Организационно-педагогические условия развития профессиональной компетентности будущих учителей изобразительного искусства в процессе изучения специальных дисциплин



бет40/45
Дата08.06.2024
өлшемі1.32 Mb.
#502435
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Конференция журнал,,

Сүйіндікова П.А.
Бейнелеу өнері магистрі
Қазіргі заман өнер мұражайы
Ғылыми қызметкер


БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА 1-2 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Жалпы білім беру мектебінде бастауыш сыныптан бастау алатын оқушылардың бейнелеу өнері сабағында игеретін білімдерін, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты зерттеу қажет. Себебі бейнелеу өнері сабағында оқушылардың тек шығармашылық қабілеттері ғана емес; сонымен қатар ойлау; елестету; есте сақтау; сезіну; қиялдау; көре білу деңгейлері қоса дамиды. Сондықтан да оқушыларды жоғары дәрежеде дамыту үшін – ұстаз; уақытты үнемді пайдалана білу керек. Ол үшін алдын - ала әр сабаққа жоспар дұрыс құрылуы қажет.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін зерттегенде, оған тікелей қоршаған орта және әлеуметтік жағдай әсер етеді. Кез-келген пән мұғалімі сабақ түсіндіргенде; тақырып бойынша барлық оқушыға бірдей ақпарат береді, бірақ әр оқушы өзінше қабылдайды. Сыныпта отырған әр баланың психикалық көңіл-күйі бір қалыпта болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімге түсетін салмақ, сабақта қанша оқушы бола тұра, олардың қызығушылығын, бар ынталарын бір арнаға шоғырландырып, мидағы басқа ойларды ыдыратып жіберуде. Әрине бұл айтуға ғана оңай, дегенмен өз маман иесі жұмысына мығым болса, оқушылар соғұрлым білімге, өнерге жақын болады.
Бейнелеу өнері сабағында қатып қалған қағида жоқ, оқушы өзін еркін сезіне алады деп айтамыз. Бірақ осы жерде қате түсінік қалыптасқан, бейнелеу өнері сабағында еркін тақырыпта ойына келгенін салуға болады деген. Бұл пікірді жою үшін ұстаз - теорияға сүйеніп, бейнелеу өнері тарихынан қысқаша құнды мағлұматтарды жеткізу қажет. Бұл орайда теория мен практиканы сабақтастырған дұрыс.
Басқа пәндерге қарағанда бейнелеу өнері пәні оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндігі мол. Мысалы, әр пән өзіндік бағытын - математикада ойлау қабілетін, қазақ тілінде оқу және жазу мәнерін, денешынықтыруда жылдамдығын қадағаласа, оқушылардың тек салған сурет дәптерлеріне қарап оқушылардың ойлау дәрежесін, байқампаздығын, шыдамдылығын, ұқыптылығын, шапшаңдылығын, сезімталдығын шығармашылық қабілеттеріне қарай зерттеу жолдары арқылы анықтауға болады.
Шығармашылық қабілеттерді зерттеу жолдарында, әр оқушының
жұмысын деңгейлер арқылы анықтауға болады. Төменде көрсетілген кестеде Астана қаласы № 45мектеп, 2-сынып оқушыларымен жүргізілген «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне салған иллюстрация шығармашылықтарындағы композициялық шешім ерекшеліктерін тексеруге арналған арнайы деңгей





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет