1.4 Көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімнің әсерін анықтайтын технологиялық үрдіс
Өндірістік ғимараттар, технологиялық үрдістердің ерекшеліктерін және жұмыс істейтін адамдарға еңбектің қолайлы жағдайын тудыруды ескере отырып жобаланады. Сол саланың инженер-технологымен жасалған жобаның технологиялық бөлімі төмендегілерден тұру қажет:
технологиялық қондырғылардың орналасу жоспары (өтетін жерлерді, жинақтау бөліктерін көрсете отырып);
стационарлық қондырғының габариттік биіктігі; цех ішілік көлік туралы мәліметтер (түрі, жүк көтергіштігі, өлшемдері және т.б.;
ішкі микроклимат көресткіштері (ауаның температурасы және ылғалдығы, оның тазалық дәрежесі және басқалар);
өндірістің өрттік қауіптілігі дәрежесі бойынша категориясы (А, Б, В, Г, Д);
цехтағы жұмысшылар саны.
Технологиялық бөлім, өнеркәсіптік ғимарат жобасының құрылыс бөлігін жасауда негіз болып табылады.
Осылайша, технологиялық үрдіс ғимараттың сәулеттік-құрылыс шешімін, оның санитарлы-техникалық және инженерлік жабдықталуын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Жобаның құрылыс бөлімі, өндірістік ғимарат, жоспарлау икемділігіне ие болатындай етіп жасалады, яғни технологиялық үрдістер өзгерісіне бейім болу қажет.
Тек технологтармен құрылысшылардың шығармашылық достығында ғана өндірістік ғимараттардың жобалары өндіріс үрдісі талаптарына, санитарлы-техникалық мөлшерлерге сай және тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерге ие болады.
а – бірарқалықты, крансыз; б – теңаралықты, кранды; в – әркелкі аралықты, кранды; 1 – монорельс; 2- көпірлі кран; 3- аспалы кран; 4 – зенитті шам; 5 – байлағыш
Сурет 2 - Бір қабатты өнеркәсіптік ғимарат
а) электрлі жүк көтергіш (таль); б) аспалы-бұрылмалы кран; 1 – жүктік шығыр; 2 - монорельс; аспа, ілме; 4 – басқару пульті; 5 – кран жебесі; 6 – бұрылмалы шарнир; 7 – қос таврлы көтергіш арқалық; в) автокар; г) автотиегіш; д) таспалы тасымалдауыш; е) мосы (козловый) кран; ж) вагон; з) рольганг; 1 - құбыр
Сурет 3 - Өндірістік ғимараттардың едендегі қондырғылары
Достарыңызбен бөлісу: |