Ордабаева жанар мергалиевна



бет1/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#128861
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 802.0/809.43.2 (5 к) Қолжазба құқығында


ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА


ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАМАНДЫҒЫ: 6M01190 ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ

Білім беру магистрінің академиялық дәрежесін ізденуге арналған диссертация

Ғылыми жетекші: ф.ғ.д. Баяндина С.Ж

Қорғауға рұқсат етілді

кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. д.

Исмагулова А.Е.


Көкшетау, 2012



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМДАҒЫ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Тілдік емес модальділік..................................................................................... 9

1.2 Лингвистикалық теориядағы модальділік түсінігі......................................... 13

1.3 Модальділік категориясының тілдік және логикалық аспектілерінің мәселелері..................................................................................................................17

1.4 Модальділік категориясының түрлері..........................................................23

1.5 Ағылшын және қазақ тіл біліміндегі модальділік категориясының зерттелуі.................................................................................................................28


2 АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МОДАЛЬДІЛІКТІҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

    1. Ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік категориясының морфологиялық жолымен берілу тәсілдері...................................................................................35

      1. Ағылшын тіліндегі рай категориясы...........................................................38

      2. Қазақ тіліндегі рай категориясы мен модаль мағыналы аналитикалық форманттар...............................................................................................43

    2. Ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік категориясының лексика-синтактикалық жолмен берілу тәсілдері.........................................................58

      1. Ағылшын тіліндегі модаль етістіктері, модальді конструкциялар мен демеулік шылаулар.........................................................................................59

      2. Қазақ тіліндегі модаль сөздер, модаль мағыналы демеулік шылаулар және модаль баяндауыштар................................................................................65

2.3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің лексикалық жолмен берілуі...................................................................................................................70

      1. Ағылшын тіліндегі модаль сөздер..............................................................70

      2. Қазақ тіліндегі модаль сөздер.....................................................................74

    1. Ағылшын және қазақ тіліндегі модальділік категориясының синтактикалық жолмен берілу тәсілдері......................................................................................83




  1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МӘТІН МОДАЛЬДІЛІГІНІҢ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.1 Мәтін модалділігінің сипаттамасы................................................................91

3.2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мәтін модальділігін жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері.......................................................................................98

3.3 Ағылшын және қазақ тілдерінің мәтіндердегі субьективті және обьективті модальділіктің берілуі..........................................................................................124

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................131

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................135

ҚОСЫМША


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра, салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек баяуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады.Сөздің ауыспалы мағынасы дәстүрлі зерттелуде көбінесе тілді көркемдеуші ретінде танылады.Әсіресе, ауыспалы мағынасының кең тараған түрі метафораға тікелей байланысты болып табылады. Ол көркем әдебиет пен шешендік өнердің адресатқа әсер теу қызметі тұрғысынан зерттеліп келді. Оның тілдік сипатына соңғы уақыттарда ғана көңіл бөліне бастады. Бұл ретте, ең алдымен метафораның адамның ойлау үрдістерімен байланыстылығы және тілдегі әлем туралы білімнің бейнелені заңдылықтарына қатысы ескеріле бастады. Оның тек қана көркемдеуші құрал емес, сонымен қатар тілдің лексикалық, сөзжасамдық сұранысын өтеуші құрал екендігі анықталды. Тілдің күнделікті қатысымдық қызметінде кеңінен қолданылатын метафора шынайы өмірдегі нысандарды атауда тиімді тәсіл болып табылады. Адам күнделікті тілдің қолданыста өзінің бай тәжірибесі арқылы жинақтаған білім қорын кеңінен пайдаланады. Заттар мен құбылыстар ұқсастығы арқылы метафора жинақталған білім қорын белгілі бір мақсатта аталым қажеттілігіне сай қолдануға ашу – қазіргі тіл білімінде енді зерделене бастаған мәселелердің бірі.

Тіл білімінде сөздің ауыспалы мағынасы мәселесі бойынша көне ойшылдар Аристотель, Цицерон, орыс тілі зерттеушілері А.А.Потебня, В.Г.Гак, В.Н. Гелия, Н.Д.Арутюнова, В.Н.Хорченко, А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Б.Хасанов, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Б.Қалиев т.б. зерттеу еңбектерінен орын алады.

Тіл білімінде метафора құбылысы біршама қарастырылған. Дей тұрғанмен, сөздің мағыналық құрылымының дамуымен байланысты метафоралық құбылыстар мен олардың сөйлеудегі қолданысында да өзгешеліктер мен айырым белгілер болатыны анық. Метафора құбылысының сөйлеудегі орны ерекше, олай болатын себебі мағынасы кеңейтетін, сөздердің жаңаша қолданысын туғызатын тәсіл – осы метафора тәсілі.

Метафора туралы В.Н.Комиссаров, И.Я.Рецкер, В.И.Тархова А.Байтұрсыновтан бастап, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, Б.Хасанов, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев сынды ғалымдар жақсы ғылыми пікірлерін білдірген еді. Кейінгі кезде де бұл тақырыпқа байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылуда. Солардың ішінде, әсіресе, А.Сыбанбаеваның, А.Қазанбаеваның, И.Мұратбаеваның т.б, еңбектерін атау орынды болмақ. Бұл ғылыми зерттеулерде метафораның көркем шығармадағы қолданысы, концептуальдық сипаты, термин жасаудағы қызметі сияқты күрделі мәселелер тілге тиек етіледі.

Көркем шығармалар тілінде сөз метафоралық қолданыстар арқылы түрлендіріп, өңделіп, ажарланып, бейнелі құралға айналады. Өйткені, «екі нәрсені салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына» беру көркем шығарма үшін басты қару. Жазушылар тіліндегі метафоралар заттың, құбылыстың белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалып, ойдың дамуына серпіліс береді. Жазушы ойының ұшқырлығы өзге адамдар байқай бермейтін, көре алмайтын құбылыстардың әр алуан белгілері мен қасиеттерін сезіп, көріп, байқауына көмектеседі. Ой ұшқырлығы арқылы танылған жазушы танымы сөз болып кестеленеді де, ол метафоралық сипатта да бейнеленеді. Осы арқылы адамның ойлау дүниесінде күтпеген, батыл ассоциациялар жасалады да, шығарма тілі өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен оқырманын баурап алады.

Зерттеушілердің пайымдауынша, экспрессивтілік пен эмоциялық образдылық кей тіркес сыңарларының метафоралануына ( ішіне ит өлген, тас бауыр(, гиперболалануына (атағы жер жарған, қара қылды қақ жарған(, лексика-грамматикалық қайталануына табу мен эвфемизмнің негізінде өзгертіп, қолдануына байланысты жасалып отыратын сияқты. Көркем шығарманың қымбат қасиеті өмір шығдығы шебер суреттеумен байланысты.


Осылайша ауыспалы мағынаның метафораның және оның қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде берілу жолдарының ғылыми жүйелендірілуі жеткіліксіз және топтастырылмауы ғылыми жұмысымыздың тақырыбын айқындады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауыспалы мағыналардың, метафораның, метонимияның, синекдоханың көркем шығармаларда қолданысын қарастыру арқылы көрініс табатындығын білеміз. Осы жұмыста метафораның қазақ және орыс, орыс және ағылшын , ағылшын және қазақ тілдерінде қалай аударылатынын, үш тіл арасындағы ұқсастықтар мен зерттеп, анықтауымен өзекті болып отыр. Сонымен қатар көп жағдайда метафоралар әр түрлі берілу тәсілдері салыстырылып, жеке алынып қарастырылмаған. Біз жұмыста автор жазушы үш тілде қандай метафоралар арқылы шығарманың мәнін қалай ашатындығын зерттейміз.

Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Теодор Драйзердің «Аяулы Керри» және Джек Лондонның «Ақ азу» көркем шығармаларда метафораның қазақ,орыс және ағылшын тілдеріне қалай аударылғанын және де оның көркемдігін, негізін қалай сақталғанын анықтау.

Зерттеу пәні Т.Драйзердің «Аяулы Керри» және Д.Лондонның «Ақ азу» шығармалары.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі ауыспалы мағыналардың қолдану ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Ауыспалы мағынасының кең тараған стилистикалық бірлігі метафораны мысалға алып, оны үш тілде зерттеп, классификациясын жасау. Оның ерекшеліктерін, ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ашып көрсету. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылып отыр:

  • Қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем мәтіндегі әр-түрлі метафораларды анықтау;

  • Қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі метафораның берілу тәсілдерін анықтап, осы мағынаны білдіретін тілдік және тілдік емес құралдардың сөйлеміндегі бір-бірімен байланысын, қолданыстағы қызметтерін саралау;

  • Қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі метафораның берілу тәсілдерінің өзара айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтау;

  • Ағылшын,орыс және қазақ тілдеріндегі ауыспалы мағынасының берілу тәсілдерін, мағыналық реңктерін айқындап, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Қазақ,орыс және ағылшын тіл білімінде метафораның берілу ерекшеліктері мен айырмашылықтары алғаш рет салғастырыла қарастырылып, осы тілдердегі стилистикалық деңгейде берілу тәсілдері кешенді түрде зерттелді. Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде кездесетін метафоралар кейбір тілде өзінің стилистикалық бейнелілігін жоғалтуы зерттелді.



Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Т.Драйзердің және Д.Лондонның шығармаларын қазақ және орыс тіліне аудармасының ерекшеліктері мен кемшіліктері қарастырылады, оның белгісі шығармалар орыс тілі арқылы аударылды;

  • Қазақ,орыс және ағылшын тілдеріндегі стилистикалық бейнелілігі бар сөздер өзінің ерекшелігін сирек сақтап қалуы;

  • Үш тілге аудару кезінде көбінесе стилистикалық бірлік жоғалып, метафораның тек мағынасы ғана беріледі;

  • Қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде қолдану ерекшеліктері ұлттық байланысқа тәуелді, өйткені әр ұлттың өз көзқарасы, сөздің көрінісі болады;

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі.

Зерттеу барысында салыстырмалы әдісі көбінен қолданылды.

Зерттеу барысында теориялық мәселелерге байланысты М.Блэк, В.В.Виноградов, Е.Маккормак, А.Б.Шапиро, Г.В.Гак, Г.В.Колшанский, М.В.Ляпон,. И.В. Арнольд, Н.Д. Арутюнова, М.М. Бахтин, М. Блэк, В.В. Виноградов, М.В. Никитин, В.Н. Вовк, И.В. Толочин, Г.Н. Скляревская, А. Ричардс. т.б. еңбектері негізге алынды.

Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеу жұмысының қорытындылары мен тұжырымдамаларын салыстырмалы тіл білімінде, теориялық граммтикада және аударма ісінде қолданыла алады.

Зерттеудің практикалық маңызы: Диссертациялық жұмыстың нәтижелері жоғары оқу орындарында қазақ,орыс және ағылшын тілдерінен арнайы курстар мен лекциялар оқуда және семинар сабақтарын жүргізуде көмекші құрал бола алады, сонымен қатар ағылшын тілі мен мемелекеттік бірге үйретуге арналған оқулықты құруда пайдалана алады.

Зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер: Зерттеу барысында құрылымдық-семантикалық талдау, контекстік талдау, салыстырмалы әдіс қолданылды.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен мақұлдануы: Зерттелген жұмыс бойынша 4 мақала жарық көрді. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен нәтижелері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Шоқан тағылымы-15» атты конференциясында «Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі шығармаларда ауыспалы мағыналардың қолдану ерекшеліктері» (2010 ж), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Вестник» «Ауыспалы мағыналардың түрлері және ерекшеліктері» (2011 ж), Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Ауыспалы мағыналардың түрлерінің сипаттамасы» (2012 ж), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Шоқан тағылымы - 16» атты конференцияда «Көркем шығармада метафораның атқаратын рөлі» 2012 ж.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс Microsoft Word 7.0 for Windows жүйесінде компьютермен теріліп, 70 бет көлемінде ұсынылған. Диссертациялық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, оның ішінді бірі теориялық және бір негізгі бөлімнен тұрады.
Джек Лондонның «Ақ азу» шығармасында метафоралардың ның мысалдары:

1. Билл уже скрылся из виду, но в кустах и среди растущих кучками сосен то появлялся, то исчезал Одноухий. (21)

Қалың қарағай мен бұталардың арасында Бірқұлақ оқта-текте бір көрініп жүр. (21)

Bill had already gone from sight; but now and again, appearing and disappearing amongst the underbrush and the scattered clumps of spruce, could be seen One Ear.()

2. Он наблюдал за работой своих мускулов и с интересом разглядывал хитрый механизм пальцев. (23)

Өзінің сіңірлерінің қызметін, айлалы саусақтардың механизмін бас-басыла талдады. (24)

He watched his moving muscles and was interested in the cunning mechanism of his fingers
3. Он потратил половину дня, чтобы растянуть до нее цепь костров, все время держа наготове для своих преследователей несколько горящих веток. (25)

Ол ағашты жандырып, отты соза отырып, қу қарағайға жеткенше, күннің тең жартысы өтіп кетті. (26)

He spent half the day extending his campfire to the tree, at any moment a half dozen burning faggots ready at hand to fling at his enemies.
4. Как только человек скрылся за огненной оградой, вся стая окружила ее,любопытствуя, куда он девался. (27)

Қасқырлар отқа жақын келіп, от қамалдың ішінде көрінбей кеткен адамды іздеп, қайран болып тұр. ( 28)

When he had thus disappeared within his shelter of flame, the whole pack came curiously to the rim of the fire to see what had become of him.
5. Взъерошенная шерсть их заиндевела на морозе, дыхание застывало в воздухе и кристалами оседало на шерсти. (5)

Қатқан өзенді бойлап келе жатқан ит жеккен шана, иттердің дем алысынан шыққан бу қырау болып үстіне жабысып жүнлері сабалақтанған. (5)

Their bristly fur was rimed with frost.
6. Позавтракав и уложив в сани свои скудные пожитки, Билл и Генри покинули приветливый костер и двинулись в темноту. (11)

Жолаушылар ертеңгі тамақтарын ішіп алып, қоқыр-соқыр заттарын шанаға салып алып, лаулап жанған отты тастап, қараңғы жаққа бет түзеп жөнеле берді. (10)

Breakfast eaten and the slim camp-outfit lashed to the sled, the men turned their backs on the cheery fire and launched out into the darkness.

7. В полдень солнце не только согрело южную часть неба, но даже бледным золотистым ободком показалось над горизонтом.(23)

Ол:жүре бергенде-ақ қараңғы болар деп қорыққан еді, ол түс кезінде түстін жақты жылытқанының үстіне, көк жиекте нұрлы сәуле шашыратқан, ақ-аяқ тартқан дөңгелек те көрінді. (23)

At midday, not only did the sun warm the southern horizon, but it even thrust its upper rim, pale and golden, above the sky-line.


8. Волки один за другим подтягивали ей, и наконец вся стая, уставившись мордами в зведное небо,затянула песнь голода. (27)

Қасқырдың бірінен соң бірі соның істегенін істей берді, барлық қасқыр шоңқыйып отырып, тұмысықтарын көкке көтеріп, тегіс ұлып, аштық жырын жырлай бастады. (28)

One by one the wolves joined her, till the whole pack, on haunches, with noses pointed skyward, was howling its hunger cry.

9. Человек пытался выйти за пределы огненного кольца, но волки кинулсиь ему навстречу. (27)

Генри от қоршаудың сыртына шығып байқап еді, қасқырлар дүрсе ұмтылды. (28)

The man attempted to step out of his circle of flame, but the wolves surged to meet him.


10. Волна дремоты снова охватила Генри, голова его ушла на колени, но вдруг он вздрогнул и проснулся. (28)

Ұйқы мастығы Генриді тағы билеп кетті. (29)

Sleep was welling up and gripping him again, his head was sinking down upon his knees, when he roused with a sudden start.
11. Пришел ее час – что случается редко,-когда шерсть встает дыбом, клык ударяется о клык, рвет, полосует податливое тело,- и все это только ради обладания ею. (33)

Оның кемеліне келіп тұрған күні, - мұндай бақыт сирек болатын іс,-қылшықтары кішірейіп, азулар сақылдап көп терілі денелердіңасылып жатқаны бір өзі үшін екеніне мәз болып отыр. (34)

This was her day - and it came not often - when manes bristled, and fang smote fang or ripped and tore the yielding flesh, all for the possession of her.
12. Ее влекли к себе укромные местечки под упавшими деревьями и она проводила целые часы, обнюхивая запорошенные снегом расселины в утесах и пецеры под нависшими берегами реки. (34)

Ол құлаған ағаштың астындағы тасаға қызыққан сыяқтанды, өзен жағасындағы жартас түбіндегі күртін қарды иіскелеп бір сағатта айнақталайды. (36)

The hollows under fallen trees seemed to attract her, and she spent much time nosing about among the larger snow-piled crevices in the rocks and in the caves of overhanging banks.
13. До их слуха донеслись звуки собачьей грызни, гортанные голоса мужчие, пронзительная перебранка женщин и даже тонкий жалобный плач ребенка. (35)

Олар иттердің ырылдасып таласқанын, еркектердің барқылдап кейігенін, әйелдердің шаңқылдағанын, тіпті жас балалардың дауыстары естіді. (37)

To their ears came the sounds of dogs wrangling and scuffling, the guttural cries of men, the sharper voices of scolding women, and once the shrill and plaintive cry of a child.
14. В воздухе чувствовалась весна, под снегом зарождалась жизнь, деревья набухали соком, почки сбрасывали с себя ледяные оковы. (38)

Бұл маса, маса атаулының ішіндегі зорының бірі көрінеді, қыс бойы ағаштың бір құрғақ жарығында жатып шығып, күн көзімен тіріліп жүргені көрінеді. (41)

The feel of spring was in the air, the feel of growing life under the snow, of sap ascending in the trees, of buds bursting the shackles of the frost.
Т.Драйзердің «Аяулы Керри».
1.Деревья на противоположной стороне улицв качались мертвыми ветвями, напоминая девушке картину, которую она часто наблюдала в декабрьские дни из окна родного дома. (60)

Көшенің қарсы жақ бетіндегі ағаштардың сидаң бұталары дірдек қағып шайқала түседі, бұл кқрініс қыздың есіне туған үйінде желтоқсанның ызғырық желін терезеден бақылап тұрған сәттерді түсірді. (103)

Somehow the swaying of some dead branches of trees across the way brought back the picture with which she was familiar when she looked from their front window in December days at home.
2. Зима наносит удар в сердце всякой жизни, одушевленной и неодушевленной. (72)

Қаһары қатты қыс мырза тіршілік атаулыны тұтас, жанды, жансызбен бірдей дірілдете алады. (118)

If our streets were not strung with signs of gorgeous hues and thronged with hurrying purchasers, we would quickly discover how firmly the chill hand of winter lays upon the heart; how dispiriting are the days during which the sun withholds a portion of our allowance of light and warmth. We are more dependent upon these things than is often thought.
3. Когда на его горизонте засиял новый свет, старое светило совсем померкло. (87)

Енді, міне, көкжиектен жарқырай көтеріген көгілдір жалын, ескі шамның жарығын мүлдем сөндіріп тастағандай. (136)

Now that a new light shone upon the horizon, this older luminary paled in the west.
4. Зараженная его живостью, она повеселела, раскрыв лучшее, что было в ней. (90)

Ақжарқын көңіл, ақжарма әңгіме жанын жадыратып, көзінде қуаныш оты шалқыған. (140)


5. Это был расцвет чувств, прозябавших в сухой и бесплодной почве уже много лет. (92)

Бұл бірнеше жылдар бойы қатып-семіп қалған көңілдің селк етіп оянуы еді. (143)




  1. ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМДАҒЫ МОДАЛЬДІЛІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


1.1 Тілдік емес модальділік
Модальдылық термины әр түрлі ғылымдарда пайдаланады. Олар: философия, тіл білімі және әдебиеттану. Ол өлшем, тәсіл деген мағынаны білдіретін «modus» латын сөзінен шығады. Философияда кез келген объектінің тіршілігінің немесе құбылыстың өтуінің тәсілін білдіретін онтологиялық модальдылық және объектіні, құбылысты және жағдайды түсіну тәсілін білдіретін гнесеологиялық (логикалық) болып бөлінеді [1].

Модальдылық мағына туралы ойлар алғашқы рет Аристотельдың «Метафизика» еңбегінде пайда болды. (ол үш негізгі модальдық мағынаны атап көрсетеді. Олар: қажеттілік, мүмкінділік және шындық, кейін бұлар классикалық философиялық жүйеге енді [2].

Философиядағы модальділік логикадағы модальділікпен тығыз байланысты. Өйткені алғашында логика ғылымы адамның ойлауындағы обьективті айнала туралы білімдерді біріктірген ғылымдардың бірі болып саналды.

Модальдылық жайлы тұжырымдарды біз Аристотельдың ізбасарлары Теофраст және Евдем Родосской, кейін ортағасырлық схоластардың жұмыстарынан табамыз. Михаил Энштейн «Мүмкіншілік философиясында» гуманитарлық ойлаудың әр-түрлі салада модальдылықты зерттеуге түрлі тәсілдерді жинақтап қорытады. Кітаптың атауы айтып тұрғандай негізгі философиялық пайымдауларды автор мүмкінділік категориясының негізінде құрады. Негізгі мәселе ретінде философиядағы болмыс және білім, болмыс және ойлау деген категориялардың өзара қатынасын қарастырған. Оның кітабында мүмкінділік осы категориялардың тұжырымдауының негізі ретінде алынып, және осындағы мүмкінділік формальді-логикалық емес, гуманитариялық ойлауда модальділіктің ерекше түрі болып саналады [3].

Философиядағы негізгі сұрақтардың бірі мүмкінділікпен мен шындықтың арақатынасы болып отыр. Осыған негізделе көптеген ғалымдар мүмкінділіктің шындықпен байланысын көп зерттеген. Оларға В.Лейбництің мүмкін әлемдер бары туралы идеяның авторының ойлары, және оларды жоққа шығарған номиналист Д.Армстронгтың ойлары, сонымен бірге біздің өмір мен қатар паралельді басқа әлемдердің бар болу мүмкіндігі туралы ойлаған реалист Д.Льюистің гипотезелары, субьетивті жағдайға енгізілмейтін өзгертулерсіз классикалық метафизика (әлем осындай немесе осындай емес және ол осындай болып қала береді). Алайда осы пайымдаулардың ешқайсысы мүмкінділіктің табиғатын түсіндіре алған жоқ [4].

М.Н.Энштейн тіпті тарихи-философиялық мәселелердің шартты райсыз жүзеге асырылмайтынын айтқан. Әрі қарай атақты әдебиетші тіл мен философия арасындағы байланысты түсіндіреді. Кез келген әлемнің белгілерін сипаттау, мүмкін немесе істей алу предикаттарымен тығыз байланысты және олар білу мен болу предикаттарымен байланыста болады.

2002 жылғы философиялық энциклопедиялық сөздікте модальділік жағдай мен болмыстың мүмкін түрі немесе тәсілі болып анықталған. Ол модальдылық туралы түсінікті негіз болатындардың қатарына жатқызып, болмыстың үш шын, негізгі шындық, мүмкіншілік және қажеттілік модальдылықтарына сүйене отырып, өзінің мүмкінділік теориясын құрады. Солардың ішінде айтарлықтай маңызды деп мүмкіншілік модальдылығын атап көрсетеді, өйткені ол екі басқа модальдылықты анықтайды [5].

Осы айтқандарды қорытсақ, кез келген зерттеу тілдің қатысуынсыз өтпейтіндігіне көз жеткіземіз.

С. Рагуленко модальдылық мәселесін шешуде қызықты жолын ұсынады. Ол бұл сөзді философиялық тұрғыдан қарастырып, миф сөзін құндылықтар жүйесі және шындықты түсіндіруде белгілі тәсәліге ие идиология ретінде қарастырған. Осылайша, модальдылық термины Рагуленконың түсіндіруінше ол- адамның қоршаған әлемге деген көзқарасын анықтайтын көзқарастың бір бұрышы [6].

Философия сияқты тіл білімі де модальдылықтың үш түрін, етістіктің үш негізгі райын атап көрсетеді. Олар: ашық рай (бар), бұйрық рай (бол) және шартты рай (болса, болса ғой). Тіл білімінде модальдылық айтылғанның шындыққа қатысының әр-түрлі түрлерін білдіретін «функционалды-семантикалық категория» ретінде анықталады [7].

Модальділік категориясы жайлы лингвистикалыұ тұрғыдан ой, пікірін Ш.Балли айтқан деп саналады. Батыс Еуропалық тіл білімінде Ш. Баллидің модальдылық концепциясы кеңінен таралған. Оның мәні кез келген айтылған сөзде негізгі мазмұнын (диктум) және диктумға қатысты айтушының интеллектуалды, эмоционалды және ерікті козқарасын білдіретін модальдық бөлігі (модус) атап көрсетуінде. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша мұндағы диктум кең мағынада белгілі бір оқиғалардың, заттардың ұалпын (предметная ситуация) көрсетсе, модус диктумдағы субьектінің кім, не туралы, қашан, кімге не айтқанын (сөйлеу жағдаятын) білдіреді. Осыдан Ш.Баллидың модусты, яғни модальділік категориясын кең мағынада түсіндіргендігін көруге болады [8].

Психологияда модальділік термині белгілі сенсорлы жүйеге жататындығын білдіріде және сезімді сипаттау үшін қолданылады. Адамда болатын сезімдер рецепторлар (құлақ, көз, мұрын, тері, тіл) арқылы қабылданып қорытылған қоршаған обьективті ортаға жауабы. Осылайша модальділік термині психологияда сенсорлы жүйедегі түрлі сезімдердің пайда болуы деп аталады. Мысалы сигнал (обьективті ортаның заты) бір ақпаратты білдіретін, алайда белгілі түрде ұсынылған. Мысалы: сурет, иіс, спай сезу, дәм және дыбыс осыған сәйкес әр түрлі модальділікті қамтиды. Осы айтылғанға сүйенетін болсақ психологиядағы сезімнің модальді сипаттамасы басқа сипаттамаларға қарағанда обьективті шындықты арнай кодталған формада көрсетеді [9].

Біз обьективті шындықты түрліше қабылдаймыз, сондықтан бір затты оның қалай көрінгенініе байланысты түрлі модальділік, яғни көз арқылы, құлақ арқылы, сезу арқылы қабылданады. Психологиядағы модальділік адамның белгілі сенсорлы жүйесінде сезімнің сапалы сипаттамасын білдіреді, сонымен бірге кодталған күде берілген қабылданған сигналдардың сипаттамаларын білдіреді. Психологияда модальділік термині эмоцияны айқындайды.

Психологиялық сөздікте эмоция деп инстинктілермен, мотивтармен айланысты арнайы психологиялық күйлер мен процесстердің тобы және олар уайым, қайғы, қуаныш сияқты сезімдер арқылы көрініс табады. Психологиядағы модальділік тұлғаның эмоционалділігінің сапалы жағын қарастырады, сондықтан психолог ғалымдар эмоциональділіктің модальді құрылысы туралы айтады. Осы көзқарас психологияда эмоция және эмоционалді модальділік деген түсініктерді айқындайды [10].

Модальділіктің эмоциональділікпен байланысының арқасында модальділіктің аясы кеңейеді. Қорқу, қуаныш, ашу сияқты негізгі модальділіктерден басқа эмоционалді модальділік қатарына жек көру, уайым, немқұрайлық, өзіне деген сенімділік сезімі, зерігу және т.б. жатады.

Адамдар вербальді қарым-қатынас жасау барысында эмоцияларды білдіреді. Ғалымдардың пікірінше эмоциялар тілде сөйлемнің интонациясы арқылы көрінеді. Ал интонация субьективті модальділікті білдірудің бір тәсілі болып табылады. Субьективті модальділік обьективті модальділікпен бірге қолданылып тілдегі модальділік категориясын құрайды.Осылайша біз психология мен тіл білімі арасындағы байланысты көреміз. Әсіресе осында сөйлеудің индивидтің ойында қалай туатындығын зерттейтін ғылым психолингвистика маңызды рөл атқарады [11].

Автордың эмоционалды жағдайы қандай лингвистикалық құралдарды қолдануды таңдауға әсер етеді деген пайымдау жасай аламыз. Шынында да эмоциялардың ерекшелігі олардың анық көрсетілген жағдаяттық сипаты болып табылады, яғни субьектінің мүмкін жағдайға қатысты бағалағыш қатынасының білдірілуі болып табылады [12].

Белсенді эмоциялар тілдік құралдарды пайдалануда жоғары интонациямен қатар. жағдайға деген субьективті қатынасын білдіретін одағайлар, модальді демеуліктерді қолданады. Ал пассивті эмоциялар обьективті модальділік арқылы I wish I were конструкциясы және төмен, ақырын интонация арқылы беріледі.

Сонымен қатар А.П.Бабушкинның пікірінше эмоцияны білдірудегі тілдік құралдарды таңдауда әлеуметтік факторлар сөйлеушінің жасы, оның білім деңгейі және лауазымы әсер етеді [13].

Айтқандарды қорыта келе біз келесідей тұжырым жасай аламыз. Адамдарға модальді реңкпен сипатталған эмоциялар тән. Осылайша тілдік құралдарды таңдауда қатысатын белсенді және пассивті эмоцияларды бөліп қарастыруға болады. Демек, тілдік және психологиялық модальділік арасындағы байланыс анық, ал психологиядағы тілдік модальділік сөйлеушінің субьективті бағасын немесе қатынасын білдіретін құралдар арқылы беріледі.

Модальділіктің этикамен байланысы туралы айтатын болсақ, этика қоғамда үлкен рөл атқаратын мораль туралы ғылым философиялық пән болып табылады. Ол обьективті әлеуметтік қажеттілікті, адамдардың, қоғамның қажеттіліктерін, субьективті түрдегі тарихи дамуды білдіреді. Ол керекті деп ұсынылады [14].

Алайда адамгершілік нормалар жазбаша түрде бекітілмеген, олар ауыз екі тілде ғана ауызша өмір сүреді, сондықтан олар еркін тіл құралдары арқылы қолданылады. Моральді нормаларды білдіруге арналған тіл құралдары үш топқа бөлінеді: міндеттілік, тыйым салу және рұқсат беру. Олар керек, тиіс емес, болады деген модальді операторлар арқылы жүзеге асырылады.

Әр түрлі тілші ғалымдардың тұжырымдамаларында осы түсініктің көлемі және оның тілдік құбылыстарды қамтуы сәйкес келмейді. Қазіргі тіл біліміндегі модальдылық терминінің мағынасы өте кең болып табылады және екі автордың модальдылық терминын бірдей түсінуі өте қиын, алайда осы құбылыстың кез келген тусіндірмесіне баға беру (көзқарас) элементі кіреді. Ашық немесе жасырын түрде берілген қатынас кез келген модальдылықтың түсіндірмесіне енеді. Осыған сәйкес бағаға ие болудың негізінде тілден тыс шындық немесе айтылғанның өзі обьективті және субьективті модальдылық болып бөлінеді [15].

Осылайша, біз модальділік категорияның ғылымның әр-түрлі салаларында көрініс табатын және бірқатар ғылыми тәсілдердің негізі болған әмбебап категориялар қатарына жатқыза аламыз. Модальділік түсінігі философия және логикада пайдланылған, ал тілді зерттеуде модальдылық белгі бойынша айтылғанның классификациясысыз елестету қиын.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет