Қорытқы жылдамдық



бет15/20
Дата11.08.2022
өлшемі2.28 Mb.
#459930
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Физика формула 2019 керек

Толқындық оптика
Жарықтың толқын екендігін дәлелдейтін құбылыстар:
Жарықтың (толқынның) интерференциясы – когерентті толқындар беттескенде бір-бірін күшейту немесе әлсірету құбылысы.
Когерентті толқын деп жиіліктері (периоды) бірдей, фазалар айырымы тұрақты толқындарды айтады. Когерентті толқындарды когерентті толқын көздері шығарады.
К үшейту (max) шарты: когерентті толқындардың жол (оптикалық) айырымы толқын ұзындығының жартысына жұп еселі болса, жарықтар бір-бірін күшейтеді.
н/е
Б әсеңдету (min) шарты: когерентті толқындардың жол (оптикалық) айырымы толқын ұзындығының жартысына тақ еселі болса, жарықтар бір-бірін бәсеңдетеді.
Дифракция – толқынның бөгетті орағытап (айналып) өту құбылысы.
Дифракциялық тор – мөлдір емес бөгеттермен бөлінген саңлаулар жиынтығы. k - максимумдар реті.
- тор периоды (тұрақтысы). - дифракция бұрышы
L-тордан экранға дейінгі қашықтық; х-орталықтан мах дейінгі қашықтық.
- бірлік ұзындыққа келетін саңлау саны
Поляризация – жарықтың көлденең толқын екекндігін растайтын құбылыс.
Дисперсия – ортаның сыну көрсеткішінің тербеліс жиілігіне (толқын ұзындығына) тәуелділігі. Ақ жарық жеті түстен тұрады:
1)қызыл (λ=760нм); 2) қызыл-сары; 3) сары; 4) жасыл; 5) көгілдір;
6) көк; 7) күлгін ( нм)
Призмада ақ жарықтың жеті түске жіктелуі, кемпірқосақ - дисперсия.
Призмадан өткенде ең көп ауытқитыны (толқын ұзындығы ең қысқасы) – күлгін, ең аз ауытқитыны (толқын ұзындығы ең ұзыны) – қызыл.
Кванттық оптика (физика)
Ж арық порция-порция (квант) түрінде шығады және жұтылады. Әр квант энергиясы н/е
мұндағы: Дж·с - Планк тұрақтысы
Жарықтың кванттық теориясының дұрыс екендігін дәлелдеген алғашқы құбылыстардың бірі – фотоэффект (Герц).
Фотоэффект – жарықтың әсерінен металдан (катод затынан) электрондардың ұшып шығуы. (Герц)
Фотоэффект заңдары: (Столетов)
Жарықтың әсерінен металдан бір секундта бөлінетін фотоэлектрондар саны сол уақыт ішінде металл жұтқан жарық энергиясына тура пропорционал.
Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы (максимал жылдамдығы) түскен жарықтың жиілігіне тәуелді.
Әр металл үшін фотоэффект басталатын «фотоэффектінің қызыл шекарасы» деп аталатын жарықтың ең кіші жиілігі ( ең үлкен толқын ұзындық) болады. Металға түскен жарық жиілігі «қызыл шекарадан» кіші болғанда фотоэффект байқалмайды.
н/е А – электронның металдан шығу жұмысы. , -фотоэффектінің қызыл шекарасы

Фотоэффект үшін Эйнштейннің теңдеуі (энергияның сақталу заңы):



н/е н/е
- фотоэффект байқалады. - фотоэффект байқалмайды.

Фотон – жарықтың элементар бөлшегі (электромагниттік өріс кванты).
1. Фотонның энергиясы: , ,
2. Фотонның массасы:
Фотон тыныштықта бола алмайды, яғни тыныштық массасы нольге тең, заряды жоқ.
3. Фотонның импульсі:
Жарықтың бетке перпендикуляр бағытта түскенде түсіретін қысымы:
ρ - беттің шағылдыру коэффициенті.
Егер бет ақ (айна) болса, ρ , егер бет қара түсті болса,
Жарықтың қысымын Лебедев анықтады.
5. Қуаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет