Орындаған: Сейтқадыр М. Т тексерген: Болтаев Тобы


Психолог мамандығының қоғамдағы орны



бет2/4
Дата17.04.2024
өлшемі23.03 Kb.
#499061
1   2   3   4
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті1

Психолог мамандығының қоғамдағы орны
Бүгінгі таңда егеменді еліміздің алға қойған мақсаттарының бірегейі білікті, білімді және еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. Осы жолда психолог маманының атқарар рөлі өте зор. Сондықтан, психология бұл – болашақтың мамандығы. Қай сала болмасын психологиямен тығыз байланысты, өйткені адамдармен қарым-қатынаста шиеленіс туындап отырады. Қазіргі тұрақсыз адами дағдарыс кезінде психологиялық шабуылдардан қорғану, қашу психологиялық көмекті қажет ететіні сөзсіз. Күнделікті жұмыста, отбасында, қоғамда адамдар түрлі психологиялық кедергілерге тап болып, агрессивті мінез-құлық көрсетеді және жеңудің орнына әлсіздік танытып жатады. Стресс, депрессияға жиі ұшырайды. Сондықтан бұл мамандықтың біздің елімізге қажет екені түсінікті жәйт. Осы орайда сұрақтар туындауы мүмкін. “Психология дегеніміз не?” “Бізге, менталитетімізді есепке алсақ, психолог маманы қажет пе?” “Қажет болса, оны жеткілікті деңгейде бағалай ала ма” және т.б. сұрақтар. Әуелгі сұрақтан бастасам, психология – бұл адам жаны туралы ілім. Адами қарым-қатынас, адами құндылықтар, адамның рухани білімі – психологияның қарастыратын мәселелері. Ал енді қазіргі таңда бұл мамандықтың елімізге қажеттілігі туралы айтатын болсақ, бұл өте күрделі сұрақ. Жауабын сіз бен біз таба білмейтін сұрақ. Дегенмен көш соңында қалдық, батыс пен таяу шығыстан жырада қалдық, бұл мамандықтың артықшылығын түсініп жатқан жоқпыз десем, үлкен ағаттық жасаған боламын. Дегенмен, тәй-тәй басып, адымын ақырындап аңдап басып оң бағытта келе жатыр десек дәл айтқанымыз. Үйренеріміз бен білеріміз әлі алда. Десе де, 21 ғасырда қажет мамандықтың бірі – осы психолог маманы. Деңгейі күрт өспесе де, алға қарай дамып келеміз. Былдырлаған бүлдіршіндер тәлім алатын балабақшалардан бастап, ұлы тұлғалар қызмет ететін ірі-рі мекемелерде арнайы психолог мамандар жұмыс істеуі психология мамандығының қажеттілігі зор, мәртебесі биіктеп келетініне дәлел. Шынтуайтына келгенде, психолог кез-келген кісінің оқиғасын тыңдап, жан дүниесімен түсініп, қолынан келер көмегін аямайтын тұлға. Өмірден түңілген жан болса, болашақ ғұмырына қызуғушылық отын жағып, тірліктің ақ пен қарадан тұратынын, ары қарай қадам басу керектігін ұғындырып, жарқын жаққа жол сілтейді. Сондықтан, психология – ешқашан өлмейтін, өшпейтін, қайта күн санап мәртебесі арта беретін болашақтың мамандығы деп есептеймін.
Психология барлық жағдайларға арналған көмекші болмаса да, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, психологияға ғылым мен практика ретінде қызығушылықтың артуына қарамастан, адамдар оған әр түрлі көзқарас танытады, яғни оң көзқарастан жағымсыз көзқарасқа дейін. Кейбіреулер психология шын мәнінде өте пайдалы ғылым деген пікірмен келіседі, оның күшті жағы-алынған білім мен дағдыларды өмірде қолдану мүмкіндігі. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық үлкен және қазіргі қоғамның барлық салаларына: білім беру; саясат; медицина; спорт; экология; өнер және бизнес және т. б орын алады. Психологияның пайдасы адамның дүниетанымын қалыптастыруға, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Қазіргі таңда білікті психология мамандары мен өзінің өміріне бейжай қарамайтын, психология іліміне жүгінетіндердің қатары көбейіп келеді. Жеке тұлғаның сана-сезімінің дамуына әсер етіп жүрген жандардың бірі Алмас Ақынды мысал ретінде алсақ: «Кез-келген адамның өз өмірінің ораторы, көшбасшысы, жеңімпазы және бай болып қалыптасуы үшін оған 3 үлкен фактор әсер етеді:
1. Сенімділік. Ішкі блоктардан толығымен айығу;
2. Өз бағытын білу. Өзіңіздің тұлғалық моделіңізді анықтау;
3. Бойыңыздағы талантты ортада қолдану то игеру яғни, осы сенімділік арқылы психологиялық тұрғыдан қалыптасамыз», — дейді. Адам бойындағы кездесетін мәселелерді ескере отырып, оларға қол ұшын созатын психологтардың маңызы зор. Сондықтан қазіргі әлемдегі психологтың рөлі өте қажет. Ол көптеген адамдардың өмірін сақтайды. Кішкене проблемалар болса да, психологпен сөйлесу адамға өз әсерін тигізеді, айтарлықтай жеңілдейді. Әйтсе де, психологтар деген кім?
Психологтар - бұл өз саласының мамандары. Психологтар-бұл әртүрлі проблемалық жағдайларда көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын адамдар. Мысалы: қарым-қатынастағы қиындықтар, отбасындағы қиындықтар,балалармен қиындықтар,мансап проблемалары, қаржы және өмір жоспарлары, өзіне қатысты қиындықтар, жаман әдеттер мен тәуелділік,өз-өзіне күмәндану, кешіктіру, эмоционалды күйзеліс, түсініксіз эмоциялар, жақын адамнан бөліну, мазасыздық пен қорқыныш,депрессия,стресс,дүрбелең шабуылдары, нашар ұйқы, жанжалдар мен қақтығыстар,агрессия, тәбеттің жоғалуы, өмірдің құнсыздануы және т.б. психологиялық проблемалар болуы мүмкін. Сондақтанда психологтардың енбегін бағалауымыз керек. Психологиялық проблемалары бар клиентке(пациентке) психологиялық емдік әсер етудің 4-5 сессиясынан кейін пациенттің психоэмоционалды жағдайы дұрысталады. Психологпен жұмыс істегеннен кейін пациенттер әлдеқайда жақсарады,негізінен көптеген проблемалар адамдардың өміріне теріс әсер бермесе, оң әсері жоқ. Психологқа жүгінген адамдар әлемге және жағдайларға басқа көздермен қарайды, емдеуге дейін қорқынышты болып көрінген нәрсені соншалықты ауыр қабылдамайды. Олар депрессияны, апатияны жоғалтады, өмірге қызығушылық танытады және онымен бірге тамақтануы да жақсарады. Адам тынышталады, оның ұйқысы қалыпқа келеді, терең, тыныш болады. Психологқа жүгінгеннен кейін адамның өмірі жақсарады, жарқын болады, жағымды эмоциялар мен сезімдерге толы болады.
Қорытындылай келе, психологияның адам өміріндегі рөлі шынымен маңызды деп айта аламыз. Басқа ғылымдармен қарым-қатынаста психология өзінің пәнін, теориялық принциптері мен осы пәнді зерттеу әдістерін сақтайтынын нақты түсініп, есте сақтау керек. Психологияда білімнің ерекше саласы ретінде бірқатар арнайы салалар біріктіріледі, олардың арасындағы байланыс әрдайым бірдей болмайды. Бірақ, кейде «үйлесімсіздікке» қарамастан, олардың бәрі білімнің бірыңғай саласына жатады. Сайып келгенде, олардың жалпы міндеті – құбылыстардың бір класының-психикалық мәнін зерттеу. Психологиялық пәндердің бүкіл жүйесін зерттеудің негізгі объектісі-адам, оның психикалық процестері, күйлері мен қасиеттері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет