Қорғауға жіберілді


Тестке қойылатын талаптар



бет4/9
Дата22.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#153678
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.4 Тестке қойылатын талаптар


Тест өзін-өзі тексеру сұрақтары және сұрақтар өте жақсы ойластырылған және логикалық ойлануды қажет ететіндей жасалынуы қажет. Тест төмендегдей формалардың біріндей және олардың комбинациясы түрінде құрастырылуы тиіс.

  • жабық ұсынылған жиыннан оқушы бір не бірнеше дұрыс жауапты

таңдайды;

  • ашық, оқушы белгілі бір сандық немесе мәтіндік өрнек түрінде жауапты

енгізеді және өздігінше жауапты ойластырады;

  • сәйкестікке негізделген анықтауға негізделген. Тізімдегі элементтер

жиынынан оқушы дұрыс жауапты көрсетеді.

Тестік тапсырмаларға қойылатын талаптарға сай тестер білім, білік, дағдының шынай объективті бағасын алуға оқытудың жекеше қарқынын анықтауға сондай-ақ білікті маманды дайындаудағы проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір электронды оқулықтағы тестік тапсырмалар төмендегідей талаптарға сәйкес жасалуы тиіс:



  1. өзін-өзі тексеру жүйесіндегі ең маңызды талап тестілік тапсырмалардың өте көп болуымен сипаталады. Бұл сұрақтардың жиынтығы өзінің мазмұны мен бүкіл кітап материалын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар бұл сұрақтар емтиханды тестілеу кезінде де қолданылуы да мүмкін.

  2. сұрақтар оқушыға кез келген ретпен берілуі тиіс. Бұл оқушының ретпен дайындалған сұрақтардың механикалық есте сақтау мүмкіндігін жояды.

  3. сұрақтар нөмерімен немесе кез келген символдық белгіленулерден басталмау керек. Оқушы әр кез сұрақты оқып, оның мағынасын түсіну керек немесе сұрақты оны берілу ретімен немесе ондағы белгіленген символ бойынша емес сұрақтың мазмұны бойынша есте сақтау қажет.

  4. сұрақтардың мүмкін жауаптары да кез келген ретте берілу тиіс.

  5. тестерге жауап беруге жұмсалаған уақыт белгілеу керек. Сонымен қатар бұл уақытқа шектеулер қойылу қажет. Уақытты белгілеу сыбыр сөзбен күресудің бір амалы: егер сұрақтар көп болса, онда олардың жауабын іздеуге немесе өте үлкен сыбыр сөз не бүтіндей қағазды кітап қажет. Бірақ жауапты осылай іздеуге өте көп уақыт кетеді және уақыт бойынша жалпы нәтиже керісінше болуы мүмкін. Өзін-өзі тексеруде жақсы нәтижеге жету үшін сұрақтардың жауабы дұрыс қана емес, сонымен қатар жылдам беруде қажет. Сұраққа жауап беру үшін тәжірбие көрсеткендей орташа жеткілікті уақыт 1 минут.

  6. сөз бір кітап ішіндегі тестілік жүйесі туралы болып жатқан жоқ, әрбір тақырыпты өткеннен кейін оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруге мүмкіндік беретіндей сұрақтардың барлық жиынтығын тақырып бойынша реттеу емтиханды немесе сынақ жүйесін тұрғызу кезінде аса қажет. Ол кітаптың барлық тақырыптары бойынша сұрақтардың өзін-өзі тексеру жүйесіндегі бар сұрақтармен салыстығанда өте аз мөлшерін қолдануға мүмкіндік береді.

  7. тестік жүйеде оқушыға әрбір сұрақ бойынша жауап дұрыстығының деігейінің бағсы кіргізілуі қажет. Бұл талап ылғида оқушылардың наразылығын тудыруда. Олардың пайымдауынша компьютер баға қоймау керек. Машина адам білімінің деңгейін анықтау мүмкін емес және т.с.с.

  8. компьютерде тест қолдануда қарапайым болу керек. Экрандағы сұрақтар дизайнермен көрікті түрде істеліну керек. Кез келген жағдайда экранда басқару нүктелері болу керек және сыбыр сөз инструциясы экранда ылғида оларды сұрақтарды көрсетпей тұрып алмай оқушының әрекеті бойынша оған қажет уақытта көрсетілу қажет.

  9. тестілік сұрақтар және олардың жауаптарының нұсқаулары бойынша мазмұны түсінікті болу керек жіне бұл қажет тілік өзін- өзі тексеру жүйесінің құраушыларымен ғана емес, сонымен қатар кітаптың мазмұнды бөлімімен және тестік сұрақтарға байланысты болу керек [2].



1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар


Электронды оқулық меңгеруді жеңілдету мақсатында оқу материалын эстетикалық және қолайлы ұсынатындай етіп, өңделу керек. Электронды оқулықтың ақпараттық тығыздығын арттыру үшін мәтін ақпаратын арнайы дидактикалық құралдармен бөліп көрсетуге болады (астын сызу, дыбыстық эффектілер, анимация, түсін өзгерту).

Дисплей экранында орналасқан мәтінді қабылдау процесіне көптеген факторлар әсер етеді:



  • мәтіндік зона ені;

  • мәтінді тегістеу тәсілі;

  • оның экран бетіндегі орналасуы;

  • қаріп өлшемпі, таңбасы;

Техникалық шектеулермен дисплей экранына байланысты мәтінге мынандай талап қойылады:

Қаріптің түрі өлшемі сияқты мәтіндік сипаттамалар электронды оқулықта берілген ақпараттың оқылу дәрежесіне айтарлықтай әсер ету үлкен топқа қарастыруға болады:

  • Times New Roman (көлбеу қаріпі) типті қаріптер жатады.

  • Arial (көлбеусіз) қаріптер жатады.

Психологтардың пікірінше көлбеу Times New Roman типті қаріптер жеңіл оқылады. Қаріптер туралы жоғарыда айтылғандардың мәтіндік режимде терілетін математикалық немесе басқа формулаларға қатысы жоқ. Web - парақтар жасау кезінде 4 түс қолдану жағымды әсер ететіндігі дәлелдеп отыр. Яғни, оқулықтың Web-дизайнын ойластырмас бұрын алдымен түс гаммасын анықтап алған жөн. Электронды оқулық түстері ақпаратты жалықпай жақсы қабылдауын қамтамасыз етіп, материалдың эстетикалық тұрғыдан кез келген және жеңіл меңгерілуіне септілігін тигізу керек. Қою фонында ашық түсті мәтінді қолдану тек мәтін ашық түспен жазылса ғана дұрыс нәтиже береді. Ол үшін мәтін жуан қаріппен жазылуы тиіс. Мәтіндік ақпараттар көп парақтар фоны ақ болуы тиіс. Ал қазал қаріп тек мәтін атауларын ең маңызды ақпаратты бөліп көрсету үшін ғана қолданылады [13].

1.6 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар


Әзірлеуші өтуге тиіс оқу бағдарламасын толық өзі білуі тиіс және бағдарламаны оқушы тсұранысымен оқытудың арнайы міндеттерімен келістіріп, әзірленетін электронды оқулық көмегімен жеткізгісі келетін оқу мақсатын дәл анықтауы керек. Электронды оқулық әзірлеуші электронды оқулық жасау жобасы сайысының нәтижесі негізінде электронды оқулықты жасау және қолдану класындағы басты мамандардан тұратын авторлық топты жасақтайды. Электронды оқулықты әзірлеуші жеке немесе заңды тұлға болуа мүмкін. Авторлық топ құрамына ғылыми жетекші пән мамандары бағдарламашылар дизайнер және т.б. кіреді [18].

Дизайнды – эрганомикалық талаптар:

1. Ақпараттық тығыздық - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқылатын материалды ерекшеліктерінің арнайы дидактикалық құралдарының болуы.

2. Бейнематериалдардың қажеттілігі - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы бейнематериалдар курс материалдарын меңгеру үшін қажет оқу курсы бойынша дәріс сабақтарынан кәсіптік процестердің демонстрациялануынан құрылуы қажет.

3. Аудиоматериалдардың шектеулігі - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында аудиоматериалдар көлемі, саны шектеулі болуы керек. Себебі, дыбыстық ақпаратты алуында желідегі компьютерлер арасындағы байланыс құралдарының жылдамдығы болып табылады.

4. Графикалық обьектілердің орналасуы - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында графикалық обьектілердің көлемі, саны минималды болуы, ал олардың өлшемдері үлкен болмауы қажет. Себебі, графикалық обьектілер жадыда көп орын алады және олардыңжүктелуі де біршама уақытты талап етеді.

5. Мәтінді бағдарламалы оқытылуы - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында мәтін қәріптің, әріптің кодтауы стандартын қолдану қажет.

6. Түсті ассоциациялардың тұрақтылығы - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында түстің түрлері тұрақты және түсті спектрге сәйкес болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет