Ордабасы ауданы бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы 01. 01. 2012 жылға



жүктеу 26.4 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі26.4 Kb.
Ордабасы ауданы бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің

ОРЫНДАЛУЫ

01.01.2012 жылға

Ауданның 2011 жылға арналған бюджетінің көлемі 6 млрд. 781 млн. 816 мың теңге, оның ішінде жергілікті кірістері 431 млн. 878 мың теңгеге бекітілген болатын. Жыл ішінде 6 рет нақтылау барысында бюджет көлемі 8  млрд. 060 млн. 809 мың теңгеге бекітіліп, 1 млрд. 278 млн. 993 мың теңгеге ұлғайды, оның ішінде:



  • жергілікті кірістер – 42 807 мың теңгеге;

  • ағымдағы нысаналы трансферттер – 743 451 мың теңгеге;

  • нысаналы даму трансферттер – 492 735 мың теңгеге.

Жыл қортындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігі 100,4 пайызға орындалды (жоспар – 8 млрд. 060  млн. 809 мың теңге, түскені – 8 млрд. 089 млн. 089 мың теңге). оның ішінде:




  1. жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдер 100,4%-ға орындалып, 28 млн. 280 мың теңге артық түсті (жоспар – 474 млн. 685 мың теңге, түскені – 502 млн. 965 мың теңге). Аудан бюджетіне түскен түсімдердің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 71 млн. 151 мың теңгеге артты.

  2. облыстық бюджеттен алынған трансферт жоспардағы 7 млрд. 586 млн. 124 мың теңге 100 пайыз түсті.

    • Заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 9,1 пайызға орындалды, немесе жоспардағы 1 млн. 356 мың теңгенің орнына 124 мың теңге өндіріліп, 1 млн. 233 мың теңгесі қазынаға түспей қалды. Атап көрсеткенде:

    • «Екпінді» ӨК – 933 мың теңге;

    • «Иген» ӨК – 300 мың теңге.

Себебі аталған заңды тұлғалар банкрот болып болып жариялынып, «Екпінді» ӨК құжаттары Шымкент қаласы Абай учаскелік сотына беріліп, сот 1 млн. теңгені өндеру жөнінде шешімін қабылдаған, алайда ешқандай мүлкі, құнды қағазы, банктік есеп шотында қаржы жоғы анықталып, орындау қағасы орындаусыз қайтарылды. Ал «Иген» ӨК банкрот болып жарияланып, қарыздары өтеу мұрагерлігі «АВК Темірлан» ЖШС-на өткен, қарызын аталған заңды тұлға өтеуде (100 мың теңгені 2010 жылы өтеген).



  1. Ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар 100 пайызға орындалды (94 млн. 820 мың теңге).

  2. Жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 260,3 мың теңгеге орындалмады (жоспар – 1 173 мың теңге, түскені – 912,7 мың теңге), себебі төлеу мерзімі келмеген.

Сондай-ақ, орындалмаған кіріс көздерінің саны 2010 жылы жоспары 1 түрінен орындалмаса, 2011 жылы да оның саны 1-уі болып отыр.

Пәтер алушы азаматтардың қаржысының тапшылығына байланысты орындалу 756,3 мың теңгені, немесе пайызбен 15 құрады. Бұл түсімді өндіру үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты жұмыс жүргізілуде. 2011 жылы тиісті аумақ әкімдеріне хат жолданып, пәтер алған азаматтарға жеке түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ай сайын аз мөлшерде өндіріліп отыр.

Бюджет шығындарының игерілуі 2011 жылы 99,8 пайызды құрады, немесе жоспардағы 8 млрд. 218 млн. 319 мың теңге 8 млрд. 205 млн. 662 мың теңге болып игеріліп, 12 млн. 657,3 мың теңгесі игерілмей қалды. Бұның негізгі себебі:


  • мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша 9 млн. 271 мың теңге үнемделген;

  • 3 млн. 386 мың теңге аудандық бюджеттен қаржыландырылатын барлық бюджеттік бағдарламалардан үнемделу есебінен игерілмеді.


01.07.2012 жылға

01.07.2012 жылға аудан бюджеті кіріс бөлігінің жоспары 4 565 233 мың теңге болса, нақты түскені 4 483 512,5 мың теңге, немесе жоспар 100,4 пайызға орындалды. Оның ішінде жергілікті бюджет түсімдерінің жоспары 280 075 мың теңге болса, орындалуы 298 677,5 мың теңге, немесе 106,6 пайызға орындалды. 2012 жылдың жарты жылдығында барлық салық түрлерінен жоспар орындалды.



01.07.2012 жылға аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша жоспар 4 604 576 мың теңге болса, орындалғаны 4 503 210.6 мың теңге, яғни жоспар 97,8 пайызға орындалды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет