Шығыс өркениеті мен мәдениеті. Тарихшылар өркениет
пен мәдениетті былай қарастырады; оларды мемлекетке
немесе топталған елдерге әртүрлі деңгейдегі дамыған және
әртүрлі тарихи кезеңдері тұрғысында қарастырады.
Солардың ішіндегі өркениеттерге Ежелгі Үнді, Қытай,
Вавилон, Египет және де шығыстың мұсылман
мемлекеттері жатады. Шығыстың өркениеті Азияның және
Африканың көптеген халықтары әртүрлі тілдегі, әртүрлі
діндегі халықтарын біріктіреді.
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге
дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі
болды. Ауызбіршілігі күшті, ұйымшылдығы берік, халыққа билік жүргізуші
тапқа толық бағынған мемлекет. Фараондар құдайдың ұлы деп саналды,
сондықтан да фараон өзін "Раның" ұлымын деп жариялады. "Ра" күн құдайы.
Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына
ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі,
мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қоймады.
Перғауын, фараон — Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты. Алла оған уағыз айтуға Мұсаны жіберген. Фараон
Зулаутад деп те аталады. Ол зәулім мұнара, пирамида сияқты мәңгілік берік ғимараттардың иесі деген мағынаны
білдіреді. Құранда Перғауын өзін-өзі тәңірі санайтын, Мұсаның айтқанына сенбейтін, қатігез, озбыр ретінде көрінеді.
Дінге сенетіндерді қудалайды. Мұса мен оның қандастары Мысырды тастап кетпек болғанда, соңынан әскер алып
қуады. Бірақ теңіз көтеріліп, топан судың астында қалады. Тек жантәсілім сәтте ғана тәубасына келеді. Сол үшін Алла
оны толқынның күшімен жағаға серпіп шығарады. Бұл эпизод екі түрлі түсіндіріледі. Біреулер оны тәубасына келгені
үшін жасалған кешірім деп ұқса, біреулер күпірлік кешірілмейді, тек өліктің ғана құтқарылуы мүмкін деп дәлелдейді.
Құранды түсіндірушілер басқа да Перғауындар болған, бұл Мысыр патшаларының жалпы атауы мен атағы деп біледі.
Құраннан кейін туындаған аңыздарда Перғауынның қатігездіктері, әсіресе Аллаға сенген әйелін, немерелерін,
жақындарын, Мысыр сиқыршыларын қалай азаптағаны егжей-тегжейлі суреттеледі. Құран түсіндірмешілерінің
айтуынша, мұнара салынып біткен соң Перғауын аспанға садақтан жебе жаудырады. Олары қанға малшынып, жерге
қайта түседі. Артынан Жәбірейіл көрініп, мұнараны жермен жексен етеді.
|