Орындаған: Бауыржанқызы альфия Тобы: тпп206 Қабылдаған: Алтенов А. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайларды (факторларды) негізінен үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар


Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орталар даярлауда рН керсеткішінің зор маңызы бар



бет7/8
Дата11.03.2022
өлшемі0.98 Mb.
#456166
1   2   3   4   5   6   7   8
микробиопрактика (Al” (копия)

Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орталар даярлауда рН керсеткішінің зор маңызы бар.

  • Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орталар даярлауда рН керсеткішінің зор маңызы бар.
  • Мәселен, ауру қоздырушы — патогенді бактериялар үшін рН мөлшері 7,0—7,6, ал саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары үшін — 3,0—6,0 шамасында болуы тиіс.
  • Микроорганизмдердің споралары, олардың вегетативтік клеткаларына қарағанда, ортаның реакциясының өзгеруіне төзімді келеді. Қейбір микроорганизмдер тіршілік әрекеті кезінде түрлі органикалық қышқылдар түзеді. Бірақ осындай қышқыл ортада басқа қолайсыз факторлардың әсері күшейе түседі. Мәселен, қыздырған кезде белоктар көбінесе қышқыл ортада тезірек ұйыйды.
  • Микроорганизмдердің өсіп дамитын ортасының реакциясын қажетті бағытқа ыңғайлап, өзгерте алатын қабілеттері бар. Бұларға, мысалы: ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Әдетте қышқыл ортада ашытқы саңырауқұлақтар спиртті ашу процесін жақсы жүргізеді. Егерде олар шамалы қышқылды немесе сілтілі ортаға кез келсе, онда спирттің орнына ортада сірке қышқылы түзіледі. Жалпы ортаның реакциясын өзгерте отырып, микроорганизмдердің пайдалы тобының тіршілігін жақсартып, зияндыларының әрекеттерін тежеуге толық мүмкіндік болады.

Ортаның химиялық құрамы.

  • Микроорганизмдер тіршілігінде ортаның химиялық құрамының маңызы зор. Бұлай болатын себебі Ортада микроорганизмдерге қажетті заттармен бірге, зиянды улы заттардың да болуы мүмкін. Олар клеткаға еніп, цито-плазмамен байланысып, осының нәтижесінде микроорганизм клеткасының тіршілігін жойьп жіберед.
  • Микроорганизмдер тіршілігін жоятын улы заттардан ауыр металдардың тұздарын (сынап, күміс т.б.) атап өтуге болады. Сонымен қатар ауыр металдар (күміс, мыс, мырыш т.б.) және хлор, йод, сутегінің асқын тотығы, мырыш қышқыл калий, күкіртті газ, күкіртті қышқыл, көміртегі тотығы және көмір қышқыл газы, спирттер, органикалық қышқылдар және басқа да заттар иондары да микроорганизмдерге күшті әсер етеді. Практикада бұл заттарды антисептиктер деп атайды. Әр түрлі антисептиктердің микроорганизмдерге қолайсыз әсері олардың ортадағы концентрациясына және әсер ету уақытына, температура мен ортаның реакциясына байланысты. Қазір антисептиктер медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен үйлерді, құралдарды және аспаптарды залалсыздандыруға болады. Міне микробиологияда осы антисептиктермен өңдеуді дезинфекциялау деп атайды.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет