Ескертпе
1 _____________________________ жолақтың астыңғы жағындағы
жазбалар көрсетілмейді;
2 _________________________________ Құжаттар
нотариалды
түрде расталады;
3
Ұйым жетекшісі бекітеді
Диссертацияда ғылыми жұмысты және авторефератын безендіру бойынша
Ереже нұсқауға, стандарттарға, техникалық нұсқаулықтарға,
өзге де құжаттарға
сілтеме жасалады. Алайда сілтеме жасауда аталған құжаттардың толығымен және
бір мәнде көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігі, сондай-ақ құжаттарды
пайдалануда қиындықтардың туындамайтындығы туралы шарт ескерілуі тиіс.
Мұндай жағдайда белгілі бір құжатқа тұтастай және оның жекелеген бөлімдеріне,
қосымшаларына сілтеме жасалады. Құжаттың тармақшаларына, пункттеріне,
кестелеріне және суреттеріне, яғни иллюстрацияларына сілтеме жасалмайды.
Алайда мынадай жайтты есте ұстаған абзал, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық
университетінің магистерлік диссертацияларды дайындау бойынша Ережесінің
жекелеген бөлімшелеріне, тармақшаларына, пункттеріне, кестелеріне, суреттеріне
сілтеме жасауға рұқсат етіледі.
Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме жасауда олардың белгілері ғана
көрсетіледі. Мұндай жағдайда бұл құжаттардың бекітілген мерзімін көрсетпесе де
болады, бірақ стандарттардың атаулары пайдаланылған
әдебиеттер тізімінде
жазылуы тиіс.
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттерге сілтеме квадратты жақшада
көрсетіледі. Мысалы, «Шындықтың бейнеленуінің әдістері мен түрлеріне қарай
барлық деректердің кешендері төрт категорияға бөлінеді: заттай, жазба,
бейнелеу және фоно. Кеңестік деректануда деректердің кешендері ұзақ уқыт
бойы
заттай,
жазба,
ауызша,
этнографиялық,
лингвистикалық,
фотокиноқұжаттар және фоноқұжаттар деп бөлініп келді. Алайда мұндай
типтерге бөлудің принциптері мен критерийлері біртекті болмады, сондықтан
да деректердің топтары бірі шындықтың бейнелену түріне, екіншілері
ақпараттың
сақталу тәсіліне, үшіншілері көріну объектісіне қарай
анықталды»[1].
Бір дерекке сілтеме бірнеше рет жасалатын жағдайда квадратты жақшада сол
сілтеменің реттік саны сақталып, жанына беті көрсетіледі. Мысалы, «Жаңа заманда
ғылым мен техниканың дамуына байланысты шындықтың бейнеленуі және
ақпараттың тасымалдануы жағынан деректердің кино, - фото, фоно тәрізді
түрлерін қалыптастырды. Дегенмен бұл деректер деректанушылардың қарақты
назарының объектісіне айнала қоймады» [1.137].
Анықтамалардың, белгілердің, қысқартулардың,
символдар мен шартты
белгілердің, терминдердің және т.б. сілтемелері баға түрінде беріледі. Сол жағында
алфавиттік немесе еске түсіру ретте қысқартуларды, символдар мен шартты
белгілерді, терминдерді келтіреді, оң жағында олардың түсіндірмесін толық жазып
көрсетеді.
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі олардың диссертация мәтінінде
орналасу ретіне байланысты реттік нөмірмен араб цифраларымен нүктесіз азат
жолдан жазылып көрсетіледі. Егер сілтеме монографияға немесе ұжымдық
зерттеуге, оқу құралына, т.б. берілсе, онда еңбек авторының аты, жөні, атауы,
жарияланған жылы, көлемі көрсетіледі. Мысалы, 1 Ковальченко И.Д.
Методы
исторического исследования. - М., 2003. - 486 с.
Егер пайдаланылған әдебиет газет немесе журнал, бір сөзбен айтқанда
мерзімді басылым материалы болса, онда оған сілтеме жасауда мақала
авторының аты, жөні, атауы жазылады, одан кейін қос қисық таяқша сызылып,
мақаланың
жарияланымы,
жарияланымдағы
беттері
немесе
нақты
пайдаланылған беті көрсетіледі. Мысалы, 2 Адельгужин А. О новых
нормативных правовых актах в области делопроизводства и архивного
дела//Делопроизводство в Казахстане. 2012, №2. – С. 54.
Қосымшалар диссертациялық жұмыстың жалғасы
ретінде пайдаланылған
деректер мен әдебиеттер тізімінен кейін жеке түрде беріледі.
Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалауы тиіс, өйтпеген
жағдайда олардың берілуі түсініксіздікке әкеледі. Қосымшалар диссертация
мәтініндегі сілтемелерге сәйкес ретте қойылады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, жоғары жағында «Қосымша» деген жазу
жазылып, оның белгісі мен дәрежесі көрсетілуі тиіс.
Қосымшаның атауы көрсетіліп, мәтінге байланысты бас әріптермен жеке жолақ
түрінде жазылуы тиіс. Егер қосымшалар көп болатын болса, алғашқысынан
кейінгілері реттік сабақтастықта көрсетілуі қажет. Мысалы, «А Қосымша»,
кейінгілері «Б Қосымша» , одан кейінгілері «В Қосымша» болып жалғасып кете
береді. Егер «А Қосымшаның» өзі бірнеше
қосымшалардан тұратын болса, онда
олар «А Қосымша 1», «А Қосымша 2», «А Қосымша 3» түрінде көрсетіледі.
Қосымшаларды латын әріптерімен де белгілеуге болады.
Қосымшаның беттері диссертацияның негізгі бөлімімен қосылып, жалпы
көлеміне енгізіледі. Олар да диссертацияның беттері тәрізді нөмірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: