Органикалық синтез технологиясы


Органикалық синтез реакциялары



бет2/2
Дата20.09.2022
өлшемі2.27 Mb.
#460977
1   2
Органикалық синтез технологиясы

Органикалық синтез реакциялары
  • Гидрогенизация – көптік байланысқа сутегінің қосылуы.
  • Дегидрлеу - көптік байланыс құру үшін сутегінің жойылуы.
  • Ылғалдандыру - бұл спиртті түзу үшін бірнеше байланыс арқылы суды қосу.
  • Сусыздандыру - көптік байланыстың пайда болуымен суды жою.
  • Алкилдену – сутегінің көмірсутек радикалына алмасуы.
  • Ацилдену – молекулаға карбон қышқылының қалдығын (ацил тобын) енгізу
  • Ацетилдену – ацилденудің ерекше жағдайы, молекулаға сірке қышқылының қалдығының (ацетил тобының) енуі.
  • Циклдену – молекулада циклдік құрылымның түзілуі.
  • Галогендеу - сутегін галогенге ауыстыру немесе көптік байланыс қосу арқылы галоген атомын молекулаға енгізу.
  • Нитрлеу – NO2 тобына сутегінің алмасуы.
  • Эфирлену - күрделі эфирлерді алу үшін органикалық қышқылдың спиртпен әрекеттесуі.
  • Тотығу – тар мағынада – молекулаға оттегінің түсуі, кең мағынада – көміртектің тотығу дәрежесінің жоғарылауына әкелетін молекуланың кез келген өзгерісі, мысалы, дегидрлеу, көміртегі-көміртектің жоғарылауы. байланыс көптігі.
  • Сульфалану – сутегінің сульфотопқа алмасуы.
  • Полимерлену және т.б.

Органикалық синтездеу өнеркәсіптерінде қолданылатын шикізат материалдарын кешенді түрді пайдалануды, қиыстыру өндірістерінде тағамдық азық-түлік шикізаттарын, азық-түлік емес шикізаттармен ауыстыруды және өсімдік шикізаттарын минералдық заттармен ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Негізгі шикізаттардың түрлері: табиғи және жолай көмірсутек газдары, газ және сұйық қалпында мұнай өңдеудегі өнімдер, сондай-ақ синтез газ,кокс газы және ағаш, тас көмірді, тактатас, шымтезекті термиялық өңдеуде бөлінетін өнеркәсіп шайырлары.
Химиялық өңдеуде түсетін шикізаттар алдын-ала таза заттарды алуға өңделінеді және концентрленеді. Ылғалдылықтан, механикалық қоспа түріндегі бөлшектерден, күкірт қосындыларынан тазарту үшін құрғатқыш матриалдардан, сүзгіштерден, сіңіргіш массалардан өткізіледі. Газдар қоспасынан концентрлі затты бөліп алу мақсатпен қоспаны конденсациялау әдісін, сондай-ақ абсорбциялау-десорбциялау әдістерін қолданады. Сұйықтарды жекелеудің (бөлудің) негізгі әдістері: айдау және ректификациялау (қайнау температуралары жақын сұйық заттарды буға айналдыру әдісімен бір-бірінен бөліп тазарту).
Органикалық синтездеуде тек қана негізгі реакцияны жылдамдататын катализаторды қолданады. Мұндай жағдайда тек қана функциялы тәуелділік өзгермейді, сонымен қатар реакция реттілігі өзгереді.
Органикалық синтездеу технологиясында процесс жылдамдығын көтеру үшін әртүрлі әдістерді қолданады: процестердің қозғаушы күшін реакция жылдамдылық константасын, гереогенді процестердің фазалар беткі қабат жанасуын көбейтеді.
Органикалық синтездеуде тек қана негізгі реакцияны жылдамдататын катализаторды қолданады. Мұндай жағдайда тек қана функциялы тәуелділік өзгермейді, сонымен қатар реакция реттілігі өзгереді.
Органикалық синтездеу процестерін қарқындандыру үздіксіз жұмыс істейтін аппараттарды қолдануға тәуелді. Көп мөлшерде қолданылатын үздіксіз жұмыс істейтін аппараттар: коррозияға берікті және қызуға төзімді материалдардан дайындалған бағана (колонна) тәрізді реакторлар, құбыр тәрізді реакторлар және контакт аппараттары.
Органикалық синтездеу процестері кинетикалық саласында жүретін болғандықтан олардың жалпы жылдамдығы химиялық реакция жылдамдығымен анықталғанда мынадай теңдеумен есептелінеді:
Органикалық синтездеу процестерінде бір ғана реакция жүрмей бірнеше параллельді және тізбекті реакциялар жүретін болғандықтан негізгі(мақсатты) өнімнен басқа қосымша заттар алынады, немесе өндіріс қалдықтары бөлінеді. Реакциялар санына байланысты процестің жылдамдық константасы күрделі функциялы бірнеше реакциялар константасына айналады
Метил спиртін синтездеу процесі жоғары қысымда және үлкен температурада катализатордың қатысуымен жүреді. Метил спиртінің шығымы аммиак шығымы сияқты аз болғандықтан технологиялық процесс үздіксіз тұйық сұлбамен жүреді, реагенттер толық аяғына дейін әрекеттеспейді. Аммиак және метил спиртін синтездеу әдістерінің технологиясы бірдей болғандықтан аппаратура құрылысы және технологиясы метил спиртін синтездеуге сақталынған.
Метил спиртін синтездеуге СО және Н2 қоспасын 1:2-ден 1:4 қатынаста дайындайды. Синтез процесін 375-4000С температурада 20-30 Мпа қысымда мырыш-хром ( ) қоспасынан құралған катализатордың қатысуымен жүргізеді.
Процестің негізгі реакциясы:
Егер қысым оңтайлы қысымнан төмен, температура оңтайлы температурадан жоғары болса, мынадай қосымша реакциялардың жүруі ықтимал:
Қорытынды:
Мәліметтерді қорыта келе мынадай тұжырымдама жасауға болады. Синтез — берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру Яғни, органикалық синтез жаңа органикалық қосылыстардың пайда болуына, дамуына септігін тигізетін органикалық химияның бір саласы. 1983 жылы Қазақстан ҒА-ның Химия металлургия институтының органикалық химия бөлімі негізінде Қарағанды қаласында оргаикалық синтез институттары құрылған. 2001 жылы ЖАҚ, 2003 жылдан ЖШС болып тіркелді. Институтт құрамында 5, диссертациялық кеңес жұмыс істейді.

Пайдаланылған әдебиет: «Қазақстан ұлттық»: Ұлттық энцклопедиясы / Бас редактор Ә. Нысанбаев Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. 2) М.Қ.Бейсебеков, Ж.Ә.Әбілов. Органикалық химия. Алматы «Қазақ университеті», 2012. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D1%81%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5 https://foxford.ru/wiki/himiya/organicheskiy-sintez-osnovy https://natural-sciences.ru/ru/article/view?id=15942 https://bigenc.ru/chemistry/text/2680836



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет