Бұлғақтау - бұралаңдау, былқылдау, сылқылдау, бұлғалаңдау, қисаңдау, қиқақтау, шайнақтау, тәлтіректеу, қиралаңдау, бұлғаңдау, қозғалу етістігінің бірінші тобына жататын, бағыт-бағдарды білдірместен жалпы қозғалысты білдіретін қозғалыс етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 156б]
Бытырау – шашырау, ыдырау, тарау, тарқау, жан-жаққа тарам-тарам болып бөліну, бет-бетімен кету, қозғалу етістігінің үшінші тобына жататын, қимылдың обьектіден алыстауын білдіретін қозғалыс етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 162б]
Далақтау – далаңдау, далбақтау, далбаңдау, далпылдау, елпелектеу, есі кетіп жүгіру, шапқылау, қозғалу етістігінің жетінші тобына жататын, қимылдың жылдамдылығымен байланысты қолданылатын қозғалыс етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 171б]
Елпілдеу – елбектеу, ебелектеу, лепілдеу, жаны қалмай бәйек болу, құрақ ұшу,қозғалу етістігінің бірінші тобына жататын, бағыт-бағдарды білдірместен жалпы қозғалысты білдіретін қозғалыс етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 181б]
Жақындау – таяну, тақау, таялу, жуықтау, маңайлау, жетіңкіреу, жақын келу, қозғалу етістігінің екінші тобына жататын, қимылдың обьектіге жақындағанын білдіретін қозғалу етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 219б]
Жинау – жою, топтау, шоқтау, шоғырлау, қозғалу етістігінің бірінші тобына жататын, бағыт-бағдарды білдірместен жалпы қозғалысты білдіретін қозғалыс етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 243б]
Жылдамдату – тездету, шапшаңдату, жеделдету, желпелету, жебелеу, қозғалыс етістігінің жетінші тобына жататын, қимылдың жылдамдылығымен байланысты қолданылатын етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 25б]
Зыту- қашу, қорқу, жоғалу, жоқ болу, ізім-қайым кету, ұшты-күйлі жоғалу, қозғалыс етістігінің үшінші тобына жататын, қимылдың обьектіден алыстауын білдіретін қозғалыс етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007-264б]
Зымырау – аулау, заулау, зауылдау, зуылдау, зырлау, зырғу, зырқырау, зыту, зымғау, қозғалыс етістігінің жетінші тобына жататын, қимылдың жылдамдылығымен байланысты қолданылатын етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 264б]
Достарыңызбен бөлісу: |