Қорғасын және мырыш өндірісі кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің талаптары



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген



Қорғасын және мырыш өндірісі кезіндегі өнеркәсіп

қауіпсіздігінің талаптары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Өндірістік қауіпсіздік талабы қорғасын және мырыш өндірісін жобалауға, құрылысына, пайдалануға, реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, консервациялауға және таратуға арналған.




2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға,

имараттарға қойылатын талаптар

2. Қорғасын және мырыш алу жөніндегі өндіріс аумағы көркейтілген және тазартылған болады. Жазғы уақыттарда жолдар мен өтетін жерлер сумен суарылып, қысқы уақытта мұз бен қардан тазартылып отырылады.

3. Ұйымның қарамағындағы жолдар, қозғалмалы құрам, байланыс, сигнализация және теміржол көліктерін блокировкалау ғимараттары көлік және коммуникация министрінің 2000 жылғы 17 ақпандағы № 109-1 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану Ережесінің» талаптарына сәйкес жүргізіледі.

4. Тротуарлар мен автомобиль жолдарының теміржолдармен қиылысу орындарында адамдар және көліктер жүретін орындар орнатылады.

Теміржол арқылы өтетін өткелдер мен торабтардың рельстер бастарымен бір деңгейдегі төсеулері болады және қажетті ескерту белгілерімен, сигналды құрылғылар мен қоршаулармен жабдықталады.

5. Материалдарды теміржол вагондарынан түсіру және оларға өнімдерді тиеу механизацияланған.

6. Автомашиналарды, автокрандардың, электркарлардың және басқа да рельссіз көліктердің ұйымның аумағындағы қозғалу жылдамдығы өндірістік ғимарттаға кіру және шығу және оның ішінде 5 км/сағ аспайтын болып жобамен бекітеді.

Өндіріс аумағында және өндірістік ғимараттардағы көрсетілген көліктердің қозғалысы жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдарды қолдана отырып, жол белгілерімен реттеледі.

7. Цехтар аумағындағы барлық люктер мен құдықтар техникалық жағынан дұрыс болады немесе биіктігі 1,0 м кем емес тасымалданатын құралдармен қоршалады.

Технологиялық мақсаттар үшін немесе жөндеу немесе құрылыс жұмыстарына байланысты орнатылған шұңқырлар, арықтардың биіктігі 1 метрден кем емес қанатты немесе тұтас қоршаулары болады. Шұңқырлар мен арықтарды тұтастай жабу кезінде қоршау құралғылары талап етілмейді.

8. Өнеркәсіп аумақтары, цехтар, теміржолдар арқылы өтетін жолдар мен өткелдер жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырады.

9. Корпус аралық аулалар жабуларды механизацияланған түрде жинастыруды көздейді және атмосфералық қалдықтар ағынын қамтамасыз етеді.

10. Өнеркәсіп алаңының аумағы көгалдандырылған, көгалдандыруға жатпайтын аумақтар асфальттанған. Кәсіпорын аумағында жеміс ағаштары мен жидек талшыбықтарын отырғызуға жол берілмейді. Өнеркәсіп аумағынан орылған шөптер шығарылады және көміледі.

11. Барлық механикалық және қосалқы цехтар мен ғимараттар жеке аумақта орналастырылады және негізгі өндірістік цехтардан алаң ішіндегі қорғаныс жолақтарымен (жасыл желектер, экрандар) бөлуді қамтамасыз етеді.

12. Агрессивті орта әсері бар аумақтағы барлық құрылыс конструкциялары мен ғимараттары ҚР «Құрылыс конструкцияларын тоттанудан қорғау» 2.01-19-2004 ҚР СНжЕ талаптарына сәйкес тоттанудан қорғалады.

13. Ғимараттар мен имараттар дұрыс қалыпта ұсталады. Өндірістік ғимараттар мен имараттарды жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу, металл және темір бетон конструкцияларды мамандандырылған тексеру Қазақстан Республикасының 2004 жылы Астана қаласында Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі Комитеті бекіткен «Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережесіне» сәйкес жүргізіледі.

14. Пештер мен басқа да агрегаттарға жақын орналасқан балқытылған металл мен қоқыстар түсуі мүмкін металл конструкциялар мен колонналардың бөліктері еден деңгейінен 0,5 м кем емес биіктікте жылумен оқшауланған. Жылу оқшаулау материалдары мен қалыңдығы МСН 4.02-03-2004. «Қондырғылар мен трубақұбырларын жылу оқшаулау (сәйкес жүргізіледі).

15. Өндірістік корпус фундаменті және қиылысқан және тартпа желдеткіштердің арналары оларға жаңбыр, тасқын, жер асты және басқа да сулардың түсуінен қорғалады.

16. Электролиз корпусындағы жертөлелердің екіден кем емес кіреберістері болады.

Корпустар жертөлелеріне кіру ішінен кілтсіз жеңіл ашылатын құлыпқа жабылады.

17. Қорғасын және мырыш өндірісін жобалау және салу кезінде:

1) темір бетон жабулардың жертөлелер үстіндегі сыртқы қабырғалардан, корпус колонналарынан, бас балкілер мен тіреу конструкцияларынан;

2) биіктігі 3 м кем емес биіктіктегі қабырғалардың ішкі жақтары мен корпус ішіндегі колонналардан;

3) корпустың колонна негіздері мен қабырғаларды жерден электроқшаулау көзделеді және қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген конструкциялардың электроқшаулау кедергісі 500 кОм кем болмайды.

18. Фрамуг, жарма ашылатын және фонарьлардың конструкцияларында олардың ашық кезінде корпусқа атмосфералық қалдықтардың түсу мүмкіндігіне жол берілмейді.

Терезе жақтаулары мен фонарлардың талап етілетін жағдайда ашылуы және орнатуға арналған механизацияланған құрылғылар тот таспайтын материалдардан, ал механизмдер электр оқшаулаушы материалдармен жабылған болады.

19. Өндіріс корпустарының ішкі қабырға жақтары ылғалды жинау жұмыстарын жүргізуге болатын аз сорбциялы мүмкіндіктегі химиялық төзімді материалдармен қапталған.

20. Өндірістік ғимараттарда едендер мыналардан жасалған:

1) шаң көмір өндірісі ғимараттарында гидроизоляциялы тегіс;

2) мырыш өндірісінің электролиттік корпустарында – электросымды емес, ылғал өткізбейтін және қышқылға ыстыққа шыдамды;

3) сұйықтар пайдаланылатын және олардың едәуір бөлігі төгілуі мүмкін технологиялық цехтарда - ылғал өткізбейтін және қышқылға ыстыққа шыдамды және тайғанамайтын трапқа немесе зумпфқа еңкіш;

4) балқыту және шақпақтау цехтарында – соққыға төзімді, термотөзімді, қышқылға ыстыққа шыдамды және тозбайтын;

5) жарылыс қауіпті аумақтарда – жалын шығармайтын;

21. Едәуір ылғал бөлетін, гидроскопиялық шаңдар бөлумен сипатталатын өндірістік ғимараттарда төбелер конструкцияларының конденсат бөлу мүмкіндігі болмайды.

22. Өтетін жерлер мен өткелдер «Сигналды түстер, қауіпсіздік белгісі және сигнал белгілері» 12.4.026-2002 ГОСТ сәйкес көрсеткіш белгілермен қамтамасыз етілген.

Өндірістік ғимараттарда терезелерді, фонарлар мен жарық шырақтарын жүйелі тазалау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Шыныланған беттер мен жарық шырақтарының қолайлылығы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар мен құралдар қолданылады.

23. Осы мақсатқа арналған стационарлық алаңдар орнатуға жол берілмейді.

24. Желдеткіш каналдардың едендері мен жабулары дұрыс қалыпта ұсталады.

Өндірістік ғимараттардағы едендер мен сатыларды тазарту дымқылдай отырып жүйелі жүргізіледі, ал дымқылдауға болмайтын орындарда пневматикалық құралдарды қолдануға болады. Әрбір цехта едендерді тазарту өндіріс ерекшелігін ескере отырып орнатылады. Ғимараттарды жинау кезінде зиянды заттарды дезактивациялау құралдары қолданылады.

25. Өндірістік ғимараттарды және имараттарды желдету, жылыту және ауаны кондиционерлеу «Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу», СНиП РК 4.02-05-2001 және осы Талабына сәйкес келеді.

26. Қорғасын және мырыш өндірісінің өндірістік цехтары мен бөлімшелерінде ауаны қайта циркуляциялауға жол берілмейді.

27. Желдету жүйесінің тиімділігін құрал жабдықтармен тексеру әрбір күрделі жөндеуден және оларды реконструкциялаудан кейін жылына бір реттен артық болмай жүргізіледі. Тексеру актісі және кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.

28. Ұйымның ғимараттары мен имараттарын найзағайдан сақтау жұмыс істейтін қалыпта болады және «Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан сақтау құрылғысы жөніндегі нұсқаулыққа» ҚР СН 2.04-29-2005 сәйкес келеді.

29. Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан сақтау құрылғысын тексеру жыл сайын найзағай ойнау мерзімі алдында немесе дұрыс жұмыс істемеуі анықталған жағдайда жүргізіледі. Тексерісті ұйымның техникалық жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді. Тексеріс нәтижесі актімен ресімделеді.

30. Өндірістік және қосымша ғимараттар мен имараттар, ұйымның аумағын жасанды және табиғи жарықтандыру «Жасанды және табиғи жарықтандыру» ҚР СНиП 2.04-05-2002 талаптарына сәйкес келеді.

31. Өндірістік ғимараттардағы темекі шегу орындары қиылысқан тартпалы желдеткішпен, суық және жылы су ағатын қол жуғыштармен жабдықталған және бір жолғы пайдаланылатын сүлгілермен, немесе электр сүлгілермен жабдықталады.

32. Денсаулық пункттері адамдар барынша көп жүретін немесе жарақаттану жиі болатын ерекше қауіпті цехтарға жақын орналастырылады. Жұмыс орны мен денсаулық пункттерінің арақашықтығы 1000 м – ден артық емес.

33. Қорғасын және мырыш өндірісі жөніндегі ұйымның өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайдар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2006 жылғы 20 наурызда № 4126 тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі Ережелеріне» және «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» ГОСТ 12.1.004.91 талаптарына сәйкес келеді.

34. Техникалық жетекші қорғасын және мырыш өндірісі жөніндегі ұйымдарда өндіріс сипатына байланысты өндірістік ғимараттарда, қоймалар мен сыртқы құрылғылардағы өрттерді сөндіру әдістері мен құралдары көрсетілген ұйымның технологиялық регламентін әзірлейді және бекітеді.




  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет