Гидратталған иондар – ерітіндіге өтеді
Активтілік коэффиценті ерітіндінің иондық күшіне байланысты. Ерітіндінің иондық күші ондағы барлық иондардың мольдік концентрациясы мен олардың зарядтарының квадратының көбейтіндісінің жартылай қосындысына тең:
- ерітіндінінің иондық күші
Сi – i-ионның мольдік концентрациясы, моль/л
Zi – i-ионның заряды
Мысалы: 0,1М алюминий сульфаты ерітіндісінің иондық күшін есептегенде
Электролит ерітінділерінің электр тоғын өткізу қабілеті ондағы иондардың қозғалғыштығына байланысты болады.
Заттың электр тоғын өткізу мүмкіндігі электрөткізгіштікпен немесе оған кері шама кедергімен (R, Ом) сипатталады.
1-ретті өткізгіштер үшін кедергі Ом заңымен анықталады :
Меншікті кедергіге () кері шаманы меншікті электрөткізгіштік (, Сим/м, 1 Сименс = 1 Ом-1) деп атайды:
.
немесе
Ерітінділердің кедергісі (R) кондуктометриялық ұяшық арқылы өлшенеді, ондағы электродтар бір қалыпты орнатылған, яғни:
мұндағы Кс – ыдыстың сыйымдылық константасы, оның мәні барлық ерітінділер үшін ортақ болады
Меншікті электрөткізгіштік () ерітіндінің концентрациясына тәуелсіз шама, сондықтан есептеулерде оның орнына эквиваленттік электрөткізгіштік шамасы алынады:
Эквиваленттік электрөткізгіштік деп әрқайсысының ауданы 1 см2 электродтардың өзара арақашықтығы 1 см болғанда, сол аралықтағы көлемі (Vсм3) ерітіндінің электрөткізгіштігін айтады.
Кольрауш заңы бойынша шексіз сұйылтқан ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі катиондары мен аниондарының қозғалуынан болатын иондық өткізгіштіктердің қосындысынан тұрады:
Катиондар мен аниондардың жылжу жылдамдықтары жалпы алғанда бірдей емес, сондықтан олардың таситын электр мөлшері де әр түрлі болады.
Иондарының электрдің әртүрлі таситын мөлшерін иондардың тасымалдау саны деп айтады:
Әлсіз электролиттер үшін эквиваленттік электрөткізгіштіктің және шексіз сұйылтқандағы эквиваленттік электрөткізгіштіктің қатынасы диссоциациялану дәрежесіне (),
ал күшті электролиттер үшін бұл қатынас электроөткізгіштік коэффициентке (f) тең:
Қорытынды:
Кез-келген электр ерітіндісінің эквивалентгі электр өткізгіштігі оның концентрациясын кеміткенде артады. Себебі ерітіндіні сүйылтқанда электролиттің иондарға ыдырау дәрежесі артады.
Берілген келемдегі иондар саны артып, олардың қозғалу жылдамдығы еркін болады. Демек, ерітіндіге берілген көлемде иоңдар саны неғұрлым мол болса жөне олар еркін қозғалатын болса, онда электролит ерітіндінсінің электр өткізгіштігі де жоғары болады. Электролит ерітіндісін сұйылту барысында сұйылту белгілі бір шекке жеткенде эквивалентті электр өткізгіштік максимальды дәрежесіне жетеді. Ол шаманы " λ "-деп белгілейді де, шексіз сұйылткан кездегі электролит ерітіндісінің эквивалентті электр өткігіштігі деп атайды.
Пайдаланылған әдебиттер:
- Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А., Туребекова Г.А. Физколлоидтық химия. Оқулық. - Шымкент, 2010.
- Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба. – Алматы, 2013.
- Патсаев Ә.К., Туребекова Г.А. Физколлоидтық химия пәнінен зертханалық-тәжірибелік сабактарының материалдары. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы, 2015.
- Туребекова Г.А. Физколлоидтық химия пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарына дайындалуға арналған тапсырмалары. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы, 2015.
- https://lektsii.net/4-99363.html
- https://sdamzavas.net/3-25914.html
Достарыңызбен бөлісу: |