Оразбекова Маншук Сатыпалдиновна 0304000 «Стоматология» мамандығының 030402 «Дантист» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған


Құлақша – жүректегі жүрекше қуыстарының сыртында орналасқан қосымша қуыстар. Латеральды



бет28/31
Дата08.12.2022
өлшемі109.67 Kb.
#466825
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
anatomiya fiziologiya 6

Құлақша – жүректегі жүрекше қуыстарының сыртында орналасқан қосымша қуыстар.
Латеральды (латынша “lateralis” – “сыртқы шеті”, “бүйір шеті”) – дененің немесе мүшенің сыртқы шеті (жиегі) деген ұғымды білдіреді.
Лейкоциттер (грекше “leikos” – “ақ”, “kytos” – клетка (жасуша) – шығу тегі бірдей, бірақ құрылысы мен атқаратын қызметтері әр түрлі түссіз қан клеткаларының тобы.
Лимибикалық жүйе (латынша “limbus” – “жиек”) – құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас алдыңғы, аралық және ортаңғы мидағы көптеген құрылымдардың жиынтығы. Ол организмнің вегетативтік қызметін және мінез-құлқын реттеуге қатысады.
Лимфа (латынша “lympha” – “тұнық су”, “ылғал”) – омыртқалы жануарлардың лимфа жүйесі арқылы мүшелерден және ұлпалардан тек жүрекке қарай үнемі ағып тұратын, әрі организмнің ішкі ортасының тұрақты (қалыпты) болуын қамтамасыз ететін мөлдір сұйықтық.
Лордоз (грекше “lordosis” – “иілім”, “бұрылу”) – адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының алға қарай қалыпты иілімі. Адамда омыртқа жотасының мойын және бел бөлімдері алға қарай иілім түзеді. Оны мойын және бел лордоздары деп атайды.
Медиальды (латынша “medius” – “ортаңғы”, “ішкі”) – дененің медиальді (ішкі) жазықтығына жақын орналасқан деген ұғымды білдіреді. Мысалы, білектегі шынтақ сүйегі медиальды орналасқан.
Мезодерма (грекше “mesos” – “ортаңғы”, “derma” – “тері”) – көпклеткалы жануарлардың ұрығының даму кезеңінде түзілетін ортаңғы ұрық жапырақшасы.
Миокард (грекше “myos” – “бұлшықет”, “cardiа” – “жүрек”) – жүрек қабырғасының едәуір қалың бұлшықетті қабаты. Ол омыртқалы жануарлардың жүрегінде көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жүректегі миокард қабаты қарыншаларда (әсіресе сол жақ қарыншада) едәуір қалың болады.
Миоциттер (“myos” – “бұлшықет”, “kytos” – клетка) – бұлшықет ұлпасының ең кіші құрылымдық әрі қызметтік бірлігі.
Неандерталь адамдары – палеоантроптардың (ертедегі адамдардың) қаңқа қалдықтары сақталған жеке тобы. Олардың қаңқа қалдықтары алғаш рет Батыс Германиядағы Неандерталь өзенінің аңғарынан 1856 жылы табылған. Сондықтан да Неандерталь адамадры деп аталған.
Нейрон (грекше “neuron” – “жүйке”) - әрі қозғыштық, әрі өткізгіштік қабілеті бар жүйке жүйесінің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Оны кейде жүйке клеткасы немесе нейроцит деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет