Жаттығулар
1-тапсырма
«Миға шабуыл» әдісі бойынша сабақтың мақсатын анықтау мақсатында сұрақтар қою
1. Органикалық заттар деніміз қандай заттар? Біз оны қайдан аламыз?
2. Біз қоректі не үшін қабылдаймыз?
3. Ол қорек ағзада қандай өзгеріске ұшырайды?
4. Тыныс алудың нәтижесінде ағза немен қамтамасыз етіледі?
5. Органикалық затты қандай ағза өзі жасап алады?
6. Органикалық заттар не үшін қажет?
7. Тотығу қандай үдеріс?
8. Біздің тіршілігіміз үшін қажетті энергия қайдан алынады?
2-тапсырма
Сызбанұсқа бойынша оқулықпен жұмыс
І топқа
Аэробтар – анықтамасы, қандай ағзалар жатады?
ІІ топқа
Анаэробтар – анықтамасы, қандай ағзалар жатады?
ІІІ топқа
Анаэробтар мен аэробтардың түрлерін атап жазыңдар
3-тапсырма
Сұраққа жауап беріңдер
І топқа
1. Ас қорыту жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар
2. Қай мүшелерде ас қорытылады?
3. 1, 2, 3 реттік ас қорытылуды еске түсір. Қорытылған қорек қай мүшеде, қайда сіңіріледі?
4. Жасушада қоректің өзгерісін жүзеге асыратын қандай органоидтар бар?
5. Лизосоманың қызметі қандай?
ІІ топқа
1. Глюкозаның формуласы қандай?
2. Глюкоза жасушаға қалай келеді?
3. Глюкоза қандай көмірсу?
4. Көмірсу тотыққанда не бөлініп шығады?
5. АТФ молекуласының құрылысы қандай?
ІІІ топқа
1. Митохондрияның құрылысы қандай?
2. Митохондрия не қызмет атқарады?
3. Тыныс алудың нәтижесінде қандай газ сіңіріліп, қандай газ бөлінеді?
4. Ферменттер табиғаты жағынан неге жатады?
5. Қызметі қандай?
4-тапсырма
Карточкамен жұмыс
Полимерлер
|