Орал қаласы қаржы бөлімінің 2014 жылға атқарған жұмысы туралы Есебі



Дата24.02.2016
өлшемі38.91 Kb.
#14718
Орал қаласы қаржы бөлімінің

2014 жылға атқарған жұмысы туралы

Есебі.
«Орал қаласы қаржы бөлімі» жергілікті бюджеттің орындалуы мен бақылауды және қалалық коммуналдық меншікті мемлекеттік басқару мен қадағалау құзырын атқаратын уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады. Орал қаласы қаржы бөлімінің штаттық саны 13 бірлікпен бекітілген. Нақты саны 13 бірлікті құрап отыр.

Орал қаласы қаржы бөлімінде төмендегідей 2 сектор бар:



  1. Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы

  2. Коммуналдық меншікті басқару секторы.


Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы
Негізгі міндеті – қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстарды орындау және ұйымдастыру.

1. Қала бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің орындалуына бақылау жүргізеді.

2. Қаланың бюджетiне түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады.

3. Қала бюджетi түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi әзiрлейдi, бекiтедi және енгiзедi.

2014 жылдың шығыстар бойынша жоспар 27 001 550 мың теңге орындалуы 26 795 896,8 мың теңге, немесе 99,2%. Бюджеттік түсімдердің жоспары мен қаржыландыруына 373 өзгеріс енгізілді, соның ішінде: сессия шешімдерін жүзеге асыру туралы қаулылармен - 76, резервтер бойынша – 6, кассалық ауыстыру бойынша – 17, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен үсынған өтініштер бойынша – 274 өзгеріс енгізілді.

4. Қала бюджетi атқарылуының мониторингісiн жүзеге асырады. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне есепті уақытқа қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмегені жөнінде ақпараттар жібереді.

5. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бөлінген қаржыны уақытында орындалуы туралы ақпараттар жібереді.

6. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен игерілмеген қаржы жөнінде, және де игерілмеген нысаналы трансферттер жөнінде есеп ұсынады.

7. Сектор қалалық бюджеттің айлық, жартыжылдық, жылдық орындалуы жөніндегі есепті, кредиторлық және дебиторлық берешегі жөніндегі есепті жүргізеді.

8. Әрбір бюджеттік бағдарламалардың кассалық шығындарының есебін қамтамасыз етеді.


Коммуналдық меншікті басқару секторы.
Сектордың негізгі мақсаты – қалалық коммуналдық меншікті басқару, қорғау, мемлекеттік меншіктің тиімді және дұрыс пайдалануы бойынша жұмыстар жүргізу. Секторда - 1 сектор меңгерушісі және 2 бас маман қызмет атқарады.

Жыл басынан 2015 жылдың 01 қаңтарына Орал қаласының коммуналдық меншігінде тұрған 110 мүлікті коммуналдық меншік нысанын мүліктік жалға (жалдауға) беру және 11 сенімгерлікпен басқару келісім – шарттары жасалынды.



Жалға беру нысандары – құрал-жабдықтарымен мектеп асханалары, электр желілер бағаналары

Сенімгерлік басқаруға беру нысандары – қаланың жаяу жүргіншілерге арналған өткелдері, полигондар, айыппұл тұрақтары.

Жыл басынан бюджетке түскен сомма – 48 946 833,29 теңгені құрайды.

Қаланың коммуналдық заңды тұлғалары есебіндегі жекешелендіруге жататын 2 ЖШС-дегі мемлекеттің қатысу үлестері 10 659 611 теңгеге жекешелендірілді. Олардан тиісінше төмендегі сомалар бюджет есебіне түсті:


  1. «Монша №3» ЖШС-індегі 49% үлесі – 7 133 910 теңге;

  2. «Ритуал-Орал» ЖШС-індегі 49% үлесі – 3 525 701 теңге.

2015 жылдың 01 қаңтарына дейін сектор тарапынан коммуналдық мүлік жөнінде, яғни коммуналдық мүлік есебіне қабылдау, теңгерімге бекіту, жалға беру, өзгерістер енгізу, күшін жою т.б. сұрақтар бойынша 305 бұйрық дайындалып шығарылды, бақылауға алынды.

Қала аумағында мемлекеттік мүлік реестрі бойынша 67-МКҚК, 5-МКК, 73-ММ, 6-ЖШС ресми түрде тіркелген.



Жалпы осы тізілім бойынша 6140 нысан тіркелген. 2015 жылдын 01 қаңтарына жалпы сомасы – 33 364 860,08 мың теңгені құрайды.

2015 жылдың 01 қаңтарына Орал қаласының коммуналдық меншігіне 1674 дана меншік қабылданды, соның ішінде:

  • автокөліктер – 12;

  • арнайы техника – 14;

  • тұрғын үйлер, ғимараттар – 5;20;

  • нысандар –26;

  • басқада құралдар – 1597.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді теңгерімінен теңгерімге 4510 дана нысан берілді, соның ішінде:

  • автокөліктер – 22;

  • арнайы техника –8;

  • ғимараттар – 6;

  • нысандарды – 2;

  • басқада құралдар – 4472.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген 414 535 дана мүліктерді есептен шығаруға рұқсат берілді, соның ішінде:

  • компьютерлер, ұйымдастыру техникасы – 233 дана;

  • кітапхананын фонды – 409 321 дана;

  • басқада құралдар – 4 981 дана.

  • Тұрғындардан түскен ұсыныстарды жүзеге асыру іс-шара жоспарының 59 тармағы - «Емхана ғимараттын білім бөліміне беру» бойынша , «Орал қаласы қаржы бөлімі» ММ 2014 жылғы 20 маусымдағы №114-К бұйрық негізінде ғимарат Орал қаласының коммуналдық мүлігі есебіне қабылданып және Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№1 балалар өнер мектебі» МКҚК теңгеріміне табысталды.

  • 79 тармағы - «Зенит» МҮ қалалық коммуналдық мүлкіне табыстау» бойынша, «Батыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы» ММ қарастырылып, «Зенит» МҮ коммуналдық меншікке өтеусіз беру мүмкін еместігін жеткізеді.

  • 102 тармағы - «Кокчетавская 1/6 көшесінде ораналасқан ғимарат» бойынша, «асхана» ғимаратының техникалық паспорты рәсімделді және әділет органдарында тіркелді, өндіріс ғимаратының жер актісі мен техникалық паспорт дайындалып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет