Орындаған: Дәулетбек Ғ. Тексерген: Джаркинбаев Е. Тобы



бет2/3
Дата25.10.2022
өлшемі39.44 Kb.
#463334
1   2   3
2 философия

Субстанция

Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм, дуализм, плюрализм болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф. Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классикалық неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді. Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. XX ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты.


Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасиетке тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді. Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік және олар сансыз көп рет бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б. Декарт пікірінше, адам екі – материалды және рухани субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы. Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні: 1.субстанция мәселесі; 2.таным теориясы;
3 этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет