ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы, А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп География пәнінің мұғалімі,әйелдер мен қыздар кеңесінің төрайымы



Дата20.06.2016
өлшемі54.25 Kb.
#149189
ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы,

А.Байтұрсынов атындағы

жалпы орта мектеп

География пәнінің мұғалімі,әйелдер мен қыздар кеңесінің төрайымы

Дүрменова Сырғакүл Жұматайқызы

Тақырыбы « КЕЛ, СЫРЛАСАЙЫҚ!» пікір алмасу сазды кеші


Мақсаты Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандық

пен татулыққа баулу, ата- аналарға ұлтымызға жат қылық-

тардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттігі туралы ой салу,

ортаға ой тастау, пікір алысу барысында бала тәрбиесіне

отбасының рольін арттыру.

Көрнекілігі Интерактивті тақта, тәрбиеге байланысты нақыл сөздер т.б.

Кештің барысы 1 Ұйымдастыру

2 Қонақтарды қарсы алу

3 Кешті ашу

4 Ән, би


5 Пікір алысу

6 Көріністар

7 Қорытындылау

1 Жүргізуші Қасиетті Қаратау,

Әулиенің кені еді.

Телегей күй Теріскей,

Ұлы өнердің кемері.

2 жүргізуші Қасиетті Созағым,

Сансыз тарих бедері.

Мұзарт өркеш Мыңжылқы,

Биіктіктің ерені.

Біз боламыз аудандағы мектептің

Ұл мен қызы жайқалған,

Болашақтың желегі

Ынтымағы, бірлігі

Тең келмейтін теңеуі.

1 жүргізуші Ассалаумағалейкум көпшілік,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

2 жүргізуші Қандай бақыт ,

Қуанышты күн бүгін дей келе, Ахмет Байтұрсынов атын-

дағы орта мектептің қыздар кеңесі мүшелерінің ұйымдес-

тырған « Кел, сырласайық» атты салтанатты сазды кешін

бастауға рұхсат етіңіздер.

1 жүргізуші Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен кіші, жас пенен кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге- дей келе кеш қонақ-

тарын таныстырайын.

3 ұл, 3 қыз тәрбиелеген, 23 немеренің әжесі ,он саусағынан өнері тамған, қазақтың ұлттық ою өрнектерін көрпе- көрпешеге тігудің шебері

Төленбекова Бибіхан әжеміз бізде қонақта.

2 жүргізуші

3 ұл, 2 қыздың анасы , 7 немеренің әжесі, ауданымыздағы құрлыс сәулет мамандығының иесі, сазгер , шебер атбегі Нұрсейітов Айтжан көкеміздің зайыбы Исабекова Жұмакүл анамыз бізде қонақта.


1 жүргізуші

3 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырған, 2 немеренің әжесі,Аудандық су шаруашылығы мекемесінің басшысы Тастыбаев Қайрат ағамыздың зайыбы,ауданымыздың экономикасына зор үлес қосып келе жатқан кәсіпкер, «Оңтүстік Жарық» мекемесінің бас есепшісі Нүрпейіс Жұмакүл анамыз бізде қонақта


2 жүргізуші

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы – дей келе, мектебіміздің директоры

Сатыбалдиев Әсет ағайға сөз береміз.


1 жүргізуші

Күмбірге толы сырлы әлем

Мереке әнмен жалғассын

Музыкалық бір сәлем

Қонақтарға арналған

Ән ------------------- Орындайтын ------------------------------------


2 жүргізуші

Ұлың өссе - мұрағатың

Қызың өссе- жұрағатың

Қарағайға қарап тал өседі

Отбасына қарап бала өседі
1 жүргізуші

2013 ж қазан айында Алматы облысының Жаркент қаласында өткен грек рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан біріншілігнің чемпионы,

2014 ж Қытай елінің Бейжін қаласында өтетін жасөспірімдердің Олимпиадасының жолдама иегері Серік Саматтың әжесі, Бибіхан әжемізге сөз береміз.

Баларыңыз, немерелеріңіздің тәрбесі мен қызықтары туралы сыр шертіңіз.


(Интерактивті тақтадан Саматтың күресі, жеңістері туралы роликтер қөрсетіледі)

Сұрақтар


1. Бибіхан апа Самат балаңыз күреске қанша жасынан барды, жас кезінде қандай ойындарға қызығатын еді.
2. Жас кезіңізде қандай қызмет еттіңіз, іс тігу өнеріңіз табиғи талант па әлде мамандығыңыз ба?
3. Саматтан басқа немерелеріңіздің қандай жетістіктері бар?
2 жүргізуші

Күй нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа, жамағат ал енді

Биге кезек берейік

Би ----------------------------- Орындайтын -------------------------------------------


1 жүргізуші

Асқар тауы –сүйініші әкесі,

Мөлдір бұлақ- тіреуіші анасы.

Жасыл құрақ- келешегі баласы,

Біріге олар болады мықты отбасы.
2 жүргізуші

Бақытты отбасы- келешек кепілі,

Тәрбие- бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету үлгі ету, өнеге көрсету,

Әрқашан үлкендер міндеті - дей келе сөз кезегін биология ғылымының кандидаты, 2012ж Оңтүстік Америка құрылығындағы Бразилия елінің Рио-де- Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік экологиялық симпозумда ағылшын тілінде баяндама оқыған, Еуропаның Франция елінде іс- тәжірибеден өткен Қазақтың Ұлттық университетінің қызметкері Нұрсейітова Мөлдірдің және Малайзия елінің астанасы Куала – Лумпур қаласында және Еуропаның Австрия елінің Зальсбург қаласында білім алып,Германияның Мюньхен қаласында іс-тәжірибеден өткен, ағылшын, неміс тілін меңгерген, картография мамандығының иесі кенже ұлы Нұрсейітов Алтынбектің анасы Исабекова Жұмакүл апамызға сөз береміз.

( Интерактивті тақтадан Мөлдірдің және Алтынбектің шет елдердегі күндерінен суреттер көрсетіледі)

Сұрақтар

1. Жұмакүл апа сіз сазгер, атбегі, ағаның жары болу,бала тәрбиелеу жұмыстарыны қалай уақыт табасыз, қиыншылығы мен қуаныштары туралы ой бөліссеңіз.

2. Қыздарға қандай ақыл кеңес бересіз?

3. Сазгерлік өнер балаларыңыздың бойынан байқалады ма?


1 жргізуші

Өнерпаз шықса алдыңа

Әнін тыңдар тамсанып,

Құлақ құрышын қандыра

Қол соғалық қарсы алып деп – әнге кезек берейік

Ән ----------------------------орындайтын

2 жүргізуші

Ата-аналық - үлкен сын,

Бала өсіру- ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өсер.
1 жүргізуші

Ұл мен қызды өсірген,

Елге пайда келтірген

Балғын жүзбен балауса,

Алып ұшқан көңілдер,

Толқымасын қалайша.

Сондықтанда назарды,

Бизнесмен жаққа бұрайық.

Қарсы алып қол ұрайық,

дей келе – қызы Тастыбаева Нәйила Еуропаның Германия елінде білім алып,іс-тәжірибеден өткен, қазіргі кезде Алматы қаласында шетелдік компанияның қызметкері болса, біздің мектебіміздің түлегі кенже ұлы Қанатұлы Қайрат Малайзия елінде білім алып жатқан, ауданмыздың және мектебіміздің мақтанышына айналған ұл мен қыздың анасы Жұмакүл апаға сөз кезегін береміз.


Сұрақтар

  1. Жұмакүл апай бас есепші қызметімен, кәсіпкерлікті қатар атқаруда қандай қиыншылықтар бар?

  2. Жұмакүл апай балаларыңыз шет елде оқуда болған кездегі аналық сағынышыңыз, қорқынышыңыз туралы айтып берсеңіз.

  3. Жастарға айтар ақыл кеңестеріңіз қандай?

2 жүргізуші

Балалардың өнерлі ,

Тыңдайық біраз жыр үнін.

Қарсы алып қол ұрайық

Балғындардың жыр күйін

Күй ----------------------------Қобызда орындайтын---------------------------------

1 жүргізуші

Өнерсіздік бас айып

Ән мен күйге басайық,

Арасында тағы бір

Әнге де кезек берейік

-------------------------------------

2 жүргізуші

Ата-аналар комитетінің төрағасы Алтыбаев Алмат ағамызға сөз кезегін береміз,бүгінгі кешке қосар үлесіңіз, алған әсеріңіз туралы айтып берсеңіз.

1 жүргізуші

Мектебіміздің психологы Торғаева Гүлфарида апайға сөз кезегін береміз.


1 жүргізуші

Мектебіміздегі әйелдер және қыздар кеңесінің төрайымы, осы кешті ұйымдастырушы ұстазымыз Дүрменова Сырғакүл апайымызға сөз кезегін



береміз.

Кеш соңы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет