Жазық конденсатордың сыйымдылығы конденсатор астарларының ауданына, диэлектрлік өтімділігіне тура пропорционал және диэлектриктің қалыңдығына кері пропорционал.
Зарядталған конденсатор энергиясы W [Дж] – ол зарядталған конденсатор астарларының арасындағы электр өрісінің энергиясы.
Мұндағы W - зарядталған конденсатор энергиясы, q - конденсатор астарларының заряды, C - конденсатордың сыйымдылығы, U - конденсатор астарларының ұштарындағы кернеу.
Көлем бірлігіне келетін өріс энергиясы конденсатор энергиясының тығыздығы деп аталады мұндағы Е – электр өрісінің кернеулігі.
Конденсаторларды жалғау
Конденсаторларды параллель жалғағанда жалпы сыйымдылық ең үлкен сыйымдылықтан үлкен болады, ал тізбектей жалғағанда жалпы сыйымдылық ең кіші сыйымдылықтан кіші болады.
Тұрақты электр тогы (анықтама)
Қозғалмайтын электр зарядтары практикада сирек қолданылады. Электр зарядтары бізге қызмет істеу үшін оларды қозғалысқа келтіру керек, яғни электр тогын туғызу керек. Электр тогы үйлерді жарықтандырады, станокты қозғалысқа келтіреді, радио толқындар туғызады, барлық электронды есептеу машиналарының жұмысын жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |