Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2013 жылдарда атқарылған жұмыстар есебі



Дата01.07.2016
өлшемі86.7 Kb.
#169668
Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2013 жылдарда атқарылған жұмыстар есебі

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативті-құқылы актілерін басшылыққа ала отырып, материальды-техникалық базаны нығайту, бұқаралық спортты дамыту, дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткізу, спортшылардың басекеге түсу қабілеттілігін арттыру, қаланың спорттық имиджін нығайту және бұқаралық спортты дамыту саласында айтарлықтай нақты жұмыстар атқарды.

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің негізгі бағыттарының бірі тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.

Жыл сайын салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 40 мың

адамды қамтыған 1600–ден аса спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі

Жыл сайын бөлім бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді:



  1. Жазғы және қысқы спорт түрлерінен аула клубтары арасындағы спартакиада;

  2. Орал қаласының денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы спартакиада;

  3. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада;

  4. Кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы спартакиада;

  5. Білім беру қызметкерлері арасындағы спартакиада;

  6. Қолайлы спорт түрлері бойынша мүгедектер арасындағы спартакиада;

  7. Соғыс, еңбек және спорт ардагерлері арасындағы спартакиада;

  8. 12 000 баланы қамтыған 12 спорт түрі бойынша 3-4, 5-7, 8-9, 10-11 сыныптар арасындағы мектеп оқушыларының спартакиадасы;

  9. Әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жастар мен 10-11 сынып және кәсіптік лицей оқушылары арасындағы спартакиада;

  10. Банк қызметкерлері арасындағы спорттық іс-шаралар;

  11. Бөрлі және Зеленов аудандары, 14 команды қатынасатын ДШҰ арасында футболдан қала чемпионаты;

  12. Волейболдан қала чемпионаты, ІІІ тур, 14 команда;

  13. П.Атоян жүлдесіне арналған футболдан қалааралық турнир;

  14. Волейбол мен футболдан Жеңіс Кубогі: волейболдан Тәуелсіздік кубогі;

  15. Мемлекеттік мерекелерге және т.б. мерекелерге арналған спорттық іс-шаралар.

Дәстүрлі түрде чемпионаттар, біріншіліктер, кубоктар, 42 спорт түрінен кіші жасөспірімдер (қыздар), кадеттер, жастар, ересектер, яғни 3 жас ерекшелігі бойынша турнирлер, барлығы 19 мың адамды қамтыған 120-дан аса іс-шаралар өткізіледі.

Қалалық білім бөлімімен қала мектептерінде қосымша секциялық сабақтарды жүргізу жөніндегі мәселе қолға алынды. Қазіргі таңда Орал қаласының 45 мектебінде 160 дене шынықтыру пәні мұғалімі әр түрлі спорт түрлерінен секциялық сабақтарды жүргізеді, барлығы 2500 бала қамтылған.

Бұл мақсатты дамытуда Орал қаласының мәдениет бөлімі үлкен көмегін тигізуде. 2009 жылы барлық аула клубтарында спорт әдіскерлері енгізіліп, тұрғылықты мекен-жайлар бойынша дене шынықтыру жұмыстарын жүргізуге тиімді болып отыр. Жыл сайын демалыс кезінде спорттық алаңқайлар мен стадиондарда жазғы және қысқы спорт түрлерінен аула клубтары арасындағы спартакиада өткізіліп, 2 жас ерекшелігі бойынша 16 клуб сынға түседі.

Жыл сайын соғыс, еңбек және спорт ардагерлері арасында қалалық спартакиада өткізіледі. Спартакиада бағдарламасына пневматикалық мылтықтан ату, дартс, шаңғы, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, жүзу спорт түрлері енгізілген. Аталған спорт түрлері бойынша жарыстарға 198 ардагер қатысты. Дәстүрлі түрде ардагерлерге мерекелік отырыстар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Мүгедектерді дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында «Намыс» спорт клубында әр түрлі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, облыстық жарыстарға қала құрама командасын дайындау және қатыстыру негізгі функционалдық міндеті болып табылатын арнайы әдіскер штаты бекітілді. Осы жылы Халықаралық Денсаулық күніне арналған тірек-қимыл жүйесі зақымданған мүгедектер арасында волейбол ашық қала турнирі оздырылса, «Наурыз» мерекесіне орай тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, пауэрлифтинг, үстел теннисі жарыстары өткізілді. Аталмыш шараларға Орал қаласының 180-нен аса мүгедектері қатынасты. Жоғары санатты әдіскер А.Пиунов «Променад» сауда үйі жанындағы спорттық алаңқайда қант диабетімен ауыратын мүгедектердің Қазақстан Республикасы бойынша құрама командасын шағын-футбол жарысына дайындап, команда 2012 жылдың үшінші шілдесінде Киев (Украина) қаласында шағын футболдан өткен «Диевро-2012» Халықаралық қант диабетімен ауыратын мүгедектер чемпионатына қатысты. Біздің команда Польша, Белоруссия, Өзбекстан құрама командаларын ұтып, жүлделі 3 орынға ие болды.

«Орал Су арнасы» МКК, «Бат. Қаз. ЭЖТК» АҚ ҚФ, «Жайық жарығы» ЖШС, «Жайықжылуқуаты» АҚ, №3 «Монша» ЖШС, МККС ЖПК, «Спецавтобаза» МКК, «Ритуал» ЖШС, көтерме сауда базары «Ел ырысы» ЖШС, «Орал тұрғын үй» ЖШС секілді кәсіпорындар атқарылған жұмыстарға бірлесе жұмылып, арнайы спорт әдіскерлерін бекітті. Аталған кәсіпорындар арасында қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша кешенді спартакиадалар өткізіледі. Өз спорттық базасы жоқ кәсіпорындарға спорттық объекті мен құрал-жабдықтар беруде қажетті көмектер көрсетілді.

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан бұқаралық спортты дамыту мақсатында ашылған «Намыс» спорт клубы МКҚК-ның функциональдық міндетіне тұрғылықты жерлерде, қала тұрғындары арасында бұқаралық-спорттық іс-шараларды, атаулы күндер мен мерекелерге арналған кәсіпорындар мен ұйымдар арасында спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізу, ұлттық спорт түрлерін дамыту, спорттық базаларды құру мәселелері кіреді.

Жұмысты тиімді жүргізу мақсатында қала тұрғындары үшін қысқы (коньки, клюшка, шайба, шаңғы) және жазғы (доптар, секіртпелер, роликтер, скейтбордтар, самокаттар, балаларға арналған велосипедтер, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар, гимнастикалық шеңбер) құрал жабдықтар сатып алынды.

Қыс мезгілінде 10 спорттық алаңқайда мұз құю жұмыстары жүргізіліп, спорттық құрал жабдықтарды жалға беру орындары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, БЖСМ тәрбиеленушілеріне, аула клубтары мен аз қамтылған отбасы балалары мен мүгедектер балаларға спорттық құрал жабдықтар тегін беріледі.

«Намыс» спорт клубының теңгерімінде қаланың әр ауданында 13 спорттық алаңқайлар жұмыс жасайды, бұл спорттық алаңқайларда қыс және жаз мезгілдерінде спорттық құрал-жабдықтарды жалға беру орындары жұмыс жасайды.





Спорттық алаңқай мекен-жайы

Спорттық құрал-жабдықтар

1

Достық-Дружба даңғ. 203-үй


велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

2

Строитель ш.а., .43 үй

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

3

4 ш.а. ., 16 үй

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

4

6 ш.а. , 66 үй

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

5

Гагарин, 97 үй

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

6

Достык-Дружба даңғ, 232-үй

Жалға беру орыны жоқ

7

Қурмаңғазы, 150 үй

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

8

И.Ларинакөш, 225 үй

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

9

Қурмаңғазы көш., 150 үй

Жалға беру орыны жоқ

10

М.Ихсанов көш,.54 үй

Жалға беру орыны жоқ

11

С.Датұлы «Променад»

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

12

№7 ЖОМ

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

13

Круглоозерное а.о.

велосипед, коньки, клюшка, шайба, шаңғы құралдары, футболға арналған доптар, баскетболға арналған доптар, волейболға арналған доптар

Дәстүрлі түрде дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлері туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ашық сабақтар, спорттық акциялар, Денсаулық күндері мен фестивальдер, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысушыларды қолдау мақсатындағы акциялар, жеңіл атлетикалық жүгірулер, сонымен қоса мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады.

Бөлім бойынша қалааралық турнирлер өткізілді, соның ішінде ең ірі шаралар:


  1. Волейболдан Орал қаласы әкімінің жүлдесі үшін Достық-Дружба дәстүрлі турнирі: 2 жас ерекшелігі бойынша 12 команда қатынасты: Орал, Самара, Орынбор, Уфа, Петропавл, Ақтөбе, Новокуйбышев, Астана, Нижний Новгород қалаларының командалары (қыркүйек);

  2. Су добынан ашық қала чемпионаты: Челябинск, Орынбор, Орал

қалаларының командалары (70 адам) (желтоқсан);

  1. Орал қаласының құрметті азаматы П.Атоян жүлдесіне арналған футбол

жарысы: Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласы клмандалары, (100 адам);

  1. Самара, Орынбор, Саратов қалаларының командаларының қатысуымен

допты хоккейден ашық қала чемпионаты.

Орал қаласының құрама командалары мен спортшылары бірнеше рет облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Орал қаласының спорттық имиджін нығайту мақсатында, туризм, дене

шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен қала спортшылары қалааралық жарыстарға белсенді түрде қатысуда. Орал қаласының құрама командалары әр түрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Атырау, Хромтау, Қызыл-орда, Ақтау қалалары, Ресей Федерациясының Самара, Новокуйбышев, Орынбор, Саратов, Казань, Уфа, Ульянов қалаларына жиі сапар шегіп, жарыстарға белсенді қатысуда.

2011 жылы 3 балалар-жасөспірімдер спорттық алаңқайлар құрылысы салынып, қолданысқа берілді:

1) №7 ЖОМ;

2) С.Датова 17;

3) Круглоозерное ау.

2012 жылы 18 балалар-жасөспірімдер спорттық алаңқайлар құрылысы салынып, қолданысқа берілді:


  1. Серебряков а.;

  2. Зашаған а.о. 25-ші Чапаев дивизиясы көшесі 2-үй;

  3. Гагарин көшесі 1\2;

  4. Жаңа орда ш.а. 3-үй;

  5. Строитель ш.а. №10/1, 14;

  6. Ақмурзина көш. 1, Короленко 32;

  7. Инструментальная 27, Верхняя 26, Украинская 10, Котельная 28;

  8. Жәңгір хан 53,55,57 , .Зашаған ау;

  9. Тайманов көш. 176, Ихсанов көш. 42;

  10. Гагарин көш. 2/1,2/2,2/7,2/8;

  11. Саратов 20,22, Теміртау 19,19/1, 25-ші Чапаев дивизиясы 13;

  12. №14 ОМ, Желаев ау.;

  13. 4 ш.а. №10,11,17,18;

  14. Достык 224, Алмазов көш. 63;

  15. Евразия 117,117/1,115;

  16. С.Тюленин 43, Матросов көш. 56;

  17. Деркөл ау.;

  18. 6 ш.а.21, 22-үй.

Деркөл ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.




Бөлім басшысы А.Нұрмұханбетов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет