Оп: Таңдау пәні бойынша байқау практикасына дайындық Тобы: 27 Күні



бет9/17
Дата29.01.2022
өлшемі38.85 Kb.
#454939
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
24.01.22 ж. ОП 27 топ 2-сабақ - копия

Жүйелілік ұстанымы.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқытушының бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада берілген материалдың орналасу жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады.



Көрнекілік ұстанымы.

Көрнекілік принципі пәнді оқыту ісінде өте маңызды орын алады, тілді оқытуда ерекше қызмет атқарады.

1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру;

2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.

3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофон, үзінді оқып, талдату.

4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар.

Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда айтылған қажетті көрнекілік таңдалады.

Көрнекі құралдар оқушыны қызықтыру қызметін де атқарады. Ол оқушы зейінін ұйымдастыруда да маңызды. Сонымен бірге әрі көру, әрі есту, әрі ойлау сияқты бірнеше сезіну түрлерінің қатысы тілдік мәліметтің ұзақ сақталуына әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет