Орал қаласы №29-2 14 желтоқсан 2015 жыл 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы



Дата24.02.2016
өлшемі71.93 Kb.
#16733



Орал қаласы №29-2 14 желтоқсан 2015 жыл

2016-2018 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 104 482 350 мың теңге:

салықтық түсімдер – 24 183 856 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 186 320 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 80 111 174 мың теңге;

2) шығындар – 104 308 371 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – -1 314 019 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 1 890 400 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 3 204 419 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 487 998 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -1 487 998 мың теңге:

қарыздар түсімі – 1 716 421 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 3 204 419 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. 2016 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес және осы шешімнің 4, 5-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19- баптары қатерге және басшылыққа алынсын:

1) 2016 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 43 426 150 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын iске асыруға – 1 228 958 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға – 169 038 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға – 343 863 мың теңге;

дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 2 362 701 мың теңге;

аудандық маңызы бар және селоның денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне және амбулаториялық-емханалық көмекті көрсетуге – 11 676 644 мың теңге;

онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге – 1 451 876 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің медициналық ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға – 28 590 мың теңге;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге – 199 872 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 15 280 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 17 105 мың теңге;

«Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 13 781 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға – 1 062 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын және жарық беретін құрылғылармен жарақтауға – 152 950 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыздандыру нормаларын көбейтуге – 116 416 мың теңге;

жаңалық телехабарлар трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 21 475 мың теңге;

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге – 23 405 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 5 434 мың теңге;

ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға – 246 663 мың теңге;

облыстық автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге – 4 338 863 мың теңге;

қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнімдер өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға – 24 290 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 249 431 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 16 740 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 54 650 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен бөлімшелерін ұстауға – 133 926 мың теңге;

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сондай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге – 14 048 694 мың теңге;

әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының деңгейін арттыруға – 1 025 089 мың теңге;

профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) – 48 901 мың теңге;

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға – 20 274 мың теңге;

елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге – 505 886 мың теңге;

жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның штат санын ұстауға – 36 820 мың теңге;

сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұстауға – 37 503 мың теңге;

жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 443 985 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 865 000 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 1 075 347 мың теңге;

облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуге кредит беруге– 488 990 мың теңге;

моноқалаларда, кіші қалаларда және ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің сомаларын бөлуге – 152 084 мың теңге;

кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1 700 707 мың теңге;

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша кепілдік беруге – 65 857 мың теңге;

жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге – 18 000 мың теңге;

2) 2016 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінген нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 1 400 048 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін:

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 1 112 965 мың теңге;

білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 287 083 мың теңге.

4. 2016 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін жалпы сомасы 3 204 419 мың теңге, оның ішінде аудандық (қалалық) бюджеттерден сомасы 3 004 419 мың теңге түсімдер қарастырылсын.

5. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2016 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық (қалалық) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 23,5%; Орал қаласы – 61%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

2) әлеуметтік салық аудандық (қалалық) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 23,5%; Орал қаласы – 61%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.

6. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

7. Облыстық бюджеттен 2016 жылы төменгі бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 23 874 191 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде:

Ақжайық ауданы - 3 187 169 мың теңге;

Бөкей ордасы ауданы - 1 708 586 мың теңге;

Жаңақала ауданы - 1 682 699 мың теңге;

Жәнібек ауданы - 1 592 523 мың теңге;

Зеленов ауданы - 2 868 000 мың теңге;

Казталов ауданы - 2 559 657 мың теңге;

Қаратөбе ауданы - 1 862 928 мың теңге;

Сырым ауданы - 2 108 544 мың теңге;

Тасқала ауданы - 1 563 853 мың теңге;

Теректі ауданы - 3 155 611 мың теңге;

Шыңғырлау ауданы - 1 584 621 мың теңге.

8. 2016 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеуге сомасы 3 204 419 мың теңге қарастырылсын.

9. 2016 жылға арналған облыстық бюджетке төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар қарастырылмайды деп белгіленсін.

10. 2016 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 658 097 мың теңге көлемінде бекітілсін.

11. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыш лимиті 2016 жылдың 31 желтоқсанына  18 233 429 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

12. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы қызмет түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру белгіленсін.

13. 2016 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқару үдерісінде секвестрлендіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4, 5-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

14. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

15. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы С.Сүлеймен

Облыстық мәслихат

хатшысы М.Құлшар



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет