Люголь ерітіндісін келесі түрде дайындайды: Kalii iodati 2, 0; Jodi puri 1, 0; Aq.destill 30, 0. 5 тамшы ерітіндіде 180 мг йодид бар. Йодидтің (180-200 мг күніне) терапевтік мөлшері өзінің әсерін 2-3 аптадан кейін көрсете бастайды: Т4 және Т3 қан плазмасындағы деңгейін төмендетеді, тиролиберин енгізгеннен соң ТТГ-ға реакциясы жоғарылайды. Йод препараттары тиреоидты гормондардың биосинтезін тежейді, бұл кезде қалқанша бездің қанда неорганикалық йодтың сіңірілу қабілетін бұзады және Т4 және Т3 секрециясын төмендетеді. Сонымен қатар бездің ТТГ әсеріне сезімталдығы төмендейді, ал диффузды токсикалық зоб кезінде – тиреоидстимулдеуші антидене әсер етеді. Йод препаратын ұзақ уақыт қолданғанда тиреотоксикозды күшейтуі мүмкін екендігін есте сақтау керек.

Бұл жағдайда әртүрлі -блокаторлар (индерал, анаприлин, обзидан, атенолол, альпренолол, метопролол) қолданады. 40-60 мг/тәул. керек болған жағдайда 100-120 мг/тәул. дейін жоғарылатуға болады. -блокаторлар жүрек жиырылуын және күшін азайтады. Йодид қабылдаудың клиникалық әсері – тиреотоксикоздың төмендету үшін ғана емес, қалқанша бездің көлемін, тығыздығын және қанмен қамтамасыз етілуін қамтамасыз етеді. Кейінгі жылдары кеңінен тараған иодат Nа (ораграфин немесе телепак) қолданады, ол тікелей қалқанша без функциясын ингибирлеумен қатар Т3 және Т4 пайда болу жылдамдығын азайтады. Препарат күніне 1 гр. Тағайындайды және 10-14 күн бойы эутиреоидты жағдай қалыптасуы байқалады. Перхлорат Ка қалқанша безіне сіңіріледі. Қазіргі кезде бұл сирек қолданады.