112
әдебиеттерді талдау эксперименттік жұмыстың анықтау кезеңінің мақсаты мен
міндеттерін тұжырымдауға мүмкіндік берді.
Анықтау экспериментінің мақсаты: бастауыш мектеп мұғалімдерінің
логикалық амал-тәсілдер туралы білім деңгейін анықтау және бастауыш мектеп
оқушыларының ойы мен тілінің қалыптасуының бастапқы деңгейін айқындау.
Анықтау экспериментінің міндеттері:
- логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытуда оқулықтағы білімдік
ақпараттың толыққандылығы
мен оқушылардың сұранысына жауап беруін айқындау;
- бастауыш мектеп мұғалімдерінің логикалық амал-тәсілдер туралы білім
(ой, тіл) деңгейін анықтау;
- оқушылардың ой мен тілінің қалыптасу деңгейінің алғашқы
диагностикасын жүргізу.
Олай болса, анықтау экспериментінің ең алғашқы кезеңінде алдымызда
тұрған міндет – бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқушылардың
ойы мен тілін
дамыта оқытуда қолданылатын логикалық амал-тәсілдер туралы білім
деңгейлері мен оларды сабақ үдерісінде қолдану деңгейлерін анықтау.
Аталған міндетті анықтауда ең алдымен деректерді жинау жоспарланды.
Мектеп бойынша қандай ақпарат алынуы керек, деректерді тиімді жоспарлау
арқылы
зерттеу мәселесіне қатысты, ең маңызды қандай көздерді іріктеп алу
қажет, қалай уақытты үнемдеуге болады және деректер жинауды қалай сапалы
жүргізуге болады деген сұрақтар қойылып деректер жинау әдістерін таңдаудағы
келесі факторлар ескерілді (кесте 8):
Кесте 8 - Деректер жинау әдісін таңдаудағы ескерілетін факторлар
Деректер жинау әдісін таңдаудағы ескерілетін факторлар
Зерттеу бағыты
және қажетті
мәліметтер
Зерттеуші ең алдымен зерттеу бағыты мен нысанын, қандай ақпарат
жинау керектігін зерделеп алуы қажет
Қолдағы бар
мәліметтер
Алдыңғы зерттеулердің нәтижелерн қарап шығу, алдағы жиналатын
мәліметтерді салыстыру үшін өте маңызды. Дегенмен алдыңғы зерттеу
нәтижелерінің шынайылығына көз жеткізу үшін қандай әдістер арқылы
жиналғанын да ескеру керек
Қарастырылым
(охват)
Қанша адам (мұғалім, оқушы) қатыстырылады? Мұғалімдерді қалай
іріктейміз?
Уақыт шегі
Зерттеушіге аталған мәсеелер бойынша дерек жинауға қанша уақыт
өажет екендігін нақтылау
Адами
ресурстар
Зерттеуге қатысатын адамдардың әдіс-тәсілдер бойынша білімі және
қолдану деңгейі жеткілікті ме? Қолдану дағдысын қалыптастыру қажет
пе?
Жоғарыда аталған факторларды ескерсек, бірнеше дерек жинау әдісі
біріктіріп қолдану тиімді. Себебі, әртүрлі зерттеу
әдісі арқылы жиналған
деректер бір-бірін толықтырып отырады.
113
Мектеп аясында зерттеліп отырған мәселе үшін неғұрлым қолайлы болып
табылатын деректерді жинақтауға арналған құрал таңдау өте маңызды. Біз
зерттеу жұмысымызда деректерді жинауда мұғалімдерден сұхбаттасу және
сауалнама алу әдістерін қолдандық. Бұл 2 әдісті қолдану себептерін түсіндіріп
өтсек:
1. Сұхбаттасу.
Тиімділігі: бұрын қаралмаған, жаңа мәселелерді анықтауға
мүмкіндік береді; зерттеуге қатысушы адамның
зерттеу мәселесі жөнінде
көзқарасын бетпе-бет әңгімелесу арқылы анықтауға көмектеседі; тақырыпты
кеңінен зерттеу үшін сұрақтарды қайта қоюға, түсіндіруге,
сұхбат барысын
өзгертуге болады.
Кемшілігі: статистикалық ақпарат алуға мүмкіндік төмен.
2. Сауалнама алу.
Тиімділігі: көп жағдайда «не? қанша? қаншалықты жиі?»
деген сұрақтарға жауап алу үшін өте тиімді; зерттеу мәселесі бойынша маңызды
статистикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді; нәтижелерді біріктіруга, ортақ
мәнін табуға, пайыздық өлшемді визуалды кескіндеуге ыңғайлы; көп адамнан аз
уақытта ауқымды мәселелер бойынша сұрау жүргізіліп, уақытты үнемдеуге
тиімді.
Кемшілігі: сауалнама сұрақтары сапасыз болған жағдайда қорытынды
жасау қиындық туғызады; қатысушылар кейбір сұрақтарды жауапсыз қалдыруы
мүмкін; қатысушылар асығыстық танытып, сұрақтарға ойланбай екіұшты жауап
беруі мүмкін; ерікті түрде болғандықтан кейбір қатысушылар жауап беруден бас
тартуы ықтимал.
Ендеше, оқыту мен оқу үдерісі бойынша бастауыш мектеп мұғалімдерінің
оқытуы мен оқушылардың білім алу жағдайында
логикалық амал-тәсілдерді
қолдану қалай жүзеге асырылып жатқандығын, оқушылардың белгілі пән
бойынша тек білі емес, қажетті
дағдыны қалыптастыру жағдайын, оқу
бағдарламасынан күтетін болжамды нәтиже мен шынайы оқушылардың
жетістіктерінің алшақтығы мен сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілген
Достарыңызбен бөлісу: