Өнеркәсіптік өндіріс



Дата07.07.2016
өлшемі46.45 Kb.
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Өнеркәсіптік өндіріс

2007 жылғы қантар-наурыз айларында Өскемен қаласында ұйымдаспаған экономикалық қызметпен айналысатын қаржыландырылмаған корпорация бөліміндегі ірі және орташа кәсіпорындар, құрамында 1-ден 50-ге дейінгі жұмыскерлері бар кәсіпорындар, қосалқы шаруашылықтар, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық құрылымдары, ұйымдаспаған экономикалық қызмет құны 58635,9 млн. теңге болатын өнім өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі (салыстырмалы бағамен) 200 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы деңгейге қатысты 105%-ды, 2006 жылғы наурызнға – 109,3%-ды, 2007 жылғы ақпанға қатысты 119,7%-ды құрады.



Негізгі капиталға инвестиция

2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында есеп берген кәсіпорындар бойынша 9708,8 млн. теңгенің инвестициясы игерілді, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2 есе артық. Инвестицияның көп бөлігі машиналара, құрал-жабдықтар сатып алуға (56,4%-ы), сонымен қатар құрылысқа, ғимараттарды күрделі жөндеуге (43%), қолданылды.



Ауыл шаруашылығы

2007 жылғы 1 сәуірде Өскемен қаласында мал шаруашылығының өнімдерін өндірумен 4 ауылшаруашылық құрылымы, 30 шаруа қожалығы және мал ұстайтын 3,6 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысты. 2006 жылғы қаңтар- наурыз айларында шаруашылықтың барлық санаттарында тірі салмақта 336,7 тонна мал еті мен құс еті союға өткізілді, бұл 2006 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға артық. 1290 тонна сиыр сүті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейдің 88,4%), 506 мың дана жұмыртқа (109,3%) өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімін негізінен уй шаруашылығы өндіруде. Олар еттің 78%-ын, сүттің 87,6 %-ын, жұмыртқаның 97,8%-ын өндірді.


Барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың өнім бергіштігі: 1 бас сауынды сиырға шаққанда сүттің орташа мөлшері – 485кг. (2006 жылғы қаңтар-наурызға қатысты 110,2%), 1 мекиеннен алынатын жұмыртқаның орташа мөлшері – 27 дана (100%).
2007 жылғы 1 сәуірде, 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда шошқа - 364 басқа (3,7%-ға) артты. Сонымен бірге мүйізді ірі қара 2134 басқа (24,4%), сиыр 683 басқа (20,1%), қой мен ешкі 157 басқа (2,8%), жылқы 119 басқа (15,7%) азайды.
2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлық санатты шаруашылықтарда әр 100 басқа шаққанда барлығы 37 бас бұзау (2006 жылғы осы кезеңінде 90,2%), 179 бас шошқа (71,9%), 41 бас қозы мен лақ (97,6%), 24 бас құлын (104,3%) алынды.
2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлығы 1600 бас бұзау (2006 жылғы осы кезеңде 84,7%), 1854 бас шошқа (72,5%), 1279 бас қозы мен лақ (108,4%), 55 бас құлын (82,1%) алынды.
2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлық санатты шаруашылықтарда 39 бас шошқа, 10 бас қозы мен лақ, 5 бас жылқы, 3 бас мүйізді ірі қара өлді.

Көлік

2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында қаланың көлік кәсіпорындары 446,6 мың. тонна жүк тасыды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда жүк тасымалының көлемі 52,5%-ға артық болды. 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында барлық бағыттағы жүк айналымы 21,3 млн. тонна-шақырым болды.


2007 жылғы қаңтар-наурызда Өскемен қаласының көлік кәсіпорындары 15628,5 мың жо-лаушы тасыды., бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8%-ға артық. 2006 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда жолаушы тасымалының көлемі 5,1%-ға артық болып, 156,7 млн. жолаушы - шақырымды құрады.

Сауда және басқа қызмет көрсету

Жедел деректерге қарағанда 2007 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауда тауар айналымы барлық арна түрлері бойынша (қоғамдық тамақтану қызметін қоспағанда) 19770,5 млн. теңгені құрады, соның ішінде жеке тұлғалар 11747,8 млн. теіңгенің тұтыну тауарларын (тауар ай-налымының жалпы көлемінің 59,4%), ресми тіркелген кәсіпорындар 8022,7 млн. теңгенің (40,6%) тауарын сатты.


Қаланың көтерме сауда кәсіпорындары 2007 жылғы қаңтар-наурыз айларында 45321,8 млн. теңгенің тауарын сатты. Сыйақы немесе келісімшарт негізінде (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме сауда тауар айналымы 55,2 млн. теңгені құрады.
2007 жылғы қаңтар-наурыз желтоқсан айларында көрсетілген сауда қызметінің көлемі 465,4 млн. теңге болды.

Бағалар мен тарифтер индексі

2007 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімін шығарушы кәсіпорындардың баға индексі, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетуді есепке ала отырғанда, Өскемен қаласы бойынша 2006 жылғы нау-рызға қатысты 109,1%-ды, 2007 жылғы ақпанға қатысты 100,3%-ды құрады.


Азық-түлік тауарларының бағасы 2007 жылғы наурызда облыс бойынша 2006 жылғы наурызға қатысты 5,6%-ға, 2007 жылғы ақпанға қатысты 0,5 %-ға өсті.
Облыс бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобының баға индексі, 2006 жылғы нау-рызға қатысты 106,3%-ды, 2007 жылғы ақпанға қатысты 100,4%-ды құрады.
Облыс бойынша тұрғындар үшін қызмет көрсетудің баға және тарифтер индексі 2006 жылғы нау-рыз айында 2006 жылғы наурызға қатысты 118,3-% ды, 2007 жылғы ақпанға қатысты 99,8% -ды құрады.

Еңбек нарығы

Филиалдарды қосқанда ірі және орташа кәсіпорындарда , сондай-ақ жұмысшы санына қарамастан барлық денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктердегі жұмысшылардың тізімдік саны Өскемен қаласы бойынша 2007 жылғы қаңтар-ақпан айларында орта есеппен 110066 адам болды. 2007 жылғы 1 сәуірде Өскемен қалалық еңбекпен қамту қызметіне 1502 адам өтініш жасапты (2006 жылғы сәйкес кезеңге қатысты 103,7%), 1162 адам жұмысқа орналасты (100,5%). Өскемен қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 555 адам тартылды. Кәсіптік оқуға 194 адам жіберілді.


Облыстық еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылғы 1 сәуірде Өскемен қаласында жұмыссыздар саны 2154 адам болды (2006 жылғы 1 сәуірде – 2796 адам).

Еңбекақы төлеу

2007 жылғы қаңтар-ақпанда жұмысшылардың жалпы еңбекақы қоры (ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ санына қарамастан филиалдары, денсаулық сақтау, білім беру мекеме-лерін, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қосқанда) орта есеппен Өскемен қаласы бойынша 9200,6 млн. теңге, немесе облыс бойынша көрсеткіштің 44%-ы. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда еңбекақы қоры қала бойынша 31,3%-ға өсті.


2007 жылғы қаңтар-ақпанда Өскемен қаласында орташа атаулы еңбекақы орта есеппен 42950 теңге, яғни 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 25,9%-ға артық болды.

Демографиялық жағдай

2007 жылғы 1 қаңтарда Өскемен қаласында халық саны 298,7 мың. адам болды. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 0,9 мың адамға азайып, 99,7%-ды құрады. Соның ішінде қала халқы – 287,6 мың адам (99,6%), ауыл халқы 11,1 мың адам (101,8%) болды. 2006 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда туылғандардың саны 10%-ға артып, 736 адам болды. Одан басқа 9 сәби өлі туылды.


2007 жылғы қаңтар-ақпанда 786 адам қайтыс болды, бұл 2006 жылғы осы кезеңмен салыс-тырғанда 1,8%-ға артық.
2007 жылғы қаңтар-ақпанда 308 неке және 283 ажырасу тіркелді. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тіркелген неке саны 4,5%-ға, ажырасу 39,45%-ға артты.
Қалалы жерде некеге отыру саны 1,4%-ға, ажырасу 40,5%-ға артты, ауылды жерде 11 неке, 2 ажырасу тіркелді.
Жедел деректер бойынша 2007 жылғы қаңтар-ақпанда Өскемен қаласындағы көші-қон про-цесіне 994 адам қатысты, қалаға 605 адам келіп, 389 адам кетті.
Көші-қон алмасуы нәтижесінде 2007 жылғы қаңтар-ақпанда келгендердің саны кеткендер-ден 216 адамға (55,5%-ға) артық болды.

Халықтың ауруға шалдығуы

Өскемен қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мәліметтері бойынша 2007 жылғы қаңтар-ақпан айларында 2006 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда тұмаумен ауыру – (77,6 есе), “А” гепатитімен – (5,4 есе), бруцеллезбен – (5 есе), жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпалы аурулары – (62,6%-ға) артты. Ротовирусты энтеритпен ауыру 65,6%-ға, қызамықпен – 59,4%-ға, қышымамен – 43,5%-ға кеміді.


Жұқпалы аурулардың көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. 2007 жылғы қаңтар-ақпан айларында барлық аурулар санының 100% ротовирусты энтеритпен, 92,3% қыззамықпен, 58,2% - жоғарғы тыныс жолдарының өткір жұқпалы ауруларымен, 51% - тұмаумен, 48,8% өткір ішек ауруларымен, 45% - педикулезбен, 43,2% - бактериалды өткір ішек ауруларымен (нақтыланбаған) тіркелді.

Қылмыскерлік

2007 жылғы қаңтар-ақпан айларында Өскемен қаласының құқық қорғау органдарында 1214 қылмыстық іс тіркелді, бұл көрсеткіш 2006 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 26,3%-ға артық. 2006 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда Үлбі, және Октябрь милиция бекеттерінде қылмыс саны 34,7, 24,4%-ға өсті. Сол жағалау милиция бекетіндеқылмыс саны 4,3%-ға төмендеді.
Каталог: rep
rep -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
rep -> Web-қолданба қҰрудағы visual studio. Net ортасының ерекшеліктері
rep -> Желідегі файлдарды іздеуге арналған үлестірілген жүйені қҰРУ
rep -> Қазақ тілі, 3-сынып Дыбыс пен әріп санында айырмашылығы бар сөзді көрсетіңіз
rep -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
rep -> «алаш» партиясы бағдарламасының жобасы (Нұсқалардың салыстырма кестесі) «алаш» партиясының программасының жобасы
rep -> Алаш автономиясының мемлекеттілік негіздері қаленова Т. С., т.ғ. к
rep -> Закон «О защите интеллектуальной собственности Республики Казахстан»
rep -> Химия. Экология. Медицина


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет