Орындаған: Ғылыми жетекшісі: г.ғ. к., Тоқбергенова А. Шымкент 2006 Мазмұны беттер


Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекен жерлерінің құрамы



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3

Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекен жерлерінің құрамы.


Жер категориясының атауы

Жер пайдаланушылардың саны

Жалпы ауданы

Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер

Каналдар астындағы

Жолдар, көшелер, алаңдар астындағы

Сабақтардың астындағы

Құрылыс астындағы

Су астындағы

Дровесно кустар

Пр.угодин

Қалалар мен поселке-лер

20

45,4

24,2

0,1

6,8

0,3

3,3

0,1

3,2

7,4

Оның ішінде жеке шаруашылық жүргізу-ге арналған азаматтар-дың иелігіндегі жер-лер

25513

3,8

3,4







0,3










0,4

Тұрғын үй құрылысы-на арналған

59519

12,2

7,3




0,2

0,2

0,4




0,3

3,7

Ауыл елді мекендер

838

609,3

546,9

1,9

11,1

0,5

8,7

1,8

0,4

38

Оның ішінде жеке шаруашылық жүргізу-ге арналған азаматтар-дың иелігіндегі жер-лер

203803

33,3

32,5




0,7













0,1

Тұрғын үй құрылысы-на арналған жер

4881

0,6

0,4




0,1




0,7










Барлық елді мекен жерлері

858

654,7

571,1

2,0

17,9

0,8

12,0

1,9

3,6

45,4

Бұл алқапты суландыру кезіндегі негізгі шара – судың жер астына сіңіп, шығын болуына қарсы күресу.Ол үшін арық – атыздар, каналдар бойында судың жерге сіңуін кемітетін әр түрлі шараларды қарастыру керек. Яғни топырақтың суды бойына ұстап тұру ерекшелігіне байланысты мөлшерлеп беру керек.

Екінші алқап – жоғарғы алқаптан төмен жататын тау етегіндегі сазды жер. Бұл аймақта пролювиалды – делювиалды жыныстардан құралған. Биік таудан алыстаған сайын жыныстардың механикалық құрамы ауырлап, ірі қиыршық тастардың орнына майда, ұнтақталған тастар кездеседі.

Майда ұнтақталған топырақ қабаттардың нашар су өткізетініне байланысты жер асты суының ағыны бәсеңдеп жер бетіне жақындайды. Кей жерлерде майда бұлақтар жер бетіне шығып жатады. Сондықтан оны жергілікті халық “қарасулы аймақ” деп те атайды. Суы негізінен тұщы. Жер асты суы жақын болғандықтан, топырақтары шалғынды сұр, шалғынды – сазды, шалғынды – батпақты және батпақты. Сазды аймақтың төменгі шетіне аздап құрамында натрий катионы бар сортанданған топырақтар да кездеседі.

Бұл алқаптың шалғынды топырақтарының 05, - 0,1 м. тереңдігінде көбінесе өте қатты карбонатты қабат кездеседі. Ол өсімдік тамырларының таралуына, судың сіңуіне көп зиян келтіреді. Мұндай қатты қабатты Орта Азияда “арзық” немесе “шоқ” деп атайды. Ол жерлерді жыртып, егін еккенде жер асты суының жақын жатуына және механикалық құрамының майда болуына байланысты, арық пен каналдардағы судың жерге сіңіп, шығын болуы көп болмайды. Топырақ бетіне жақын жатқан бұл суларды өсімдіктер пайдалана алады. Сондықтан бұл аймақты суарғанда судың есептегі мөлшерден кем беру қажет. Өйткені, өсімдік жетіспеген ылғалды жер асты суынан алады.

Ал, аздап кездесетін батпақтанған топырақтарды құрғату үшін керіздер қазу қажет. Топырақта кездесетін біршама сорланған топырақтарды жуып шайып, мелиоративтік жағдайын жақсарту керек. Жер асты суының топырақ бетіне көп көтеріліп кетпеуі үшін оның деңгейін ылғи қадағалап отырған жөн.

Үшінші алқап – сазды жерлерден төмен жатқан шөлді жер. Бұлар негізінен қазіргі немесе ертедегі өзендердің, уақытша таудан аққан су ағаштарының пайда болған шөгінділері, еңістігі шамалы тегістіктер. Топырақ қабаттары әр түрлі болып келеді. Оның жоғарғы бетінде ұнтақталған майда топырақтар, астында көбінесе құмды қабаттар кездеседі. Жер асты сулары бұл алқапта әр түрлі тереңдікте: өзен, көлдерге жақын жерлерде су жер бетіне жақын, ал олардан алыс жерлерде терең жатады. Жер асты суының табиғи ағымы тіпті жоқтың қасы. Бұл алқаптың топырағы әр түрлі. Су жайылымы кететін жерлерде аллювиалды шалғынды, шалғынды – батпақты және батпақты топырақтар болса, шөлді жерлерде тақыр түсті және сұр құба топырақтар мен тақырлар, құмды массивтер кездеседі. Топырақтарының көп бөлігі сұрланған.

Соңғы кезеңдерде игерілген және келешекте игерілетін жерлердің басым көбі осы алқапта орналасқан. Бұл алқапты суарған кезде жер асты суы барлық жерде бірдей тез жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастайды. Себебі, мұнда судың шығыны тым көп. Бұл маңдағы егістікті суарғанда топырақтың сорлану қаупін бодырмау үшін суды есептегі мөлшерден 20-30% артық беру керек. Сонда топырақ құрамындағы тұздар жойылып, жер асты суына қосылады. Кейін бұл шайынды суларды арнайы қазылған қашыртқылар арқылы бұл аймақтан алыстатып жіберу керек. Бұл алқап мелиоративтік жағынан өте ауыр алқап. Сондықтан ауыр техникалық, ирригациялық жұмыстарда жіберілген сәл ғана қате топырақты сорландырып, істен шығарады. Коллекторлы - керізді су қашыртқыларының мүлтіксіз жұмыс істеуіне айрықша назар аударылуы қажет.

Осындай қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін көптеген ирригациялық, инженерлік, мелиоративтік шараларды дер кезінде қолдану қажет. Мелиорация жағдайын жақсартатын шаралардың бірі – жердің бетін жаппай тегістеу.

Каналдармен арықтардағы судың жерге сіңіп ысырап болуына қарсы күресі, жер асты суының жоғары көтерілу, шапшаңдығын бәсеңдетеді. Ол үшін каналдар мен арықтардың табандары мен бүйірлерін су өткізбейтін бетон плиталармен немесе латоктармен қаптау керек. Ал, кейбір жағдайда арықтардың суды сіңіруін азайту үшін майда ұнтақталған балшық бентонит сепкен жөн.

Судың босқа ысырап болып, жер астына сіңіп кетпеуі үшін топырақтың физикалық қабілеттеріне сүйене отырып, оны тәртіппен мөлшерлеп қана беру керек. Мелиорациялық жағдайы қолайсыз аудандарда қаншалықты суды үнемдеп, жердің астына көп жібермеу әрекеттерін істегенімізбен, 5-6 жылдың ішінде жер асты суы жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастауы, ал кейбір ойпатты жерлердің батпаққа айналып кетуі ықтимал. Сондықтан мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарда топырақты сорланудан, батпақтанудан сақтайтын негізгі әдіс инженерлік жолмен қазылған терең коллекторлы – керізді жүйелер арқылы жер асты суының ағымын жасау. Суармалы алқаптардың мелиорациялық жағдайының қолайсыздығына қарамастан, соңғы жылдарға дейін коллекторлы – керіз жүйелерін қазу жұмысы жөнді шешілмей келеді. Осының салдарынан Оңтүстік Қазақстан облыстарының көптеген суармалы жерлері сорланып,істен шықты. Егіншіліктің жылжымалы жүйесі, яғни бір жер сорланып істен шықса, оны тастап, екінші жерге егін егу практикасы көбірек орын алып келді. Тек кейінгі жылдарда ғана бұл олқылық игеріліп, мемлекеттік көлемде жерлердің жағдайын жақсарту мақсатымен коллекторлы – керізді жүйелер қолға алынды. Мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарды игеру үшін коллекторлы –керіз жүйелерді салу , каналдар қазу жұмыстарының жобасында көрсетілуі тиіс. Сонда ғана суармалы жерлердің сорлануынан құтыла аламыз. Ескертетін жағдай, ренішке орай суармалы егіншілік дамыған Оңтүстік облыстарымыздың жерлерінң мелиоративтік жағдайлары қазіргі талапқа сай емес екендігі анық.

Міне, осы жағдайларды ескере отырып, мемлекет басшылары сырттан түсетін инвестиция қаржыларының біраз бөлігін осы суармалы жеріміздің мелиоративтік жағдайын жақсартуға жұмсау туралы қабылдаған шешімі құптарлық жай. Соңғы деректерге қарағанда Қазақстанның суармалы жерлерінің 80% - н қазылған арық – атыздар қазіргі талапқа сай инженерлік құрылыстар емес. Әңгіме, осы олқы жағдайды талапқа сай етіп жақсартуда болып отыр.


2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын

тиімді пайдалану жолдары.

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.



Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі керек:

  1. Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйсінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.

  2. Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау. Табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.

  3. Өндірістік экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін экология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру, шикізат өндірісінде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңейту, өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою т.б.

  4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:

  • шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек.

  • шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек.

  • қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болу керек.

  • табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек.

  • табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.

  1. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе, оның тиімділігігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

  2. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауға болады.

  3. Аймақтық принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші түріне бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

  4. Кешенділігі. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажеттілігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса материалдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.

  5. Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принцип негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігігін арттыруға болады.

Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір – бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттілігі күмән тудырмайтыны анық. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғау мен ұйымдастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология – экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.

Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі – мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулық сақтау, философиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік – экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары, оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.

Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез – келген жағдайда кешенді қарастырылуы қажет. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек. Өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның экономикалық дамуымен байланысты.

Табиғат тиімді пайдалану мәселелерін зерттеудің біртұтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру т.б. агроэкономикалық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.

Қазақстандағы суармалы облыстардағы негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе топырақтағы азотты арттыратын дақыл – беде (люцерна), сонымен қатар беде өте құнды болатын азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда беделі – күрішті, беделі – мақталы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қара беденің ауыспалы егістерде алатын орны әр түрлі (әдетте 30%-дан 50%ға дейін) 1961 – 1962 жылдары академик В.Вильямстың шөп танапты ауыспалы егісіне қарсы “шабуылы” басталған аймақтарда, оның ішінде біздің оңтүстік облысымызда беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды, оның салдарынан беденің тұқымы әлі күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы керек.

Егер республикамыздың солтүстігінде топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстігінде су эрозиясы басым.

Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті төменгі қабатының жуылып – шайылып, жыралар мен сай – салалардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы аймақтарда орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің және оның төменгі қабаттарының су эрозиясына өте берілген ұнтақ жыныстардан (лесс типтес) құралуы септігін тигізеді.

Су эрозиясының негізінен екі түрі болады.

Топырақ бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аналығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте топырақтың құнарлы қабатының біразы шайылып, топырақ құрамы төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.

Ал, көлбеу тігірек, беткейлерде әуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе, су жүретін ірілі – ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.

Су эрозиясымен күресудің 3 түрлі жолы бар:

Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.

Орманды – мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.

Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардан табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттар мен (плита, латоктар мен полиэтилен т.б.) қаптау.

Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг, жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал, су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары 2 тоннаға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280кг. фосфор мен 215 кг. калийді жоғалтады екен.(Жанпейісов Р.Д. 1977)

Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арттыру мен қатар ауылшаруашылығының екінші саласы – мал шаруашылығын өркендету үшін республикамызыдың мол байлығы – миллиондаған гектар жайылымы мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн. гектардай жайылым жерлер бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан астамы. Өкінішке орай, оншалықты мол байлық бүгінге дейін дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі, бұл шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін жақсы суландырылмай келеді.

Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру кезек күттірмейтін іс. Сондай – ақ, жайылымды жерлерді топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай “тұяқтесті” жерлер республикамызда миллиондаған гектарды алып жатыр. Қазақ халқының “мал шөпті ауызымен емес, тұяғымен жеиді” дегені тегін болмаса керек. Мұндай жайылым эрозиясына ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.

Жерден мол өнім алу үшін Оңтүстік Қазақстанда түзілетін басты шаралар – құнарлықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топырақты эрозиядан қорғау.

Республикада күрделі мелиорацияны қажет етпейтін жыртуға жарамды 61 млн. га-дай жер бар, оның 20 млн.га-ға жуығы терістік, шығыс, терістік батыс қара топырақты және қара-қоңыр топырақты, көпшілік жағдайларда табиғи ылғалмен қамтамасыз етілген аймақтарда. Ал, ылғалмен қамтамасыз етілмеген топырағы жай және ашық қара-қоңыр және шөлейтті зонашаларда жыртылған жер көлемі соңғы жылдарға дейін 5 млн. га. шамасында еді. 40 млн. га егістік жер Оңтүстік Қазақстан облысында бұлар негізінен тау етегіндегі шөлді – далалы белдеуде таралған суарылмайтын және суарылатын егістіктер тек бау-бақшалар суармалы жердің біраз көлемі шөл аймағында өзен бойлары мен сағаларында орналасқан. Республикадағы жалпы суармалы жер көлемі кезіндегі 1 млн. га жалпы егіс көлемінің 5,0%-ы ғана қалған. Бұл жағдайды қалпына келтіру керек.



3 Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын нарықтық экономика жағдайында пайдаланудың негiзгi тенденциялары.
3.1 Оңтүстік Қазақстан облысы жер ресурсының құрылымы

және оны пайдалану ерекшеліктері.
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының көлемдiлiгi табиғи жағдайлардың әртүрлiлiгi жер реформасының нәтижесiн объективтi бағалауға, ол реформаны жүзеге асыру сферасын кеңейтуге, оның iшiнде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық негiзiн жасауға мүмкіндік бередi.

Жер реформасының нәтижесiнде аймақта шаруашылықтың барлық салаларының бiр деңгейде дамуына, қозғалмайтын мүлiктер нарығының дамуына жер қатынастары сферасындағы заңдардың нығаюына бағытталған қайта құрулар жүргiзiлiп жатыр.

Облыс территориясы табиғи-климаттық көп зоналылығымен ерекшеленiп, 4 зонаға бөлiнедi: солтүстiк, оңтүстік-батыс, оңтүстік – жазық, оңтүстік-шығыс – таулы. Территорияның табиғи жағдайлары да әртүрлi: шөлдер және шөлейттер, тау алды қыраттар мен тау жоталары орналасқан.

Табиғи шаруашылық қатынастарға қарай келесi зоналарға да бөлiнедi: қаракөл қойларын өсiру дамытылған шөлдi мал шаруашылық зонасы (Қаратау және қызылқұм зонашалары); мақта шаруашылығы дамыған суғармалы егiншiлiк зонасы (Келес, Сарыағаш зонашалары); таулы-жазықты – суғармалы емес егiншiлiк дамыған зона; жалаңаш–жазықты зона (Мақтарал ауданы, мұнда мақта шикiзатының 62% орналасқан).

2003 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәлiметтер бойынша ОҚО жер қоры 11724,9 мың га-ны құрайды, оның iшiнде ауылшаруашылық жерлерi – 6262,8 мың га, халық қоныстанған жерлер – 654,7 мың га, ерекше қорғалатын территориялар – 76,3 мың га, орман қорының жерлерi – 3036,9 мың га, өнеркәсiп, транспорт, байланыс, қорғаныс және т.б. ауылшаруашылығында пайдаланылмайтын жерлердiң көлемi – 54,8 мың га, су қорындағы жерлер – 34,1 мың га,қордағы жерлер – 1506,3 мың га, бiздiң республикамыздан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер 99 мың га. Облыс жер қорының көп бөлiгiн ауылшаруашылық жерлерi – 53,4%, орман қоры – 25,9%, қордағы жерлер – 12,8% құрайды.

Реформа жылдарында әртүрлi категориядағы жерлердiң үлес салмағы өзгертiлдi. 1991 жылы қабылданған “Жер реформасы туралы” заңға сәйкес жеке кәсiпкерлiкпен айналысуға берiлетiн жердiң, үй салуға, саяжай құрылысына, бау-бақша өсiруге арналған жердiң көлемi едәуiр ұлғайды. (1990 ж. 130,9 мың га-дан 2002 жылы 654,7 мың га-ға дейiн).

Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерден елдi-мекен жерлерiнiң айырмашылығы, олар өнеркәсiптi, мәдени-түрмыстық және үй инфрақұрылымдарын орналастыруға яғни, халық қажеттiлiктерiн өтеуге пайдаланылады.

Елдi-мекендердiң құрамына кiретiн барлық жерлер бiр мақсатта орналастырылған – яғни елдi-мекеннiң дамуын қамтамасыз ету және бiрыңғай әлеуметтiк-экономикалық организм ретiнде қалыптасу. Ең маңызды принциптердiң бiрi елдi-мекен жерлерiн тиімді пайдалану. Ол дегенiмiз аз көлемдегi жерге ғылыми дәлелденген нормаларды ескере отырып, көп мөлшердегi үйлердi, ғимараттарды, сонымен бiрге жол жүйелерiн, алаңдар мен саябақтарды орналастыру, жердiң барлық категорияларын интенсивтi пайдалану.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық жерлерi 1990-2001 жылдары 11024,0 мың гектардан 6262,8 мың га немесе 4761,2 га-ға қысқарды. Яғни, ауылшаруашылық жерлерiнің үлес салмағы 80%-н 53,4%-ға дейiн төмендедi. Мұның негiзгi себебi өнеркәсiптiң, транспорт, байланыстың дамуымен елдi-мекендер көлемiнiң ұлғаюы деп түсiндiруге болады.

Облыс жерiнiң пайдаланылуына талдау жасасақ:

Ауылшаруашылық жерлерi жөнiнен келесi аудандар: Созақ ауданы – 2090,5 мың га (облыс жерiнiң 33,4%) және Отырар – 712,2 мың га (11,4%); Мақтарал ауданы – 131 мың га (жалпы республикадағы егiстiк жерлердiң – 17,2%); Сайрам ауданы – 11,6%.

Жайылым – Созақ–1906,1 мы га (барлық жайылымның 40,8%-ы), көпжылдық шөптер – Сайрам – 5,4 мың га (облыстағы ұлесi 25,6%), шабындық – Бәйдiбек – 35,9 мың га (28%), залеждер – 43,3 мың га (25%).

Аймақтың жер ресурстары тиімді пайдаланылса, ауыл шаруашылығының барлық өнiмдерi мен iшкi сұранысты толық қамтамасыз ете алады. Бiрақ, дефляцияға бейiм топырақты аудандар ерекше қорғауды, ерекше қамқорлықты қажет етедi.

Ауылшаруашылығына жарамды жерлер (егiстiк жерлер, жайылым, көп жылдық өсiмдiктер, залеждер) облыстың бүкiл жер қорының 87,6%-н құрайды немесе 10269,1 мың га, ал басқалары (ормандар, шалғындар, құмдар, батпақтар, су астындағы жерлер т.б.) – 12,4% немесе 1456,8 мың га

Жасалған талдауларға сүйенсек ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіру жылдарында ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемi мен жердi пайдаланудың түрi, экономикалық факторлар үлкен өзгерiстерге ұшырады. Аймақта бүкiл республикадағыдай ауылшаруашылығына жарамды жерлердің көлемiнiң күрт қысқарғаны анық байқалады және жердiң сапалық жағдайы төмендедi.

1991–2002 жылдар аралығында бос, пайдаланылмай жатқан жерлердiң көлемi 0,3%-дан 2,0%-ға дейiн көбейдi. Негiзгi себеп жердi пайдаланумен игеруге арналған материалдық-техникалық базаның жетiспеуi.

Бос жатқан жерлердi игеру барысында жайылымдардың ауданы 2000 жылғымен салыстырғанда 2002 жылы – 8,9 мың га-ға, ал жайылымдарды игеру нәтижесiнде егiстiк жерлерiнiң көлемi 28,0 мың га-ға дейiн артты. Сапасы жоғары жайылымдарды интенсивтi және жүйесiз пайдалану өнiмнiң азаюына, мал басының кемуiне алып келдi.

Топыраққа антропогендiк ықпалдың күшеюi оның батпақтануына, эрозиялық бұзылуларға алып келдi. Бұл процестердiң прогрестi дамуы биологиялық циклдарды бұзып, топырақтың өнiмдiлiгiн төмендетедi. Жер ресурстарына жалпы антропогендiк ықпал көп жағдайда биосфераның өзiн-өзi реттеу қабiлетiн төмендетедi.

Сапалық жағдайына қарай ауылшаруашылық жерлерi келесiдей түрге бөлiнедi: тұздалған – 2968,6 мың га, жел эрозиясына ұшыраған – 3016,3 мың га, шайылған немесе су эрозиясына ұшыраған – 958,0 мың га. Зерттеулер көрсетiп отырғандай барлық жердің 3,8 млн га жер эрозияға ұшыраған, оның iшiнде жел эрозиясына – 3,2 млн га және су – 0,8 мың га жер.

01.01.2003 жылдағы жағдай бойынша облыста 880 га құрылыс барысында пайда болған карьерлер, iшкi және сыртқы отвалдар, үйiндiлер бар. Ал, маңызын жойған каналдар мен ашық алаңдарын қоса айтсақ бұл сан 2,3 мың га-ға дейiн жоғарылайды. Қаржының бөлiнбеуi салдарынан соңғы жылдары жердi рекультивация жұмыстары тоқтатылды. Жер өнiмдiлiгiнiң төмендеуi бiрiншiден эрозияға, тұздануға, т.б. байланысты. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұздалған жердiң жалпы көлемi 2968,6 мың га болса, оның iшiнде 734,2 мың га – әлсiз тұзданған, 856,7 мың га – орташа тұзданған, 550,5 мың га қатты тұзданған және 459,2 мың га-ры құмдар. Топырақтың мұндай күйге түсуi кең көлемде өнiм алып, минералдық және органикалық тыңайтқыштармен өте аз көлемде қамтамасыз етiлуiнен болып саналады. Ластануға қарсы ешқандай шаралар жүргiзiлмейдi. қоршаған ортаны қорғауға бөлiнетiн қаржының 20% ғана жердi ластанудан қорғауға жұмсалады екен.

Гос.НПЦ Земнің (Жер қатынастары жерді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми өндірістік орталық) және жер қатынастарының мәлiметтерi бойынша соңғы 2 жылда Оңтүстік Қазақстан облысының егiстiк жерлерiнiң гумус қабаты күрт төмендедi (орташа 30%). Әсiресе, Мақтарал, Сарыағаш, Түркiстан, Қазығұрт аудандарында. Облыста 598 мың га егiстiкке жарамды жер болса, 2000 жылы оның 379 мың га-ры (76,2%) ғана ауылшаруашылығына пайдаланылады. 1999 жылы 487 мың га жер мүлдем пайдаланылмады, оның iшiнде 4,8 мың га – тұздалғандығы үшiн, 0,8 мың га-ры – жер асты суларының деңгейiне 2,3 мың га – сумен қамтамасыз етiлмегенi үшiн, 1,8 мың га-ры – мелиоративтi алаң болғаны үшiн.

Зерттеулер көрсеткендей, тұздалмаған жерлердiң жалпы үлес салмағы 72,3%-ды құраса, әлсiз тұзданған жерлер – 21,3% (19 см) , орташа тұзданған – 7%-ды (7 см), қатты және өте қатты тұзданған жерлердiң үлес салмағы – 3,8% (4 см).

Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау мәселесi даулы, қиын мәселе. Экономикалық құрылымда “экологиялық лас” салалардың орын алуы энергетика, түстi металлургия, мұнай, мұнай химиясы табиғатты қорғау шараларының жоқтығы, табиғи ресурстарды комплекстi пайдаланбау жер ресурстарының ластануына, территориялардың деградациялануына алып келдi.

Қазіргi қалыптасқан нарықтық қатынастарда шаруа қожалықтарының иелiгiнде 729,5 мың га жер бар. Акционерлiк қоғамдар мен серiктестiктердiң иелiгiне 378,9 мың га жер келедi. Соңғы жылдарда ауылшаруашылық кооперативтерi ерекше қарқынмен дамып, олардың иелiгiнде 2045,6 мың га жер, ал мемлекеттiк кәсіпорындардың ықпалындағы жердiң жалпы көлемi 374,9 мың га (ауылшаруашылық жерлерiнiң 6,0%). Көрiп отырғанымыздай аймақтың ауылшаруашылық жерлерi негiзiнен мемлекеттiк емес статустағы заңды тұлғаның иелiгiнде.

Ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлерi өздерiнiң қандай өнiм шығаратынын, қанша өнiм шығаратынын өздерi анықтайды. Бағаға, сұранысқа қарай отырып, олар қандай ауылшаруашылық өнiмiн өсiруде.

Оңтүстік Қазақстан облысында техникалық дақылдар (мақта, май дақылы), бақша дақылдары картоп, көкөнiс өнiмдерi. Облыстың климаттық жағдайы мақта өсiруге қолайлы және бұл аймақ Қазақстандағы жалғыз мақта өсiретiн облыс болып саналады.

1990 жылғымен салыстырғанда органикалық тыңайтқыштармен жердi қамтамасыз ету қанағаттанарлықсыз деңгейде.

2003 жылы ауылшаруашылық бiрлестiктерi минералды тыңайтқыштардан – 3,8 мың тонна (1990ж. 81,0 мың тонна), органикалық тыңайтқыштардан – 10,2 мың тонна (1990 ж. 935,8 мың тонна) пайдаланылды.

Егер 1990 ж. әр гектарға 76,6 кг минералдық тыңайтқыштартар себiлсе, 2001 ж. оның мөлшерi – 5,9 кг, ал органикалық тыңайтқыштар 0,9 кг-нан 0,02 кг-ға дейiн төмендеген. Осының нәтижесiнде минералды тыңайтқыш себiлген жердiң көлемi 15,5 есеге дейiн (692,9 мың га-дан 44,7 мың га) және органикалық тыңайтқыштар – 22,5 есеге дейiн (49,5 мың га-дан 2,2 мың га-ға дейiн) қысқарды. Бұл бiрiншiден минералды тыңайтқыштардың бағасының көтерiлуiнен, екiншiден қаржымен қамтамасыз етiлмеуден.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар 2003 жылдың 1 қаңтарында 76,3 мың га-ды немесе облыс территорияларының 0,6% жерiн қамтыды. Олар көбiне қорықтар және ұлттық саябақтармен сипатталады. Бiздiң облысымыздың территориясы үшiн 0,6% деген өте аз мөлшер, себебi, Оңтүстік Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайының әртүрлiлiгi, тарихи-мәдени ескерткiштерiнiң сан алуандығы ерекше қорғалатын территориялардың санын арттыруға негiзгi

Сурет 5


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> 5 1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
2013 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің
2013 -> Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама
2013 -> 1 «Алаш» партиясының құрылуы
2013 -> Шымкент институты
2013 -> Информационные материалы
2013 -> 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы оперативтік есепке талдамалық жазбахат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет