Ірі масштабты топографиялық карталарда барлық елді мекендер мен бөлек орналасқан құрылыстар көрсетіледі. Елді мекендер келесідей белгілеріне байланысты бөлінеді:
- тұрғындарының саны (шрифттің биіктігі)
- елді мекен түрі (жалқы атауларды жазуға қолданылатын шрифт түрі )
- саяси-әкімшілік маңызы
Ірі масштабты карталарда елді мекендердің бөліктерін жасыл желектердің, көліктердің аумағында, құрылыс жүргізіліп жатқан жерлерде көрсетеді. Ірі масштабты карталарда барлық өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындары, қоғамдық-мәдени нысандар, діни-мәдени құрылыстар (мешіт, шіркеулер) көрсетіледі.
Географиялық координаталар
Жер бетіндегі нүктелердің орындары координаталармен, яғни координаталар жүйесін анықтайтын бастапқы жазықтықтар мен сызықтарға қатысты ізделіп отырған нүктелердің орнын сипаттайтын шамалармен анықталады. Қөпшілікке танылған біртұтас жүйе координаталардың географиялық жүйесі болып табылады. Координаталардың географиялық жүйесінің элементтеріне мыналар жатады : ЕЕ1—экватор жазықтығы; РР1—экваторға перпендикуляр жердің айналу осі; РГГ0Р1- бастапқы меридианның жазықтығы. Халықаралық келісім бойынша, бастапқы меридиан ретінде қазіргі кезде Лондон қаласы жанындағы Гринвич меридианы қабылданған. А нүктесінің эллипсоид бетіндегі проекцияларының орны мынадай координаталармен; ω — геодезиялық ендікпен және λ, яғни А1 (ω,λ) — геодезиялық бойлықпен анықталады. Геодезиялық ендік (ω) экватор жазықтығы мен берілген нүктедегі тік түзу арасындағы бұрыш. Ендік экватордан берілген нүктеге дейінгі АоА геодезиялық меридианнын, доғасымен өлшенеді және жарты шарға байланысты солтүстік ендік ( + ) немесе оңтүстік ендік (-) болуы мүмкін. Геодезиялық ендіктің шамасы экватордан (0°-тан) басталып оңтүстік және солтүстік полюстерге қарай (90°-қа дейін) өзгеріп отырады. Геодезиялық бойлық (λ) бастапқы меридианның жазыктығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай саналады (0°-тан 180°-қа дейін)
Геодезиялық координаталар жүйесі қашықтықтармен байланысты көптеген геодезиялық есептерді шешу үшін пайдаланылады. Дегенмен геодезиялық координаталар жүйесі нүктелердің өзара орнын ұзындық өлшемде емес, бұрыштық өлшемде анықтайтын болғандықтан практикалық мақсаттарда кең қолдануға қолайсыздау.
Рельеф
Топографиялық картаның барлық түрлерінде картографиялық проекция (Гаустікі), Красовскийдің эллипсоид элементін есептеу әдісі, градус және километрлік торлары, Балтық теңізі деңгейіне байланыстырылған биіктік жүйесі бірдей болады. Топографиялық карта мазмұны міндетті түрде мемлекеттік триангуляция мен полигонометрия, репер және нивелирлеу маркісі және түсіру торының бастапқы нүктесіне тәуелді болады. Қолданылатын топографиялық картаның шартты белгілері масштабты, масштабсыз, түсінікктемелік және әртүрлі жазулар түрінде болады. Рельеф элементтері горизонтальдар, сурет түріндегі шартты белгілер ( жыра, сай) және биіктік нүктелері түрінде бейнеленеді. Рельефтің кескіні карта масштабы және өңірдің географиялық жағдайымен сипатталады.
Сызықтық әдіс
Сызықтық белгілер әдісі өте көп қолданылады., Жер бетінде немесе теңізде өзінің нақты бір орны мен пішіні бар құбылыстар картада сызықпен белгіленеді. Бұл құбылыстар мен нысандар тобына теңіз, өзендердің жағалық сызықтары, жол, шекаралар және т.б. жатады.Ерекшелігі - картада объектінің нақты бейнесі мен алып жатқан орны, объектінің ұзындығы бойынша сақталады.
Изосызықтар – географиялық картадағы қайсыбір шаманың ( қысым, температура, ылғалдылық, т.б.) бірдей сандық көрсеткіштері бар вертикаль қимадағы немесе графикадағы нүктелердегі қосатын сызықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |