Оралбаева Ж. З. э.ғ. к., доцент әл-Фараби атындағы ҚазҰу тиімділік аудитін жүргізу нәтижесі бойынша қорытынды есепті дайындау және ұсыну



жүктеу 69.88 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі69.88 Kb.
Оралбаева Ж.З. э.ғ.к., доцент

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тиімділік аудитін жүргізу нәтижесі бойынша қорытынды есепті дайындау және ұсыну
Тиімділік аудитінің нәтижесі бойынша жасалынатын есеп мынадай талаптарға жауап беруі қажет:

  • Ақпараттардың толықтылығы, аудит нәтижесін негіздеу үшін қажетті ақпараттар көлемі жеткілікті болуы қажет. Сонымен бірге есеп өзінің құрылымы бойынша қойылған талаптарға жауап беруі керек.

  • Ақпараттың нақтылығы, есеп нақты болу үшін ондағы көрсетілген дәлелдемелер дұрыс болуы керек және соған сәйкес жасалынған қорытындылар нақты болуы қажет. Есептің нақтылығы онда көрсетілген ақпараттың сенімділігі мен шынайылылығына пайдалануды сендіруі қажет. Есепте көрсетілген кез келген нақты емес ақпараттар есепке деген сенімсіздікті тудырады. Есепте нақты мәліметтермен дәлелденген ақпараттар ғана көрсетілуі қажет. Егер аудит қорытындысы үшін маңыздылығы бар ақпарат пайдаланылса бірақ ол жеткілікті деңгейде тексерілмесе онда ол туралыесепте көрсетілуі қажет. Аудит нәтижесі бойынша есептің қорытындысы дәлелденбеген ақпараттарға негізделмеуі керек.

  • Ақпараттың обьективтілігі, есеп өзінің мазмұны және формасы бойынша белгілі бір тепе-теңдікте болуы қажет. Есепте көрсетілген дәлелдемелерді оны пайдаланушыларды сендіретіндей формада жазу керек. Есепте анықталған кемшіліктерді қайта-қайта жазу немесе соған басты көңіл бөлу дұрыс емес болып табылады. Кемшіліктерді көрсету барысында жауапты тұлғаның берген түсініктемелерін көрсету қажет (кемшіліктердің пайда болу себебін көрсету).

  • Ақпараттардың сенімділігі, тексеру нәтижесі бойынша жасалған есеп сенімді болу үшін, тексеру нәтижелері аудиттің мақсатына сәйкес келуі қажет, ал жасалынған ұсыныстар нақты фактілерге сүйенуі қажет. Осындай үлгіде жасалынған есеп жауапты тұлғаның осы сұрақты шешуге деген жауапкершіліктерін арттырады және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шешімдер қабылдауын талап етеді.

  • Ақпараттың түсініктілігі, есеп оны түсіну және оқу жеңіл болу үшін қарапайым тілде жазылуы керек (қарапайым және ғылыми тіл) егер есепте қандай да бір техникалық немесе терминдер, қысқартулар пайдаланылса оларға түсініктеме берілуі қажет. Сонымен бірге ақпараттың түсініктілігін қамтамасыз ету үшін олар логикалық тізбектілікпен жазылуы қажет. Есепте неғұрлым маңызды сұрақтарды және ұсыныстарды қажет болған жағдайда көрнекі материалдар ретінде көрсетуге болады.

Есептің мазмұнын құрайтын негізгі компоненттерді келесідей түрде көрсетуге болады:

1) тексеру тақырыбын жазу қажет

2) жүргізілген тексеру қандай құжатқа сәйкес жүргізілгендігін көрсету қажет. Яғни, тексеруді жүргізуге негіз болған негізгі себептер көрсетіледі.

3) тексерудің әр бір мақсаты жеке-жеке ашылып, көрсетілуі керек.

4) тексеру жүргізілген кезең нақты көрсетілуі қажет.

5) тексеру обьектісі көрсетіледі, ол мемлекеттік орган, ұйым болуы мүмкін.

6) кіріспе бөлімі, бұл жерде тексерілген ұйым қызметіне немесе бағдарламаға қысқаша сипаттама беріледі, сонымен бірге тексеруді жүргізген органның міндеттері мен қызметтері көрсетілуі керек. Осы кіріспе бөлімінің жалпы көлемі 2 беттен көп болиауы қажет.

7) тексеру нәтижелері бұл жерде тексерудің негізгі нәтижелері нақты көрсетілуі қажет. Олар:



  • Тиімділікті бағалау үшін қолданылған критериилер көрсетіледі.

  • Осы критериилерге тексерілген ұйым қызметі сай келеді ме немесе нәтижелердің сәйкестігі туралы қорытынды жазылады.

  • Тексеру нәтижесінде анықталған ауытқушылықтар немесе кемшіліктердің себептері көрсетілуі қажет.

  • Осы тексерудің әр бір мақсаттары бойынша қысқаша қорытындылар жасалуы қажет. Тексеру нәтижесі көрсетілген бөлімді жазу кезінде жасалынған қорытындыларды дәлелдейтін неғұрлым нақты мысалдарды көрсету қажет.

8) ұсыныстар мынадай талаптарға сәйкес жасалуы қажет.

  • Әр бір ұсыныс нөмірленген абзацтан жазылуы қажет.

  • Олар тексеру қорытындыларына сәйкес жасалуы қажет және міндетті түрде көрсетілген кемшіліктердіжоюға бағытталуы керек.

  • Олар жеткілікті деңгейде нақты сипатта болуы керек.

  • Осы ұсыныстар бойынша шешімдер қабылдауға жауап беретін министерствоға немесе басқа да ұйымдарға бағытталыпжазылуы қажет.

  • Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойыншаұсыныстар жасамауға тырысу керек.

9) тексерілген ұйымның реакциясы, бұл бөлімде жасалынған қорытындылар мен ұсыныстар бойынша тексерілген ұйым жетекшілерінің жауаптары сонымен бірге кемшіліктерді жоюға бағытталған жоспарланған шаралары көрсетілуі қажет. Тиімділікті бағалау критериилеріне қатысты келіспеушіліктер бар болған жағдайда олардың себептері көрсетілуі керек.

10) қорытынды бөлім, бұл бөлімде тексеру мақсаттарына сәйкес тексерілген ұйым қызметінің нәтижелеріне жалпы баға берілуі қажет.

11) тексеруді жүргізген топтың жетекшісімен оның мүшелерінің толық аты- жөндері және қажет болған жағдайда лауазымдары көрсетілуі керек.

Тексеру нәтижесі бойынша берілген ұсыныстардың орындалуын тексерудег негізгі мақсат мыналар болып табылады.



  • ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді жоюға ынталандыру және сол арқылы тиімділік аудитінің нәтижелері туралы есептің маңыздылығын жоғарылату

  • мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдалануды жоғарлатуды қамтамасыз ету үшін үкімет органдары мен атқарушы органдардың қызметтеріне әсер ету.

  • тексрілген ұйымға қатысты жасалынған ұсыныстардың орындалуын тексеру олардың қызметтерінің тиімділігін жоғарлатуға әсерін тигізеді, ал ұсыныстардың орындалуын тексеру қол жеткізілген нәтижеге сандық және сапалық тұрғыдан баға береді.

Ұсыныстардың орындалуын тексеру бойынша жасалатын іс- әрекеттер сол ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз етуге ғана бағытталуы керек. Тексеру барысында тексерілген ұйымның анықталған кемшіліктерді қаншалықты жойғанына көңіл бөлу қажет. Ұсыныстарды тексеру тексерілген ұйымның қызметінің тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді.

Ұсыныстардың орындалуын тексеру мынадай формаларда жүргізілуі мүмкін:



  • тиімділік аудитінің нәтижесі бойынша жасалынған ұсыныстардың орындалу барысы туралы ағымдық ақпараттар алу.

  • ұсыныстардың орындалу нәтижелеріне арнайы тексеру жүргізу. Бұндай тексеру ұсыныстардың орындалуын дәлелдейтін сәйкес құжаттарды алу жолымен жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда ұсыныстардың кейбір жеке аспектілерінің орындалуын ұйымға бару жолымен тексерулер жүргізеді. Бұл жағдайда қайталама тексеру ұйым қызметіне жан –жақты талдау жұмыстарын жүргізуді талап етпейді ұсыныстардың орындалуын тексеруді алты айдан кейін жүргізген тиімді болып саналады, бірақ бір жылдан асып кетпейтін уақытта жүргізілу қажет. Ұсыныстардың орындалуы бойынша қайта тексеруде жүргізу барысында тиімділік аудитін қайта жүргізу бойынша бағдарлама жасау қажет және оны жүргізуге кететін барлық шығындарды негіздеу қажет.

Тексеру аудитінің нәтижесі бойынша ұсыныстардың орындалуын тексеру барысында ақпараттардың әр түрлі көздерін пайдалануға болады, солардың бірі тексерілген ұйымға әр бір ұсыныстардың орындалу деңгейі туралы ақпараттарды беруге өтініш жасау. Бұндай өтініштер тексерілген ұйымға қатысы бойынша одан жоғары тұрған органдарының ммекен жайына бағытталуы да мүмкін, алынған ақпараттарды оларға талдау жасау жолымен немесе әңгімелесулер өткізу формасында дәлелдеу қажет. Ұсыныстардың орындалуын тексеру нәтижелері сәйкес құжаттарда көрініс табуы қажет және олардың орындалу нәтижесіне баға берілу керек. Егер берілген ұсыныстар орындалмаған немесе толық деңгейде орындалмаған жағдайда оның себептерін анықтау қажет және ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігін қарастыру керек. Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша берілген ұсыныстар мен келіспейтін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ мұндай жағдайлар ұсыныстардың орындалуына тексеру жүргізудің қажеті жоқ дегенді білдірмейді, керісінше бұндай жағдайда аз уақыт аралығында қайта жүргізу қажет болады, егер тексерілген ұйым берілген ұсыныстар бойынша ешқандай іс-әрекеттер жасамаған жағдайда осы ұйымнан жоғары тұрған мемлекеттік ұйымдарға хабарлама беру қажет, яғни бұндай жағдайда ұсыныстардың орындалуы бойынша шаралардың орындалуына қол жеткізу үшін барлық заңнамалық шараларды қабылдау қажет болады. Берілген ұсыныстарға сәйкес қабылданған және іске асырылған шаралардың нәтижелерін бағалау сапалық сипатта болуы мүмкін, ал кейбір жағдайда мемлекеттік қаражаттардың пайдалануының тиімділігін жоғарлатуды көрсету үшін сандық көрсеткіштер түрінде де көрсетілуі мүмкін. Ұсыныстардың орындалу нәтижелерін сандық көрсеткіштер түрінде көрсету кезінде жүргізілген тиімділік аудитінің «таза нәтижесін» көруге болады. Бұл жағдайда тексерілген ұйым қызметінің тиімділігін жоғарлатуға басқа да факторлардың әсер ететіндігін ескеру қажет. Бұндай жағдайда тиімділік аудитін жеке бағалау күрделі міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да тиімділік аудитін жүргізуден алынған әсерді өлшеудің негізгі көрсеткіші тексерілген ұйымға қатысты берілген ұсыныстардың орындалуын тексеру болып табылады. Ұсыныстардың орындалуын тексеру барысында тексерілген ұйым қызметіне әсерін тигізетін жаңа тәуекелділіктер анықталса сонымен бірге, мемлекеттік бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділіктерін жоғарлату мүмкіндіктері туралы қосымша ақпараттар алынса онда осы мәселелердің барлығы келесі жылдарда жүргізілетін тиімділік аудитінің тақырыбы мен обьектілерін таңдау кезінде негізгі пән ретінде міндетті түрде қарастырылуы қажет болады. Ұсыныстардың орындалуын тексеру нәтижелері бойынша есеп жасалуы қажет, есептің бұл формасы тиімділік аудитінің нәтижелері туралы есепкеқойылатын талаптарды сақтай отырып жасалуы қажет. Сонымен бірге тексеруді жүргізу формаларына байланысты мұндай есептердің мазмұндарын әр түрлі болатынын ескеру қажет. Есепте ұсыныстардың орындалу нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді көрсетіп қана қоймай сонымен бірге ұсыныстарды орындау нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді көрсетуі қажет. Тексерілген ұйым ұсыныстарды тексеру нәтижесімен танысуы қажет және жасалынған есеп бойынша өзінің келіспеушіліктерін айтуға мүмкіндіктері бар. Келіспеушіліктері бар болған жағдайда тексерілген ұйым жетекшісі оны жазбаша түрде беруі қажет. Ұйымға тиімділік аудитін жүргізген аудиторлар келіспеушіліктерді талдау отырып оларды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім жасауы қажет. Көрсетілген келіспеушіліктер қабылданбаған жағдайда олардың себептері «ұсыныстарды тексеру нәтижесі бойынша жасалатын есепте» көрсетілуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Иванова Е. Аудит эффективности в рыночной экономике. М.: 2009 г, 328с

  2. Бычкова С.М. Контроль качества аудита: практическое пособие. М.: Эксмо, 2008. - 208


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет