргізіледі.
134. Каландрды резеңке қоспасымен қоректендіру механикаландырылған.
Каландрды резеңке қоспасымен қолмен қоректендіру кезінде жоғары біліктердің саңылауының жанында көлбеу алаң қарастырылған.
Каландр біліктерінің жоғары және төмен саңылауларына резеңке қоспасының орамын беру кесілген жерінен жүргізіледі. Резеңке қоспасын беруді жүзеге асыратын жұмысшы жең қолғапта жұмыс істейді.
135. Біліктердің саңлауында орналасқан резеңкеден бөтен заттарды алу каландр тоқтап тұрған кезде жүргізіледі.
136. Резенкеленген арқаудың (арқанның) үлгілерін қиып алуға, жұмыс істеп тұрғанда арқаудың (арқанның) бүктемелерін түзеуге, айналып тұрған механизмдерде өзге де кез келген жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
3 - параграф. Бұрамдау машиналары
137. Бұрамдау машиналарында тиейтін құйғыш жерден 1500 мм жоғарыда орналасқан жағдайда оған қызмет көрсету үшін қоршаумен және тұтас баспалдақтарымен тұрақты алаң қарастырылады.
138. Бұрамдау машиналарында тиейтін құйғыштардың құрылғылары немесе олардың құрылымы адам қолының машинаның бұрмалау білігіне түсуін жоққа шығарады.
139. Түйіршектейтін қалпақшаның қақпағы қақпақ ашылған жағдайда түйіршектеуді тоқтатуды қамтамасыз ететін одақтасуға ие.
140. Түйіршектерді кесуге арналған пышақ-түйіршектегіштің қоршауы бар.
141. Пластикатты, каучктың түйірін немесе резеңке қоспасын және шприцтелген бейнені салқындату жүйесі өндірістік бөлменің еденіне судың түсуін болдырмайды.
142. Бұрмалау машинасына 60 С жоғары қыздырылған резеңке қоспасын берген кезде жұмысшы жең қолғаптарда жұмыс істейді. Қолғаппен жұмыс істеуге жол берілмейді.
143. Бұрмалау машинасының тиейтін құйғышына резеңке қоспасын немесе каучукты итеруге немесе қолмен сүйемелдеуге жол берілмейді.
144. Түйіршектендіру және платикаторлардың тиейтін құйғыштарында жұмыс істеу кезінде кез келген операциялар жүргізуге жол берілмейді.
145. Бұрмалау машиналарының тығырығын бұрмалағыштың 150 мм және одан да көп диаметрімен кескіндейтін қалпақшаны шешу жүк көтергіш крандарын пайдалана отырып тұғырықта жүргізіледі.
4 - параграф. Қиғаш кесетін агрегаттар
146. Қиғаш кесетін агрегаттардың беретін және іріктейтін конвейерлері кез келген жерден пышақтың кареткасын тоқтатуға мүмкіндік беретін құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
147. Блоктау құрылғылары:
пышақтың қоршауы алынған кезде агрегаттың;
агрегаттың іріктеуші конвейері қозғалған кезде каретканың қозғалыс тартпасының;
каретканың ауысуы кезінде агрегаттың іріктеуші конвейерінің қозғалысының қосылу мүмкіндігін болдырмайды.
148. Агрегаттың басқару сызбасы бойынша агрегаттың іске қосылуын білдіретін дыбыс дабыл белгісі қарастырылады.
149. Кесетін механизммен кесу кезінде материалды ұстауға арналған құрылғы материалды қолмен ұстау қажеттілігін жоққа шығарады.
150. Қиғаш кесетін агрегатты жолақтың қажетті мөлшеріне дайындау пышақ жетегінің өшірілген кезінде жүргізіледі.
151. Резенкеленген арқауды (арқанды) қиғаш кесетін агрегатқа толтыру бұйым жиегінен дөңгелетіп кеңейту тартпасын үздік қосу арқылы екі жұмысшымен жүргізіледі. Агрегатты барлық кейінгі толтырулар резенкеленген арқаудың (арқанның) ұштарын түйістіру жолымен жүргізіледі.
Жұмыс істеп тұрған жетекте қиғаш кесетін агрегаттың қабылдау шығыршығына (тығырығына) төсемді салуға жол берілмейді.
152. Дөңгелек пышақ оның бағыттайтын кішкене табанның беткейімен қақтығысу мүмкіндігін жоққа шығаратындай етіп орнатылады.
153. Арқанның пішілген жолақтарын іріктеу, қайта салу және түйістіру механикаландырылған.
154. Қиғаш кесетін агрегат жұмыс істеп тұрған кезде резенкеленген арқаудың (арқанның) бетінен және пышақтың білігінен жіптерді алуға, резенкеленген бұйымға (арқанға) жабысқан төсемнен тазарту жүргізуге жол берілмейді.
5 - параграф. Тегістеп-жаю құрылғылары
155. Тегістейтін құрылғыларда жұмысшы қолының немесе оның өзінің резенкеленген арқау (арқан) немесе орамды төсеу аймағына жақындаған кезде олардың келуін автоматты түрде өшіретін, одақтасу қарастырылған.
156. 155-тармақта көрсетілген блоктаудан басқа, қиғаш кесетін машиналардың тегістеп-жаю механизмдері резенкеленген арқаудан (арқаннан) тазаланған төсемді автоматты түрде созу және таңдауды жүргізетін механизмге ие.
157. Тегістеп-жаю құрылғылары орамның олар айналған жағдайда өздігінен құлау мүмкіндігінің алдын алатын ұстағыштармен жабдықталады.
158. Резенкеленген арқауды (арқанды) тарату және ортаға келтіру үшін немесе орамға орау алдында төсеу үшін ортаға келтіретін және кеңейтетін құрылғы қарастырылған. Резенкеленген арқау (арқан) бүрмелерін жаюға және орайтын орамды қолмен төсеуге жол берілмейді.
159. Төсемді немесе резенкеленген арқауды (арқанды) тегістеу құрылғысына орналастырылған, тығырыққа толтыру тегістеу құрылғысы тоқтап тұрған кезде жүргізіледі.
160. Резенкеленген арқаудың (арқанның) орамын тығырыққа орауға және белгіленген мерзімнен жоғары төсеуге жол берілмейді.
161. Тегістеу құрылғысына орамды орнату және жаю құрылғысынан орамды алу механикаландырылған.
Орамдарды бұйымның жиегінен немесе тікелей орамның тығырығынан (шығыршығынан) жүк көтергіш механизмдерінің күршектерімен ұстау жолымен көтеру және тасымалдауға жол берілмейді.
162. Резенкеленген арқаумен (арқанмен) немесе төсеммен кареткалар тегістеу немесе жаю орындарында бекітіледі және оларды тегістеу кезінде орамдардың айналу тежегішімен қамтамасыз етіледі.
6 - параграф. Дөңгелек қаптарды құрастыруға
арналған станоктар
163. Жинау станогының іске қосу баспасы жинау даңғырасының кенеттен іске қосылуын болдырмайтын қоршауға ие.
164. Жүк дөңгелек қаптарын жинаудың автоматтандырылған ағымды желісін іске қосу троллейлер, жинау барабаны бар электр тоғымен нәрленетін арбалар орналасқан, арнаға ауа беретін желдеткіш жүйесін іске қосу арқылы блокталады.
165. Екі позициялық жинау станогын қоректендіргіш платформасы станокты шұғыл, апаттық тоқтату құрылғысына ие.
166. Ірі көлемді дөңгелек қаптарды жинауға арналған станоктарда секторлық алынатын иіндерді олардың жұмыс барысында ұшып кетпеуін қамтамасыз ететін, жинау барабанына бекітуге арналған құрылғылары бар.
167. Технологиялық құжаттамада дөңгелек қаптың әрбір түріне қорғаушыны дайындау ұзындығы мен рұқсат етілген ауытқушылықтар, оларды бақылау әдістері мен құралдары анықталады.
Қорғаушылардың ұзындығы кішкене дайындамаларды пайдалануға жол берілмейді.
168. Білезіктерден дөңгелек қаптарды жинау кезінде оларды жинау даңғырасының 1/3 ұзындығына орнату даңғыра айналымының алғашқы жылдамдығында механикалық оқтау немесе өзге де құралдың көмегімен жүзеге асырылады.
169. Жинау станоктарынан дымқыл дөңгелек қаптарды шешу жұмысшының көмегінсіз жүзеге асырылады.
7 - параграф. Вулканизациялау жабдығы
170. Автоклавтар онда қысым болған жағдайда байонетті ысырманың және қақпақтың ашылу, автоклавтың қақпағы және байонетті ысырмасы толық жабылмаған жағдайда автоклавқа жылу тасымалдағышты беру мүмкіндігін жоққа шығаратын, одақтасу құрылғыларымен жабдықталады.
171. Автоклавтарда қақпағының ашылуы алдында оларды ауамен мәжбүрлі үрлеуге арналған құрылғылары бар. Әрбір автоклав құлыппен немесе кілт - маркамен жабдықталады.
172. Вулканизациялау автоклавтарында, автоклав-тығыздағыштарда, форматор-вулканизациялау, жеке вулканизациялауда ауысымына кем дегенде 1 рет нығыздағыш төсеміне қарау жүргізіледі.
Төсемде жарықшақ болған, тұтастығы бұзылған, кертікте дұрыс орналаспаған жағдайда, вулканизациялау бұйымның термиялық ыдырауының әрбір жағдайынан соң ауысуға жатады. Төсемді ауыстыру ауысым журналында тіркеледі.
Вулканизациялау автоклавтарында, автоклав-тығыздағыштарда, форматор-вулканизациялау, жеке вулканизациялауда нығыздағыш төсемдерінде буды өткізгіш болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
173. Вулканизациялау автоклавына және автоклав-тығыздағышқа бұйымдарды тиеу, оларды түсіру механикаландырылған.
174. Вулканизациялау жабдыққа бу мен ысытылған суды беретін құбыр желілері оқшауланады. Жабдықтың, құбыр желілерінің және қоршаулардың жұмыс орындарындағы қыздырылған температурасы 45 С аспайды.
175. Вулканизациялау көлденең автоклавтар қақпағының ашылу аймағында соратын желдеткіштің жергілікті соруларына ие.
176. Тағыздағыш-формалар ауысатын рольганг немесе қабатты конвейерлер (автоклавты вулканизациялау кезінде) тығыздағыш формасының құлауын болдырмайтын беткейлік қоршауға ие.
177. Дөңгелек қаптарды вулканизациялауға арналған ашық автоклав-тығыздағыштар механикаландырылған.
178. Пісіру камерасына (адаптер) жылу тасымалдағышты жіберуге арналған бұралатын түтікте бүгілген және жаншылған жерле жоқ, төменгі жартылай нысанда нақты ұсталады және пісіру камерасына кем дегенде 15 - 20 мм кіреді.
179. Қысымда тұрған вулканизациялау автоклавының немесе автоклав-тығыздағыштың жұмысына тұрақты бақылау жасалады. Жұмыс істемейтін вулканизациялау автоклавы (автоклав-тығыздағыш) ашық ұсталады.
180. Вулканизациялау автоклавтарын, автоклав-тығыздағыштарды, жеке вулканизациялау, форматор-вулканизациялау, көп түрлі вулканизациялауды ашу оларда қысым болмаған жағдайда жүргізіледі. Осы кезде тиеу құрылғысының жанында қызмет көрсетуші персоналдың, өзге бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.
181. Бояу жағылған резеңке бұйымдары бар арбаны вулканизациялау автоклавына тиеместен бұрын аяқ киімнен еріткіш буларын алу және автоклавта жарылуға қауіпті қоспаның пайда болуының алдын алу мақсатында белгілі бір уақытқа соратын желдеткіштің астына орналастырылады.
182. Форматор-вулканизатор, жеке вулканизатор дөңгелек қаптарды вулканизациялау үшін:
пісіру камерасында, диафрагмада немесе бу камерасында қысым болған жағдайда вулканизатордың ашылуының алдын алатын, блоктау құрылғысымен;
диафрагмада немесе пісіру камерасында қысымның жоқ екендігін көрсететін жарық беру белгісімен;
траверстің шекті жоғары деңгейге жеткен кезінде әрекет ететін, жоғары жарты нысанның соңғы сөндіргішімен;
диафрагма немесе пісіру камерасының жарылуы кезінде бу камерасының қуысы арқылы жылу тасымалдағыштың тікелей лақтырылуына жол бермейтін, биіктігі 80 мм кем емес жоғары бу жарты нысанында қорғаныс күн қағарымен;
жоғары жарты нысанның бу камерасында орнатылған, сақтандырғыш қақпағымен;
жоғары жарты нысанның жабылуын жедел тоқтатуды және кейінгі реверсті қамтамасыз ететін штангалық апаттық сөндіргішпен жабдықталады. Штанга жоғары жарты нысанда болады және қорғаныс күн қағарынан төмен орналасады.
183. Құбыр желілеріндегі қозғалмалы немесе қозғалмайтын қайта тұтандырғыштары бар форматор-вулканизаторларда, жеке вулканизаторларда немесе көп нысанды вулканизаторларда диафрагмаларға түр беретін және ысытатын буды немесе қайнатылған суды беруге қорғаныс қақпақтары орнатылады.
184. Жоғары жарты нысаннан дөңгелек қаптарды алу үшін арнайы құрал қарастырылады.
185. Пісіру камералары мен диафрагмалар үшін олардың жұмыс топтамасының саны бекітіледі, кейіннен олар ауыстырылуға жатады.
186. Камераларды әзірлеудің желдеткішіне берілетін, қысылған ауаның шығатын құбыр желілерінде технологиялық регламентпен белгіленген мөлшерге дейін ауаның қысымын төмендететін редукторлар орнатылады.
187. Дайындағыштар, вулканизацияланған дөңгелек қаптар, камералар, пісіру камералар, дөңгелек қаптарда кесілген тығыздағыштар механикаландырылған.
188. Ауа форматтаушысын аяқпен іске қосуға арналған баспа форматтаушының кенеттен қосылуын болдырмайтын, қорғаныс қоршауға ие.
189. Форматор-вулканизатордан, жеке вулканизатордан дөңгелек қаптарды тиеу және алу механикаландырылған. Осы операциялар қолмен орындау, маркалаған жетондарды толтыру форматор-вулканизатор немесе жеке вулканизатор тоқтатылған және жоғары жартылай нысанның траверсі шеткі жоғары жағдайда болған жағдайда орындалады.
190. Дөңгелек қаптардың көп нысанды вулканизаторларында:
диафрагмада немесе бу камерасында қысым болған жағдайда вулканизациялау бөлімінің ашылуын болдырмайтын, блоктау құрылғысы;
диафрагмада немесе бу камерасында қысымның жоқ екендігін көрсететін жарық белгісі;
жоғары жарты нысанда орнатылған, диафрагмадан жылу тасымалдағыштың ағу индикаторы;
қайта оқтаудың екі жағында орналасқан, қайта оқтау қозғалысын тоқтату үшін штангалық апаттық сөндіргіштер (вулканизаторға қызмет көрсету алаңы жағынан және МАМ-ң тіреуі жағынан) бар.
191. Нысанды резеңкелі техникалық бұйымдарды вулканизациялау автоматты және жартылай автоматты қондырғыларда немесе қораптаған тығыздағыш нысандарымен, қайта оқтаумен жабдықталған тығыздағыштарда жүзеге асырылады. Осы мақсаттарға алынатын тығыздағыш нысандары бар тығыздағыштарды қолдану кезінде олар тығыздағыш нысандарын қайта блоктауға арналған көтергіш столдарымен қамтамасыз етіледі.
192. Құятын агрегаттарда инжекторлы аппараттың нысанмен түйісу аймағы агрегаттың іске қосу жүйесімен одақтасқан қоршау бар.
193. Вулканизациялау тығыздағыштарына қызмет көрсетуге арналған төсеулерді құру кезінде олар тұрақты және сырғанауды болдырмайтын беткейге ие.
194. Вулканизациялау және құятын тығыздағыштардың құрылысында қорғаныс перделері болған жағдайда, оларда перде ашық болған жағдайда тығыздағыш тақталарының түйісуін болдырмайтын, блоктау бар.
195. Екі жақты қызмет көрсететін вулканизациялау тығыздағыштары қорғаныс перделері болмаған кезде, қызмет көрсетудің екі жағынан тығыздағышпен басқару сызбасына импульсті беру кезінде ғана тақтаның түйісуіне жол беретін одақтасумен қамтамасыз етіледі.
196. Вулканизациялау тығыздағыштарды оларда тығыздағыштың жабу элементтері алынған жағдайда буды, майды және қысылған ауаны өткізгіштер болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
197. Тығыздағыш формаларының құлауының алдын алу мақсатында тығыздағышты қайта зарядтауға арналған көтергіш столдары тығыздаушы адамның жұмыс орны жағынан 20 мм кем емес беткейлермен қамтамасыз етіледі.
198. Тақталардың түйісуі кезінде тығыздаушы тақталарындағы тығыздағыш формаларының кез келген ауысуына жол берілмейді.
199. Дайын өнімді түсіру, құятын нысанды алу, құю тығыздағышының тығыздағыш формасынан тығыздалғанды алу тығыздағыш формалар толығымен өшірілген және ашылған кезде жүргізіледі.
200. Аз толтырылған эбонитті қоспалардан бұйымдарды вулканизациялау учаскесі күкірт сутегісінің бар-жоғына, іске қосылған кезде дыбыстық және жарық белгісі берілетін, дабыл беру жүйесімен жабдықталған, оқшауланған бөлмеде орналасады. Бұл бөлмеде істейтін жұмысшылар күкірт сутегісінен қорғайтын, сүзетін газға қарсы құралмен қамтамасыз етіледі.
201. Аз толтырылған эбониттен бұйымдарды вулканизациялау үрдісін басқару вулканизацияланған автоклавтардан оқшауланған бөлмеде орналасқан, басқару нүктесінен жүзеге асырылады.
202. Аз толтырылған эбониттік бұйымдарды вулканизациялау учаскесін басқару нүктесінде автоклавтағы жұмыс қысымы рұқсат етілген мөлшерден 10 % және температурасы «шектіден» жоғары болған кездегі дабыл белгісі және вулканизациялау үрдісін автоматты түрде тоқтату қарастырылған.
203. Аз толтырылған эбонитті бұйымдарды вулканизациялау автоклавтарының қорғаушы қақпақтарының өткізгіш қасиеті эбониттік термикалық ыдырауы кезінде қалыптасатын газдардың лақтырылуын қамтамасыз етеді.
204. Эбонит бұйымдарын вулканизациялау автоклавтарында орнатылған қорғаушы қақпақтары тоқсанына кемінде бір реттен, олардың белгіленген қысымын қабырғада тексере отырып, қараудан өтеді.
205. Эбонит бұйымдарын вулканизациялау автоклавтарының қорғаушы қақпақтарынан тастауларды қауіпсіз жерге жүргізу қарастырылған.
Эбониттік бұйымдардың термиялық ыдырауы (жануы) кезінде бұйымдарды қыздыру тоқтатылады және салқындатылуы қамтамасыз етіледі.
206. Тұздардың балқымасындағы ұзын өлшемді резеңкелі техникалық бұйымдарды вулканизациялау тұзды ваннада кристалдандыру кезінде конвейердің қосылуына жол бермейтін қорғанысқа ие.
207. Вулканизациялау тұздарын балқытуға арналған ванна үнемі жабық болады.
208. Вулканизациялау ваннасына толтырылатын тұз құрғақ. Тұзды толтыру және оның балқымасының бетінен қожды алу кезінде бетті қорғау үшін қорғайтын түссіз экран пайдаланылады және жеңді қолғапта жұмыс істеу қажет.
209. Тұзды балқымасы бар ваннаға органикалық заттарды түсіруге және алюминий мен магний балқымаларынан жасалған жабдықты пайдалануға жол берілмейді.
210. Тұз балқымасының бетінен қожды оның жануының алдын алу үшін жиналуына қарай, бірақ ауысымына кемінде 2 реттен алу қажет.
211. Латексті бұйымдарға арналған туннельді вулканизациялаудың тығыздағыш формалары арбаларға бекітіледі.
212. Туннельдік вулканизациялаудың арбаларына орнатылған тығыздағыш формаларын ашу және жабу механикаландырылған.
Тығыздағыш формаларын қолмен ашқан және жапқан кезде оның жоғарғы бөлігі ашық түрінде бекітіледі.
4 - тарау. Технологиялық үрдістерге қойылатын қауіпсіздік талаптар
1 - параграф. Шикізатты әзірлеу. Резеңке қоспаларын даярлау
213. Күкіртті тарту және илеу бөлмелеріндегі жабдықтар мен көлік жүйелерінде күкірт шаңының ауамен қоспасында жарылуға қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын шаралар қарастырылады.
214. Шашылатын материалдарға арналған шығыс бункерлері:
шашылатын материалдарды механикаландырылған түрде беру кезінде шекті жоғары деңгейді көрсететін дабыл белгілерімен;
жинақты ыдыратушы немесе өзге де шашылатын материалдың ілінуін болдырмайтын құралдармен жабдықталады.
Бункерлердің тиейтін құйғыштарында аспирациялық жасырулар бар.
215. Күкіртке, керогенге және эбонит шаңына арналған бункерлерде материалда статтық электр зарядының жиналуын болдырмайтын құрылғы бар.
216. Себуші, құрғатушы, нәрлендіруші қабылдау бункерлері бұраманың және қозғалмалы бөліктердің аймағына қолдың түсу мүмкіндігін болдырмайды.
217. Материалдарды резеңке араластырғыштарға бөліп өлшеу және ішімге бөлу автоматты түрде немесе жартылай автоматты түрде жүргізіледі.
218. Кесу үшін каучук бумасы мен кесектерін және бей кристалдандыру үшін кесілген каучукты тасымалдау және резеңке қоспаларын әзірлеу механикаландырылған.
Каучукты кесу екі қолдың да пышақтың іске қосу құрылғысында жұмыс істеуі, немесе кесу аймағында оған жұмысшының қолының түсуін болдырмайтындай қоршау, және қоршау ашық болған кезде пышақтың іске қосылуын болдырмайтын блоктау болған кезде жүзеге асырылады.
219. Табиғи каучукты бей кристалдандыруға арналған камера өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады және іске қосу алдында бұзылған каучуктан және өзге де жанатын материалдардан босатылады.
220. Сұйық жұмсартқыштарға арналған ыдыстар шекті рұқсат етілген жоғары деңгейін көрсететін дабыл белгілерімен жабдықталады.
221. Сұйық жұмсартқыштары бар құбыр желілері мен ыдыстар оқшауланады және олардың қабырғасының температурасын жұмсартқыштардың балқу температурасынан төмен емес мөлшерде ұстайтын жылытқышқа ие. Оқшаулауды жанбайтын кеуекті емес материалдан орындайды.
222. Фактисті дайындау кезінде өнімдердің тысқа тасталуының алдын алу мақсатында, шекті рұқсат етілген температураға жеткен кезде автоматты түрде өшіру арқылы, қазандықтағы температураға үзіліссіз бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Жұмысшыларда күкірт сутегісінен қорғауды қамтамасыз ететін, сүзетін газға қарсы құралдар бар.
223. Резеңке қоспалауышта резеңке қоспаларын әзірлеудің автоматты үрдісін басқару орталықтандырылған және оқшауланған бөлмеден жүзеге асырылады.
224. Резеңке қоспалауышты іске қосу алдында төменгі және жоғарғы жапқыштардың дұрыстығы және жабылу тығыздығы, резеңке қоспалауыштың апаттық тоқтатылуына арналған өшіргіштің жұмысқа қабілеттілігі, араластыру температурасының уақыты бойынша бақылау және жазба құралдары, резеңке қоспалаушы машинисі мен жаныштап үгуші арасындағы дабыл белгісі тексеріледі.
225. Резеңке қоспалаушының жоғары жапқышында резеңке қоспалаушыны жөндеу және тазалау кезінде жапқышты ашық күйінде ұстап тұруын қамтамасыз ететін, қорғаныс құралдары бар.
226. Резеңке қоспасының құрамында аз мөлшерде пайдаланатын материалдар резеңке қоспалаушыға паста түрінде немесе полиэтиленді пакеттерден салынады.
227. Резеңке қоспалаушыда температура техникалық регламентпен қарастырылған рұқсат етілген мөлшерден асқан жағдайда ығысу тоқтатылады.
Резеңке қоспасының өртенуі мүмкін болған жағдайда оны сөндіру үшін резеңке қоспалаушы камерасында көлемі 100 л көп өрт сөндірудің локальды жүйесі қарастырылады.
228. Резеңке қоспалаушыдан резеңке қоспасын жаншығышқа немесе іріктеу конвейеріне тиеу, оны жаншығыштан кесу, салқындату үрдісі, резеңкені құрғату мен орнату механикаландырылған.
Төменгі жапқыштың көрсеткішін тазалау кезінде резеңке қоспалаушы тоқтатылады, резеңке қоспалаушының жапқышын ашу жүйесіне ауаны беру өшіріледі.
Резеңке қоспалаушыдан резеңке қоспасын жаншығышқа түсіру алдында жаныштап үгушіге жарық белгісі беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |