Жаңа туылған нәресте құрсақіші дамуының 22-37 апталары аралығында туылса, туған кездегі салмағына қарамастан шала туылған бала болып есептеледі.
Гестациялық жас шамасы – бұл баланың жатыр қуысына біткеннен туылғанға дейінгі жасы. Ол нәрестенің жетілу деңгейін және баланың сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншілігін бағалайтын басты көрсеткіші болып саналады.
Гестациялық жас шамасына байланысты шалалықтың 4 дәрежесін бөлуге болады:
1 дәреже – гестациялық мерзімі 37-35апта;
2 дәреже - 34-32 апта;
3 дәреже – 31-29 апта;
4 дәреже – 28-22 апта.
Нәрестенің туылған кездегі салмағы шалалықтың абсолюттік көрсеткіші болып табылмайды, салмағы бойынша аз салмақтағы балалар:
Төмен салмақтағы балалар (2500-1500 г);
Өтетөмен салмақтағы балалар (1500-1000 г);
Тым төмен салмақтағы балалар (1000 г-нан төмен).
Мезгілінен бұрын босанудың негізгі қауіп факторлары:
Анасы жағынан:
Ұрық жағынан:
Хромосомды аурулар, даму ақаулықтары;
Иммунологиялық сәйкессіздік;
Құрсақішілікинфекция.
Достарыңызбен бөлісу: |