Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер
Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мəн-жайлар болмаған кезде,
қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер,
атап айтқанда:
1)жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының
немесе
ұйымда
басқару
функцияларын
орындайтын
адамның
қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы
хабары;
2)кiнəсiн мойындап келу;
3)бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
4)қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының дайындалып
жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
туралы баянаты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер болып
табылады.
ҚПК-нің 185-бабы 1-бөлігінің екінші жəне үшінші абзацтарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған
кезде анықтаушы,
анықтау органы,
тергеу бөлімінің бастығы,
тергеуші,
прокурор өз
құзыреті шегінде жəне осы Кодексте белгіленген тəртіппен өз қаулысымен
қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.