Қортынды
Жеткіншектер ересектерге еліктей бастайды. Жеткіншектің тұлғалық дамуы өзіндік сана бағалауы, жеке бастық рефлексиясы, өзіне және басқаларға қатынасы қызығулары, идеалдары өзгереді. Жеткіншек жасының алғашқы сатысында (10-11 жас) өзін қабылдау ерекшеленеді, мінез-құлықтың теріс жақтарын көп бағалайды, яғни теріс эмоциялық фон орнайды. Балаларда өзіндік бағалауға деген өткір қажеттілік және өзін бағалауды білмегендіктен соған қиналысы пайда болады.Келесі сатыда (12-13) өзіне және басқаларға деген теріс қатынас сақталдаы және қоршағандардың бағалауынан тәуелді болады.Осы жастың келесі сатысында (14-15) «оперативті өзіндік бағалау» туындайды, сол уақыттағы өзіне деген қатынасты жеткіншек өзі бағалайды. Бұл өзіндік бағалау идеалды форма болып табылатын тұлғалық қасиеттермен, мінез-құлықтың нормаларымен өзінің жеке бастық ерекшеліктерін салыстыруға нешізделеді. Жеткіншектердің өзіндік санасының маңызды механизмі жеке бастық рефлексия, яғни жеткіншектің өзінің және басқалардың ішкі әлемін ұғынуы. Өзінің жеке басына сын көзбен қарай бастайды.Жеткіншек жасындағылардың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына психологтің әсері зор. Өзіндік бағалау оқушының өзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты (барабар) болғаны өте маңызды. Баланың өзіндік бағалауы, оның өзіне қатынасын және өзін қабылдауын, көбінесе оның мінез-құлқы мен үлгерімін анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Соловьев А.Н. Чеснова И.Г. Зависимость самооценка подростка от отношения к нему родителей
Вопросы психологии, 1986, № 2, с.1172. Кон И.С. Открытие «Я». – М., 1978.3
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 1986.4.
Выготский Л.С. Развитие личности и мировозрение ребенка. В.кн.: «Психология личности». Тексты./Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. М., 1982.
Достарыңызбен бөлісу: |