Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы



жүктеу 84.2 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі84.2 Kb.
Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 2, 33-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 6 ақпан N 35


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 70 қаулысымен  
бекiтiлген    

Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде
қайта өңдеуге рұқсат беру
ережесi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) өнiмдi (бұдан әрi - өнiм) Қазақстан Республикасыныңаумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.


      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      2. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат берудi (бұдан әрi - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.


      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар және халықаралықұйымдар (бұдан әрi - өтiнiш берушi) рұқсат алудың субъектiлерi болып табылады.

      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгiленгеннен өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2. Рұқсат беру тәртiбi

      5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы бланкiде ресiмделедi.

      6. Рұқсат алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi рұқсат алуға өтiнiш;
      2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаныңқызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжат;
      4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк;
      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiк;
      6) салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өнiмдi қайта өңдеуге арналған шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;
      7) салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, «Тауарларды кедендiк аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудiң және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеудiң шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу, сондай-ақ оны керi қайтарып алу (жою) қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттыңкөшiрмесi. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi;
      8) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы мәлiметтер нысаны.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 05.06.2013 № 574қаулыларымен.
      7. Рұқсат беру үшiн уәкiлеттi органға берiлген барлыққұжаттар тiзiлiм бойынша қабылданады, оның көшiрмесi көрсетiлген органныңқұжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi.

      8. Рұқсатты осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттар келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi орган бередi.


      Уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген мерзiм iшiнде рұқсат бередi не бас тарту себептерi туралы дәлелдi жауап бередi.
      Егер уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге рұқсат бермеген не рұқсат беруден дәлелдi бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзiмдерi өткен күнiнен бастап рұқсат берiлдi деп есептеледi.
      Уәкiлеттi орган рұқсат беру мерзiмi өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiге тиiстi рұқсат бередi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      9. Егер:


      1) өтiнiш берушiлердiң осы санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған;
      2) осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн барлыққұжаттар берiлмеген. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпыға бiрдей негiзде қаралады;
      3) өтiнiш берушiге қатысты оған жекелеген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын соттың шешiмi заңды күшiне енген;
      4) өтiнiш берушi мәлiметтер нысанында дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсеткен жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      10. Егер рұқсат осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл әрекеттерге шағым жасауға құқылы.

      11. Рұқсат өтiнiш берушiге әрбiр жекелеген мәмiле бойынша екi жылдан аспайтын кезеңге берiледi.
      Рұқсат келiсiм-шартқа (шартқа) енгiзiлген тауарлар атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалыққызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бiр атауына ресiмделедi.

      12. Рұқсат берiлгеннен кейiн берiлген рұқсат туралы ақпарат мемлекеттiк ақпараттық ресурстарда ресiмделедi.


      Уәкiлеттi орган рұқсатты куәландыратын уәкiлеттi адамдар қолтаңбаларының және мөр бедерлерiнiңүлгiлерiн кеден органдарының назарына жеткiзедi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

3. Рұқсатты есепке алу

      13. Рұқсат бланкiлерi қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады. Рұқсат бланкiлерiнiң берiлуi арнайы журналда есепке алынады.

      14. Рұқсаттар тiзiлiмiн жүргiзудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Өнiмдi Қазақстан Республикасының


аумағынан тыс жерде қайта   
өңдеуге рұқсат беру ережесiне 
1-қосымша          

      Ескерту. Оң жақтағы жоғары бұрышқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).



Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан
тыс жерде қайта өңдеуге
рұқсат

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).



1. РҰҚСАТ N№

2. Өтiнiш берушi, оның заңды (iс жүзiндегi) мекен-жайы, телефоны

3. Қайта өңдеушi, оның заңды (iс жүзiндегi) мекен-жайы, телефоны

4. Баратын елi

5. Қолданылу мерзiмi

6. Қайтаөңдеу сипаты

7. Кеден органы

8. Өнiмнiң
атауы және
тауардың
толық сипат-
тамасы

9. Тауардың
СЭҚ ТН бой-
ынша коды

10. Тауар-
дың бақылау
тiзiмдерi
бойынша
коды

11. Өл-
шем бiр-
лiгi

12. Саны

13. Жал-
пы құны
(мың)

14. Қайта
өңдеу өнiм-
дерiнiң
атауы және
тауардың
толық
сипаттамасы

15. Тауар-
дың СЭҚ ТН
бойынша
коды

16. Тауар-
дың бақылау
тiзiмдерi
бойынша
коды

17. Өл-
шем бiр-
лiгi

18. Саны

19. Жал-
пы құны
(мың)

20. Рұқсат сұрау үшiн негiз (қайта
өңдеу шартының (келiсiм-шартының)
нөмiрi және күнi)

21. Келiсiлдi

22. Өтiнiш берушiден
Т.А.Ә
Лауазымы

23. Уәкiлеттi орган
Т.А.Ә.
Лауазымы
қолы, МО
күнi

24. Рұқсаттың ерекше шарттары

Өнiмдi Қазақстан Республикасының
кеден аумағынан тыс жерде қайта
өңдеуге рұқсат беру ережесiне
2-қосымша       

Өнiмдi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан
тыс жерде қайта өңдеуге
РҰҚСАТ БЕРУГЕ ӨТIНIШ

1. РҰҚСАТ N№

2. Өтiнiш берушi, оның заңды (iс жүзiндегi) мекен-жайы, телефоны

3. Қайта өңдеушi, оның заңды (iс жүзiндегi) мекен-жайы, телефоны

4. Баратын елi

5. Қолданылу мерзiмi

6. Қайта өңдеу сипаты

7. Кеден органы

8.Өнiмнiң атауы және
тауардың
толық сипат-
тамасы

9. Тауардың
СЭҚ ТН бой-
ынша коды

10. Тауар-
дың бақылау
тiзiмдерi
бойынша коды

11. Өл-
шем бiр-
лiгi

12. Саны

13. Жал-
пы құны
(мың)

14. Қайта
өңдеу өнiм-
дерiнiң атауы және
тауардың
толық
сипаттамасы

15. Тауар-
дың СЭҚ ТН
бойынша
коды

16. Тауар-
дың бақылау
тiзiмдерi
бойынша
коды

17. Өл-
шем бiр-
лiгi

18. Саны

19. Жал-
пы құны
(мың)

20. Рұқсат сұрау үшiн негiз (қайта
өңдеу шартының(келiсiм-шартының)
нөмiрi және күнi)

21. Келiсiлдi

22. Өтiнiш берушiден
Т.А.Ә
Лауазымы
қолы, МО                 күнi

23. Уәкiлеттi орган
Өтiнiш 200  ж. "  "
      қарауға қабылданды

24. Рұқсаттың ерекше шарттары

Өнiмдi Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде қайта  
өңдеуге рұқсат беру ережесiне 
3-қосымша           

Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта
өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы
мәлiметтер нысаны

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).



      1. Егер қызмет мәнi iшкi нарықта өндiру, сату (өткiзу) немесе
пайдалану лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын өнiм болып табылса,
қызметтiң белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензия:
      1) лицензияның атауы _________________________________________;
      2) лицензияның нөмiрi ________________________________________;
      3) лицензияны беру күнi (жылы/күнi/айы) ______________________;
      4) лицензия берген мемлекеттiк орган _________________________.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет