Орындаған;Тореканова Акерке Мырзахметовна Инклюзивті білім беру үдерісінің заңнамалық негіздері Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы»


ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ



бет2/2
Дата05.11.2022
өлшемі27.76 Kb.
#464060
1   2
1 инклюзив 6-17

ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалар білім алу үшін мекемелерді таңдауға кұқылы, сол себепті бүл жерде оқудын әр кезеңінде білім, икемділік, дағдыларды меңгеру талаптары мен әлеуметтік бейімделу жағдайларын ескеру қажет. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға білім беру мазмұны олардың даму ерекшеліктерімен анықталуы тиіс, ең негізгі кажеттілігі калыпты түлғалармен бірдей білім алуға жағдайларын қамтамасыз ету. Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді. Мысалы, естімейтін баланың дамуындағы жағымсыз салдарын алдын алу үшін бір-қатар жаңа білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек, олар: – калған есту қабілетін дамыту және қалдык естуін пайдалануға үйрету; – сөйлеуші адамның сөзін ерін кимылы аркылы сөйлеу тілін кабылдауға үйрету; – түзетушілік гпедагогикалық қолдау көрсету арқылы бұрын қалыптасқан сөздік қорын жоғалтпауын қадағалау; – дыбыссыз кеңістікте бағдар алып жүруге үйрету. Баланың есту, көру, қозғалыс, т.б даму мүмкіндіктерінің шектеулігі сапалы сипатта екенін ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажет етеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламасын меңгеруімен тоқтамай, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым- қатынас жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-қүлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру және болашақ өмірге деген позигивті көз қарасын қалыптастырады. Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары: – арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, соның ішінде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары. Арнайы білім беру оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік-консультациялар ұсыныстарын ескере 14 отырып айқындалатын психикалық және дене кемістіктерін, сонымен катар танымдық мүмкіндіктерін ескереді. Ұзақ уақыт бойы емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөсірімдер үшін жалпы білім беретін арнайы түзету оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі; – әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану аркылы түзетушілікпедагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру; – толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету; – түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық колдау көрсетуі; психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндікгеріне сәйкес және білім алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін меңгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі білім беру деңгейлерін қамтиды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру); орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Ал мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтін, көрмейтін, нашар көретін және тірекқимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу орнында оқи алады. Арнайы білім беру мазмұнын жетілдірудің негізгі жолы қазіргі психологикалық және педагогикалық, теориялық және тәжірибелік зерттеулерді тиімді пайдалану. Олар оқушылардың дене және психикалық дамуының зор мүмкіндіктерін, оларды түзетіп, дамытуды жүзеге асырудың жолдарын көрсетеді. Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады: – оқытудың түзету-дамыту бағыты; – оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесін қалыптастыруы тиіс, – оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру; 15 – оқытудың ғылымилығы; – оқу материалының білім беретін оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы; – білім мазмұны өмір, тәжірибесімен тығыз байланыста болуы; – оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты камтамасыз ету; – білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларын ұсыну (мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек). Жоғарыда аталған талаптар нақты белгіленген құжаттарда бекітіледі олар: білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Оқушылардың дене және психикалық ерекшеліктері мен дамуындағы кемістіктерді ескере отыратын бекітілген білім беру ережелері бар. Ол денсаулығында кемістігі бар балаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты немесе арнайы білім беру стандарты деп аталады. Стандартта білімділіктің мемлекеттік деңгейінің негізгі көрсеткіштер жүйесі бекітілген. Ол көрсеткіштер келесідей, коғамның аталмыш тұлғаларға кажетті білім деңгейі туралы көз қарасы және екіншіден жеке тұлғаның шынайы сол білім деңгейін меңгеру мүмкіндіктерін ескереді. Арнайы білім беру стандарты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың барлық топтарына ортақ жалпы білім беру деңгейіне, түзетудамыту жұмысына, сауықтыру және кәсіби еңбекке даярлауға деген талаптарын белгілейді. Стандарт талаптарын әзірлеуде мүмкіндіктері шектеулі түлғалардың барлығына тән даму кемістіктер есепке алынады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығына ортақ кемістіктер: – қабылдаудың баяу және шектеулі сипаты; – тірек-қимыл-қозғалысындағы кемістіктер; – сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтар; – ойлау процесіндегі кемістіктер; – таным әрекетінің жетілмеуі; – қоршаған орта мен тұлғаралық қарым-қатынастар туралы түсініктердің толық жетілмеуі; – жеке дара тұлғалық дамуындағы кемістіктер (сенімсіздік, қоршаған адамдарға себепсіз тәуелдену, өзімшіл болу, өз әрекетіне барабар баға бере алмауы, тәртіп сақтай алмауы т.б.). Аталмыш кемістіктерді жою, түзету үшін білім мазмұнына өзгерістер енгізіледі. Сонымен бірге оқу пәндердің құрамы да өзгертілуі мүмкін, мысалы, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру үшін арнайы пропедевтикалық оқу кезеңі енгізіледі. Ал зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін білім беру мазмұны жалпы жеңілдетіледі. 16 Ең негізгі ерекшелік арнайы білім мазмұнына өзгеше оқу пәндердің енгізілуі. Бұл жағдай арнайы мектептің жалпы мектептен айырмашылығын нақты көрсетеді. Көрмейтін оқушылар оқитын мектепте кеңістікті бағдарлау сабақтары, естімейтін оқушылар үшін қалдық естуін дамыту мен ауызша сөйлеуін қалыптастыру және заттық-тәжірибелік оқыту сиякты сабақтарды арнайы педагогтар өткізеді. Арнайы мектептердегі оқу бағдарламалары сынақтан өтуде, ерекше қиындык білім мазмұның казақ тіліне аудару, дайындау. Балалардың жекеленген санаттары үшін ПМПК ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму және әлеуметтік мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді. Арнайы оқытуда оқулық қажетті түйін болып табылады. Оқулықтың оқыту, дамыту және тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың 17 жас мүмкіндіктеріне қарай, бағдарлама негізінде ол оқу материалының мазмұнын анықтайды. Оқу материалының жүйесі қалай оқыту керек деген мәселеге елеулі ықпал жасайды. Арнайы мектептегі оқулықтарға өзгеше талаптар қойылады. Олар: қоғамдық бағыттылығы, материалдың ғылымилылығы, оны кұру жүйесі мен мазмұнының психологиялық және педагогикалық негізделуі, хабарланатын білімдердің оқушылар кемістігінің салдарын ескеруі және жасының психологиялық ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуына сәйкес келуі. Бір оку пәнінің өзі түрлі формада, әртүрлі логикалық құрылымда, айрықша ой-пікір, дәлелдеме, мысал мен жаттығулар негізінде баяндалуы мүмкін. Бастауыш сынып үшін әліппе мен математика оқулығын жасаудың ғылыми негізделген бірнеше жолы бар. Кіші мектеп жасындағы оқушы ойынның қарама-қайшылығы, әсіресе, нақтыдан абстрактілікке көшуге, оқу пәндерін оқудың түрлі жолдарын негіздеуге мүмкіндік береді. Ресми оқулық тек білім беру органдары бекіткен оқулық болып табылады. Мұғалімнің оқулықтарымен жұмыс істеуі үшін оқыту мен оқудың тиімді құралы және тәсілдерін іздеуге көмектесетінін, басшылыкқа алатын оқуәдістемелік кешендер әзірленеді. Бұл жерде басты мәселе - ғылыми білімді, оқу біліктілігін, кітаппен жұмыс дағдыларын жүйелі меңгеруді кемтар балаға арнайы үйрету. Оның мазмұны: оқылған тақырыпты ұстау; ережелерді табу және жаттай білу, жаттығуларды орындауда ережелерді білу; көркемдеулердің не үшін керек екендігін және оларды жұмыста пайдалана білу; оқулықтармен жұмыс істеуде жинақы болу және зейін қоя білу, алаңдамау, кітапті пайдалануда мұқият болу, ұсақ, жалпы моторикасын дамыту т.с.с. Арнайы білім беруде әрқайсысы өз функциясын орындайтын: оқулықтар, оқу бағдарламары, оқу жоспары, оқу құралдары, әдістемелік нұскаулар, жұмыс дәптерлері, бақылау күнделіктері, оқу жабдықтары, көрнекі кұралдар, техникалық оқыту кұралдары, оқу кинофильмдері, компьютерлік технологиялар - бәрі оқу әдістемелік кешенді құрайды. Мұндай кешен мұғалім еңбегін ұйымдастырады және тәртіптендіреді, іс-әрекетін тиімді жоспарлауға және оның нәтижесін алдын ала көруге мүмкіндік беріп, жаңа ізденістің, жасампаздылығының негізін қалайды
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет