Оптика пәні Оптика


Сәуленің энергетикалық күші



бет5/8
Дата23.02.2024
өлшемі3.49 Mb.
#493013
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция 1 Оптика

Сәуленің энергетикалық күші. Элементар сәуле көзі шығаратын сәуленің энергетикалық күші деп денелік бұрыш элементіне келетін сәуле қуатының -ға қатынасын айтады:
(4)
С әуленің спектрлік тығыздығы үшін бұл формула мына түрге келеді
(5)
мұндағы -толқын ұзындықтарлың ( ) аралығына келетін сәуленің энергетикалық күшінің спектрлік тығыздығы.
жалпы алғанда сәуленің шығарылу бағытына тәуелді болады, яғни элементар сәуле шығарғышқа қатысты денелік бұрыш элементінің бағдарлануына тәуелді. Егер дене бетінің элементі элементар сәуле шығарғыш болса, онда бетке түсірілген нормаль мен денелік бұрыш элементі бағдарланған бағыт арасындағы бұрыштан, және де нормальды ось етіп айналысты сипаттайтын аксиалдық бұрыштан тәуелді болады. Нормаль беттен сәуле шығарылатын жаққа бағытталған. Бұдан басқа, сірә, бет элементінің ауданына да пропорционал болады.
Б арлық бағыттар бойынша біркелкі шығаратын нүктелік сәуле көзінің энергетикалық күші (2-сурет) мынаған тең:
(6)
(6) өрнегінен нүктелік көздің энергетикалық күшін оның толық қуатымен байланыстыратын мына қатынас келіп шығады:
(7)
Э нергетикалық жарықтылық (яркость). Сәуле беттің элементінен бет элементіне нормаль мен сәуленің таралу бағыты арасындағы бұрышпен сипатталатын барлық мүмкін бағыттар бойынша шығарылады (3-сурет). Сәуленің таралу бағытына перпендикуляр бетке -ның проекциясы
(8)
бет элементінің нүктесіндегі беттің энергетикалық жарықтылығы деп осы бет элементінен сәуленің энергетикалық күшінің ауданға қатынасын айтады
(9)
Спектрлік тығыздық үшін бұл формула мына түрде жазылады
( 10)
Энергетикалық жарықтылық сәуле шығарылу бағытына тәуелді, жалпы ол беттің әртүрлі нүктелері үшін әртүрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет