дін қоғам үшін маңызды қызмет атқармаса онда ол әмбебап болмайды
деп тұжырымдаған. Дінге қатысы барын сезіну сенушілер қауымын немесе моральдық
қауімді ұйымдастырады. Дюргейм сияқты К.Маркс те дінді дәстүрдің қолдаушысы
ретінде таныды. Бұл қолдау жаншылған кедейлер күреспей шыдауы керек және әрбір
адам патшаның құдайдай құқы барына сене отырып теңсіздікті мойындап салық төлеуі
керек деген ұйғарымдар болды және ол ауытқып тұрды. К.Маркстің Дюргеймнен
айырмашылығы діннің дәстүрді қолдауын ол кері түсіндірді. Маркс дінді халыққа
арналған есірткі деп санады. Жоғарғы тап өкілдері кедейлердің бұл дүниеден қаналуын
байқатпау үшін олардың ойын өлімнен кейінгі өмірге аударды. Бұл тұжырымды
обьективті және құраламдық функцияональдық теориядан құнды деп айта алмайсыз.
Өйткені ол дін доктринасының ақиқат не жалған екендігін саралайды.
Макс Вебер дін туралы теориясында құрылымдық функциялық теорияның Конфликт
теориясының элементтері мен үйлесімі болып табылады. Жалпы Вебер де діннің атқаратын
қызметі мен түрлерін зерттеді. Вебер де конфликт теоретиктері сияқты дін мен әлеуметтік
өзгерістердің байланысына көңіл аударды. Конфликт теоретиктері дінде өзгеріс әлеуметтік
шинелістердің салдарынан туындауына мән берсе, М.Вебер діни идеологияның әлеуметтік
өзгеріс тудыруына ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар Вебер үшін дін белгісіз дүние жәйлі
білім іздеу. Бұл тұрғыдан алғанда дін ғылымға ұқсайды. Ол айналадағы әлемді түсіндіре
алатын әдістің бірі. Вебер діни мәселелерді қоғамдағы өзгеріс пен тұрақсыздықтың көзі деп те
қарастырады. Жалпы Вебер Дюргеймге қарағанда дінге процесс ретінде қарай отырып оған
белсенді роль береді. Ертеде протестанттар еңбек ету рационализм және қарапайым өмір сүру
дұрыс ал жұмыссыздық бен сылбырлық күнә деп санады. Бұл сенімді Вебер протестанттық
этика деп атады. Бұл сенімді ұстанатын адамның өмірі үнемшіл болады немесе мұндай
адамның бай болары анық. Осындай ойларды айта келіп Вебер протестанттық реформация
капитализмге жол салды деп тұжырымдайды. Мұндай зерттеулерден кейін бір ғасырға жуық
уақыттан соң бұл мәселені қайтадан көтерді және олардың көпшілігі басқа қортындылар
жасады .Бірақ бұл Вебердің дін әлеуметтануына қосқан үлесін өзгерте алмады. Жалпы әрбір
дін өзара қарама-қайшы. Бірақ бірін-бірін толықтыратын екі тенденциямен қилысады.
секта дегеніміз не?
Секта дегеніміз- заманауи қоғам мен діндердің өздері жағымсыз деп тауып
түбегейлі бас тартқан кейбір қағидалар мен ғұрптарды қалпына келтіруді
жақтайтын діни ұйым. Секта мүшелері өздерін қоғаммен мәмілеге келе отырып,
басқалар ұмыт қалдырған ақиқат сенімді ішінара қалпына келтірушілерміз деп
санайды. Қазіргі заманда көптеген секталар ажырасуды немесе әйелдердің
арсыздығы (ашық-шашық киіну,шаштарын қысқартуы) сияқты құбылыстарға
қарсы ұйымдасқан. Сектаға мүше болу өзгерістің немесе эмоциялық тәжірибенің
нәтижесі. Көпшілігі ата-анасының артынан ергеннің орнына сектаға қосылуды
таңдайды. Олардың діне қызметтері бейресми түрде өтеді. Секта көш
басшыларының арнайы білімі болмайды немесе төмен білімі болса да тек сөз
жүзінде ғана. Діни тұжырымдамаларға, дүниелік марапаттарға ерекше мән береді
және киелі мәтіндер құдайдан жеткен деп қабылданады.
Ислам діні
VII - ғасырда қазіргі Сауыт Арабиясында Мухаммед Пайғамбар
ислам дінінің негізін қалады. Бұл дін қазіргі таңдағы тез дамып
келе жатқан діндердің бірі. Әлем халқының 21 пайызы осы дінге
сенеді. Алдағы 50 жылда бұл дін хрестиян дінінен басым дінге
айналуы мүмкін. Әлемнің қай бөлігінде өмір сүрсе де мұсылмандар
ортақ қағидаларды ұстанады. Барлық мұсылмандар құдіреті күшті
бір Аллаға сенеді. Кітабі-құран. Хрестяндар мен еврейлерге інжіл
қандай құнды болса, мұсылмандарға да бұл кітап сондай құнды.
Барлық мұсылмандар бес парызды орындау керек. Ислам: жер
бетіндегі мұсылман қауымға ортақ дін.
Достарыңызбен бөлісу: |