Өрел ауылдық округінің әкімі Е. Көбешевтің 2015 жылғы қаңтар айында ауыл тұрғындарымен болатын кездесудегі есептібаяндамас ы



жүктеу 63.37 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі63.37 Kb.
Өрел ауылдық округінің әкімі Е.Көбешевтің

2015 жылғы қаңтар айында ауыл тұрғындарымен болатын кездесудегі

есепті б а я н д а м а с ы.

Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі « Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық алдындағы есепті кездесулерін өткізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайын әкімдерлің ауыл тұрғындарымен еепті кездесулері өтіп отыратынын білесіздер.

Ауыл тұрғындарын еліміздегі әлеуметтік – экономикалық, саяси реформаларға қосқан үлесі мен алдағы міндеттері туралы хабардар ету есепті кездесулердің маңыздылығын айқындай түседі.

Өткен жылғы есеп беру кезінде айтылған ескертпелер мен ұсыныстарға тоқталатын болсақ о л а р:



Еңбек ауылы бойынша. Ауылға мәдениет үйінің қажеттілігі. Ауыз су мәселесін түбегейлі шешу. Бұқтырма өзенінің жағалауын шегендеу.

Аршаты ауылындағы басты мәселе – жол қатынасының нашарлығы. Құрылысы аяқталмаған нысандарды бітіріп пайдалануға беру.

Өрел ауылында ауыз су мәселесін түбегейлі шешу.

Бұлардан басқа көтерілген мәселелер күнделікті жұмыс барысында қаралып, мүмкіндігінше шешіліп отырды. Олар:

Кәсіпкерлекпен шұғылданамын деген азаматтарға үнемі қолдау көрсетіп отыру, жер пайдалануға байланысты туындаған мәселелерді уақытында шешіп отыру, жұмыспен қамтуға байланысты туындаған мәселелерді уақытында қарап шешіп отыру ауылдық округ әкімі аппаратының күнделікті жұмыс барысында шұғылданып өз құзіреті шеңберінде атқарған жұмыстары.

Шешілуі кейінге қалдырылып мәселесі қордаланған Еңбек ауылы аудан әкімінің 2014 жылғы тамыз айының соңындағы болған ең алғашқы кездесуінде қарастырылып, жиналып қалған негізгі мәселелерді шешу үшін нақтылы тапсырмалар берілген. Қорытындысында «Бұқтырма» өзенінің арнасын түзету, өзен жағалауын шегендеу, тұрғындар ауыз су алып отырған

ауылдағы жалғыз су көзін өзен арнасының астында қалудан сақтап қалуға бағытталған алдын – алу жұмыстары 2014 жылдың күз айында қысқа мерізімде атқарылды. Оңтайландыру кезінде жеке меншікке өтіп кеткен ауыл клубы қайтарылып алынып ғимаратқа күрделі жөндеу өткізу үшін 15 млн. теңгеге смета жасалынып қаражат бөлінді. Жалпы құны 10,1 млн. теңгеге ауылға су құбырын тартуға смета жасалынып қаражат бөлінді. Аймақтарды дамыту бағдаламасы аясында жыл сайын берілетін 1,9 млн. теңге қаражатқа ауыл көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқару үшін смета жасалынып бекітілді.

Өткен 2014 жыл Аршаты ауылының тұрғындары үшін әлеуметтік жағдайын жақсартуда өте табысты жыл болды. Үш бірдей құрылыс нысаны аяқталып пайдалануға берілді. Олар: жалпы құны 277 млн. 876 мың теңгені құрайтын «Бұқтырма» өзеніне жаңа көпір салынды. Жобалау сметалық құны 36 млн. теңгені құрайтын бастауыш сынып ғимараты. Жобалау сметалық құны 71 млн. теңгені құрайтын спорт зал ғимараты салынып пайдалануға берілді. Аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бөлінген 1 млн. 700 мың теңгеге ауылдың орталық «Күншығыс» көшесіне құм-тас төгіліп жаймаланды. Аудандық «Нарын» мекемесі арқылы игерілген қаражатқа жергілікті маңыздағы 14 шақырымдық Берел – Аршаты бағытындағы жолға ағымдағы жөндеу өткізілді.

2014 жыл Өрел ауылы тұрғындары үшін маңызды мәселе ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету түбегейлі шешілді. Жобалау сметалық құны 439 млн. теңгені құрайтын жалпы ұзындығы 13 шақырымнан тұратын су құбырының құрылысы басталды. Құрылыс 2 жылға жоспарланған. Үстіміздегі жылдың қараша айында пайдалануға берілмекші. Мердігер мекеме «Жарма құрылыс газ» ЖШС 2014 жылдың мамыр айынан бастап құрылысқа кірісті. Бүгінге жоспарланған 162 млн. теңге толығымен игерілді. 2 су таратқыш мұнара, 2 су жинап сақтайтын орын, негізгі және көмекші 2 су айдағыш станция ғимараттары салынды. Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын су өткізгіш пластикалық тұрбалар тартылып 44 құдық қойылды. Бүгінге Қ.Рысқұлбеков, Б.Момышұлы атындағы көшелерге толығымен, М.Бекпау көшесінің бір бөлігіне су құбырын тарту жұмыстары атқарылды. Мердігер мекеме жұмысқа кіріскеннен бергі мерізімде ауыл тұрғындарынан 6 адам осы мекемеде үзбей жұмыс істесе жұмыс қарқынды жүретін жаз айларында қосымша тағы 6 адамды жұмысқа орналастыру көзделуде.

Елбасының халықтың әл – ауқатын көтеруге бағытталған саясатының арқасында Өрел ауыдық округіне қарасты барлық ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға үнемі көңіл бөлініп бюджет қаражаты қарастырылуда. Мемлекет тарапынан болып отырған қолдау мен көмек ауыл тұрғындарының көңіліне берік сенім ұялатты. Ауылдықтар тарапынан Үкіметтік бағдарламаларға қатысып, кәсіпкерлікпен айналысып өз ісін бастауға талпыныс көбейді. Тек соңғы жылдары ғана «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының 2 ші бағытына қатысып 28 отбасы 62 млн. теңгенің несиесін алды. Отбасын, өзін жұмыспен қамтып жаңа жұмыс орындарын ашты. Өз кәсібін өрістетуге мүмкіншілік алды.

Елбасының 2015 жылғы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында атап көрсетілгендей ел экономикасының дамуы кәсіпкерліктің дамуына тікелей байланысты. Бүгінде тұрғындар ауылға нендей кәсіп көзі қажет екенін ұғына отырып шаруасын жүргізуге тырысуда. Біздің өңірде туризмнің дамуы, жол бойындағы сауда – саттықты дамытудың қажеттілігі жылдан – жылға ауыл тіршілігіне ендеп кіруде. Осы мақсатта алғашқылардың бірі болып ауылдың кіре берісіне жол бойына «Алғабас» шаруа қожалығы Дүйсембаев Қайырды кафе ашты. Алда шағын автокөлік жөндеу шеберханасы мен автокөлік жуатын орын ашуды жоспарлауда. Жаз айларында қымыз өндірумен шұғылданушылар көбейуде. Әсіресе жол бойында бие байлап қымыз өндіретіндер қызмет көрсету деңгейін арттырып, ұлттық тағамдар сүт өнімдерін саудалаумен де шұғылдануы қажет. Бұл бүгінгі күннің талабы. Ауылға келген қонақтар мен туристерді қабылдап қонатын орынмен, тамақпен қамтамасыз етіп «шағын қонақ үйлер» ашқан адамдар біртіндеп көбейіп келеді. Бүгінгі күні ауыл туризмін дамытудың осы маңызды бөлігінде де жақсартуды қалайтын жұмыстар көп. Осындай шағын қонақ үйлерінің жабдықталуы, қызмет көрсету деңгейін арттыру, ұлттық болмысымызды көрсете біліп дәріптеу, сауда мәдениетін үйрену кем болып жатады. Ауыл туризмін жарнамалау, ғаламтор көмегін пайдалану қалыптаспаған. Осы бағытта ауылдық округ алдында атқаратын жұмыстар көп. Бүгінде оның шешу жолдары қарастырылуда.

2015 жылға жалпы саны 19 нақтылы жобалар қабылданған. Оның 11 жобасы ауылшаруашылығы бойынша, 8 жоба кәсіпкерлікті дамыту мен ауыл туризмін қолдауға арналған жобалар. Бұл жобаларды іске асыру барысында 51 млн. теңге қаражат игеріліп 30 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Жоспарланған жобаларды игеру барысында 19,5 млн. теңге сол жобаларды іске асырушылардың өз қаражаты есебінен, 31 млн. теңгесі Үкіметтік бағдарламаларға қатыса отырып несие алу жолымен атқарылмақшы. Қабылданған жобаларды іске асыру барысында ауылдық округте мал басының барлық түрлерін көбейту, малдан алынатын өнімді молайтуға қол жеткізу мақсат етіп қойылған. Кәсіпкерлікті қолдай отырып жол бойында, ауылдарда қымызханалар ашу, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орындарын ашу, кәдеси жасап сататын шағын шеберхана ашу, мал терісі мен жүн қабылдайтын орын ашу көзделген. Осындай шараларды іске асыра отырып ауыл тұрғындарының кірісін молайтуға қол жеткізу түпкілікті мақсат етіп қойылған.

Ауыл тұрғындарының табысын молайтудың пайдаланылмай отырған резерві - ол сүт өндіріп саудалау. Бүгінгі күнге ауылдық округте 1900 бас сиыр бар. Бірақ осы маддан сиыр сүтін сауып пайдаға жарату деңгейі өте төмен. Көптеген отбасылар сиыр ұстай отырып оны саумайды. Сүтті, сиыр сауып отырған ауылдасынан әр литрін 100 теңгеге сатып алады. Немесе дүкеннен жасанды сүт сатып алады. Босқа ысырап болып жатқан пайданы іске жарату – міндет.

Бюджет қаражатына 2014 жылы атқарылған істер мен қатар ауыл тұрғындары тарапынан да белсенділік танылып құлшыныс байқалуда. Жыл көлемінде 42 отбасы қоршау шарбақтарын жаңаласа 28 отбасы үйлерінің шатырын ауыстырып көрнекті әсем етіп үйлерін қаптады. Жеке кәсіпкерлер Болаева Балжан, Көшербаева Жанар дүкендерін, наубайханасын кеңейтіп ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Негізгі сала мал шаруашылығы баолып отырған өңірде мал басын көбейтуге, мал тұқымын асылдандыруға бағытталған Үкіметтік бағдарламаларға қатысудың маңызы үлкен. 2014 жылы «Жайлау» бағдарламасына қатысқан Аршатылық Қасымханов Телжан, Өрел ауылынан Дүйсембаев Қайырды 200 бас саулық қой алып мал басын көбейтіп өсіруге ден қойуда. Мал тұқымын асылдандыруда «Сыбаға» бағдарламасының берері көп. 2013 жылы Аршатылық Жатағанов Шалқар осы бағдарламаға қатысып «Қазақтың ақ бас сиыры» тұқымының бұқаларын әкелді. 2014 жылы бұл бағдарламаға қатысушы болған жоқ. Сол сияқты «Құлан» , «Алтын асық» бағдарламаларына қатысуға ниет білдіргендердің де алдынан шығатын бірден – бір күрделі мәселе – ол несие кепілдемесінің өте жоғары болуы. Жоғарыда атап көрсеткендей қымыз өндіру көлемі жылдан – жылға көбейіп келеді. Айталық 2012 жылы – 272 ц-р, 2013 жылы – 320 ц-р, 2014 жылы – 350 ц-р қымыз өндірілсе осы қымызды өндірушілер мемлекет тарапынан төленетін субсидияны алуға қол жеткізе алмай отыр. Шаруа қожалықтарының қолда бар техникасын жаңартудың бір ұтымды жолы – ол аналық сиыр малының басын көбейту арқылы алған жаңа техникасының жарты бағасына мемлекет тарапынан берілетін қолдау – жеңілдікті пайдалану. Осындай жеңіліктерді ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары кешеуілдеп пайдалануда. Оның бірден – бір себебі ауылдық округте тіркелген 148 шаруа қожалықтары негізінен ұсақ, отбасылық тәсілмен ашылған. Сол себепті жеңілдіктер мен субсидияларды алуға қол жеткізу үшін шаруа қожалықтарының бірлестіктерге бірігіп іріленуі бүгінгі күннің талабы.

Ауылдық округ орталығы Өрел ауылының 2012 жылдан бері «тірек елді мекендерінің» қатарына еніп мемлекет тарапынан қаражат бөлінуі, ауыл әлеуетінің артуы, ауыл тұрғындарына тіршілік ету үшін барлық жағдайдың жасалуының арқасында ауыл іргелес елді мекендер үшін шын мәнінде «тірек» болды. Оған дәлел ауыл халқының соңғы жылдары біршама тұрақтанып, ішкі көші – қон мәселесінің оң сипат алуы. Дүниеге келген нәрестелер санының біртіндеп өсуі. Мектеп өқушыларының, балабақша тәрбиеленушілері санының тұрақтануы. Алда әрине атқарылар жұмыстар көп. Оның барлығы да ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының түзелуіне, өзін -өзі жұмыспен қамтып, отбасын, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағыттала беретін болады.



Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет