Қорғасын және мырыш өндірісі кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің талаптары



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі379 Kb.
#132702
1   2   3   4   5   6   7

12-параграф. Қорғасынды шақпақтау

222. Қазандықты жылытуға арналған нихромды жылытушы секцияларына апаратын таратушы құрылғылар мен токқа апаратын шиналар қоршалады. Алынатын қоршаулар кернеулікті сөндіретін құрылғымен блокировкаланған.

223. Қазандықтан қайта құятын науалар герметикалы жабылады.

224. Араластырғыштарда, насостарда және жұмыс істеуші шақпақтаушы қазандықтарда орнатылған басқа да қондырғыларда жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

225. Сілтілері бар барабандарды ашу және оларды механикалы түрде ұсату жеке қорғаныс құралдарын қолдана отырып, осы мақсатқа арналған орындарда жүргізіледі.

226. Металл кальций қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, арнайы ғимаратта сақталады. Шақпақтау алаңында тәуліктік қажеттіліктен артық мөлшерде металл кальцийін сақтауға жол берілмейді.

227. Қара - қошқыл қорғасынды төгу кезінде қазандыққа басқа заттарды, реагненттер – металл натрийі, калийі, магнийі, мырышының қалдықтарын салуға болмайды. Қазандыққа сілті қорытпаларын, каустикалық содаларды құюға болмайды.

228. Қорғасын ваннасын сумен суытқан кезде адамдардың қазындықтан

5 м радиуста болуына жол берілмейді. Қорғасын ваннасын жарылысты болдырмау үшін суыту шаңдатылған ағын сумен жүргізу керек. Қорғасыны бар ванна суыту алдында тыныштық жағдайда болады.

229. Металл кальцийін және магнийді қорғасын қорытпасына қосқан кезде жарылыс болуы мүмкін, сондықтан қазандыққа 5 м жақын келуге болмайды.




13-параграф. Қорғасын концентраттары мен

шихталарды күйдіру

230. Күйдіру пештерінің, газ жүретін трубалар, қазандық утилизаторлар, және басқа да қондырғылардың конструкциялары толық герметикалықты қамтамасыз етеді.

231. Пештің жұмыс және қарау терезелері есіктермен (қақпақтармен) тығыз жабылады және төзімді материалармен тығыздалады.

232. Пешті қыздыру үшін пайдаланылатын оттықтар мен форсункалар конструкциясы пешті іске қосқаннан кейін оларды пештен жылдам және қауіпсіз алуды қамтамасыз етеді.

233. Материалдарды пешке беретін құрылғылар конструкциясы автоматты немесе дистанционды реттелетін шақталған үздіксіз беруді қамтамасыз етеді.

234. Күйдіру өнімдерін түсіру және тасымалдау механизацияланған.

235. Күйдірілген материалдар мен шаңдарды шығаруға арналған ағындарды, ызботтар мен газ жүретін орындарды тазалау механизацияланады. Жұмыстарды қолмен тазарту технологиялық регламентке сәйкес наряд-рұқсат арқылы жүргізіледі.

236. Басқару жүйесін пештің қолмен және автоматты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Көрсеткіштері бойынша пештің жұмысын автоматты немесе қолмен басқару жүргізілетін бақылау-өлшеу приборлары жеке ғимаратта орналасқан жалпы басқару пультына шығарылған.

237. Пештерден газды сорып алу үшін резервті эксгаустер көзделген.

238. Материалдарды күйдіруге арналған пештерді іске қосу және тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Форсункалар жұмысы кезінде L=1,1-1,25 ауа шығыны және 2-5 мм ағынды су пеш жиынтығының босуы коэффициентін қолдау пешті іске қосудың қажетті шарты болып табылады.

239. Технологиялық регламентпен белгіленген манометрикалық режимнің бұзылуы кезінде пештерді пайдалануға жол берілмейді.

240. Апаттық жағдайда пешті сөндіру (қазандық – утилизаторда су циркуляциясының тоқтатылуы, қазандықтағы жылу қабылдаушы элементтердің күйіп кетуі) технологиялық регламентпен анықталады.

14-параграф. Қорғасын өндірісінің гидрометаллургиялық

қайта жасалуы. Жалпы талаптар

241. Өндірістік ғимараттарда орналастырылған аппаратуралардың сыртқы беттерінің тот басуға қарсы қорғанысы болады.

242. Едендер, ағынды арналар және зумпфалардың гидрооқшаулауы болады. Арналар қақпақтармен (торлармен) жабылған.

243. Технологиялық процессте қолданылмайтын гидрометаллургиялық қондырғылар, трубақұбырлары технологиялық сызбаның өзгеруі немесе басқа себептерге байланысты демонтаждалған немесе қолданыстағы сызбадан көрінетін алшақтықпен ажыратылған. Ажыратылған құбырлардың ұштары сенімді бітелген.

244. Қабылдау және шығындау бактары сұйық деңгейін өлшеу құралдарымен және шектік толтыру шектеушілерімен немесе артық құю құбырларымен жабдықталады.

245. Агрессивті сұйықтар трубақұбырларының фланецті қосындыларының қорғаныс сырты болады. Адамдар жүретін орындарда фланецті қосындыларды орнатуға жол берілмейді.

246. Фланецті қосындылардан ағуды тоқтату құбырлар мен құбыржолдарды ағытқаннан кейін жүргізіледі.


15-параграф. Тұқыл, щаң және оксидтерді сілтісіздендіру

247. Пачуктерде тұқыл, шаң және оксидттерді сілтісіздендіру кезінде белгіленген төмен қысымның түсіп кетуін ескертетін дыбыс немесе жарық сигналын беру көзделген.

248. Лоткалар, науалар және бүйір аппаратуралары конструкциялары пульпаның жұмыс алаңына және аппарат корпусына құйылу мүмкіндігін болдырмайды.

249. Марганец рудасын ұсату ылғалды әдіспен жүргізіледі.

250. Бақты аппаратурасының қарау люктері сақтандырғыш торлармен және қақпақтармен жабдықталған.

251. Бумен ауаға арналған жұмыс тіреу арматурасы араластырғыш құрылғысы бар аппараттар алаңында орналастырылады.

252. Мыс – кадмилі тазартуға қышқылданған ерітінділерді беруге жол берілмейді.


16-параграф. Ерітінділерден мырышты электро отырғызу

253. Электролизді ванналарға қызмет көрсететін жүк көтеру механизмдерінің үш сатылы электр оқшаулауы болады.

254. Ваннаға ерітінділерді беру құбырлардағы науалар және электр өткізбейтін материалдардан жасалған жеңдер арқылы жүргізіледі.

255. Науалардың металл каркастарының электроқшаулаушы ажыратулары болады. Олар:

1) ванна ұзына бойына - әрбір екі ванна арасында;

2) цехқа көлденең – ванналардың әрбір екі қатары арасында.

256. Ваннаның корпусы гидрооқшауланған. Гидрооқшаулауы бұзылған ванналарды пайдалануға болмайды.

257. Ванналар астындағы және қызмет көрсетуші алаңдардағы оқшаушылар оларға ерітінділердің артық құйылу кезінде түсуінен қорғалған. Олардың орналасу орны жарықтандырылған және тазартуға қол жетімді.

258. Оқшаулауларды тазарту еденнен оқшауланған алаңдар мен сатылардан жүргізіледі.

259. Электролиздік цехтар мен бөлімшелер оқшаулауды бақылауға арналған, арық жәнен дыбыс сигнализациясы блокировкаланған бақылау қондырғыларымен жабдықталған.

260. Ваннадан күкірт қышқылы аэрозольдерінің бөлінуін азайту үшін электролиттің қорғаныс жабуы болады.

261. Электрлизді цехтар мен бөлімшелер ванна серияларының кіші станциялардан ажыратылу құрылғысымен жабдықталған.

262. Ванналарды сөндіруге арналған қышқыштар рұқсат етілетін ток күшіне есептелген және қатарларда сақталады.

263. Электролитті ванналар сериясы нөмірлеген. Нөмірі жақсы көрінеді.

264. Тасымалдауға арналған катодты мырышты сақтау кезінде, катодты негіздің биіктігі 0,8 м артық емес.

17-параграф. Вельцевание
265. Вельц-пешінің келтірілген механизмі ток көзіне байланыссыз апаттық двигательмен жабдықталған.

266. Вельц-пеш пештің көлденең жылжуын бақылау және сигнализация құрылғысымен жабдықталған.

267. Вельц-пештің басқару сызбасында түсіру бөлігінің жанындағы жұмыс алаңынан қысқыштардың апаттық ажыратылуы көзделген.
18-параграф. Кадмий өндірісі
268. Кадмий губкасын сілтілендіру және еріту үшін бүйірдегі аппаратураға желдеткіш сөндіріп тұрған кезде салуға болмайды.

269. Электролитті ванналарға қызмет көрсету кезінде осы Талаптың 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263 тармақтары сақталады.

270. Кадмиді балқытуға арналған қазандықтар тартпа желдеткішімен жабдықталған және балқытылған металл мен сілтінің шашырауына жол бермейтін қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

271. Кадмийді үздіксіз шақпақтау вакуум пештерін іске қосу технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.




19-параграф. Металлургиялық агрегаттарды суыту

272. Металлургиялық агрегаттардың су суытатын элементтері оларды орнату және жөндеу алдында жұмыс қысымын 1,5 есе артатын сынама қысыммен гидравликалық сынауға жатады. Технологиялық регламентте пештің жеке түрлері мен элементтеріне сынама қысымнан артық қысымдарды қоюға болады.

273. Су суытатын элементтерді қосу суыту жүйесінен жеке элементтердің ажырату мүмкіндігін береді.

274. Суыту үшін берілетін су механикалық қоспалардан тазартылады.

Су суытатын элементтерден кететін су температурасы уақытша сұйықтың қалдықтарының түсуі температурасынан төмен.

275. Агрегаттың сумен суытатын жекелеген элементтер мен сумен суыту жүйесінің магистральдерін сөндіру үшін бітеу арматурасы қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орналастырылады. Су астарында кессондарда орналастырылған бітеу арматуралар маркировкаланған және кессонирленген элементтердің орналасу сызбасына сәйкес кессон элементтері көрсетілген биркасы бар.

276. Суытылатын элементтер мерзімдік тексеріледі және қажет болғанда тазартылады.

277. Зақымдану мүмкіндігі бар немесе қызмет көрсету персоналына қауіпсіздік тудыратын қалыпты суытудың бұзылуымен байланысты элементтерінде, сумен суыту жүйесі су айналысының кенеттен тоқтауы кезінде белгіленген шамадан тыс ағызылатын су температурасы артқан кезде жұмыс істейтін сигнализациямен блокировкаланған су температурасын бақылау приборларымен жабдықталады.

278. Агрегаттың суыту жүйесінің жұмысын бақылау үшін су тартқыш орнатылады. Сутартқыштардың құрылысы мен орналасуы қызмет көрсету персоналына су ағынын көруге мүмкіндік береді.

279. Агрегаттың тоқтауы кезінде суытатыны элементтердегі судың қатып қалуы мүмкіндігін болдырмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет