Негізгі бөлім
Құрылыс гипсін алу жолдары.
Гипс байланыстырғыш заттарын өндіру үшін шикізат ретінде табиғи гипс тасы, табиғи ангидрит, сол сияқты негізінен кальций сульфаттарынан тұратын химия, металлургия, т.б. өнеркəсіп қалдықтарын пайдаланады. Құрылыс гипсі қазандарда, айналып тұратын барабандар немесе басқа арнаулы құрылғыларда қыздыру арқылы алынады. Алдымен гипс тасы өлшемі 3-4 см түйіршіктерге ұсатылып, содан кейін шахталы немесе аэробильді диірменде бір уақытта кептіріліп, майдаланылады. Осылай майдаланып кептірілген гипс тасы, механикалық араластырғышпен жабдықталған қазанға түседі. Гипсті қазанда қайнау уақыты 3-4 сағатқа созылады. Гипсті барабандарда өндіру əдісі бойынша өлшемі 2 см ұсақ тасты айналмалы барабанда күйдіреді. Бұл үшін пеш ошағының барабанның бір шетіне температурасы 600-700 С газ жіберіледі. Барабанның екінші шетіне орнатылған тартқыш вентилятор күшімен газ, барабан ішіндегі газ ағымына қарсы жылжып келе жатқан материалды жол жөнекей қыздырғаннан соң, сыртқы шығарылады. Осылай күйдірілген гипс шарж немесе кəдімгі ұн тартатын тас диірмендерде майдаланады. Құрылыс гипсі 3 əдіс бойынша шикізатты майдалау мен оны күйдіру процестерін бір кезде, бір агрегатта жүргізу арқылы өндіріледі. Гипсті əртүрлі қондырғыларды қыздырғанда, екі сулы гипстің бəрі бірдей жарты сулы гипске ауыспайды. Оның біразы, екі сулы күйінде қалып, ал біразы – сусыз ангидрит күйіне көшеді. Бұл екі өнім де құрылыс гипсінің сапасына зиянды. Сондықтан гипс қыздыру құрылғысынан шыққан күйде арнаулы силосқа жіберіліп, онда біраз уақыт ұсталынады. Бұл жағдайда сусызданып үлгермеген екі сулы гипс жарты сулы күйіге көшеді де, ал сусыз ангидрит – су буын бойына тартып, жарты сулы гипске айналады. Осының салдарынан алынған құрылыс гипсінің сапасы əжептəуір жақсарады. Айта кетерлік бір жағдай: құрылыс гипсі қазанда қайнату жолымен алынғанда, қазан мен оған салынған ұнталған гипс тасының биіктігі артқан сайын, “қайнау процесі” қатты жүреді де, алынған өнімнің сапасы жақсарады. Мұның себебі, қазандағы гипстің төменгі қабаттарында орналасқан бөлшектері өздерінің 1,5 молекула суын температурасы 1230С-қа жеткен кезде ғана сұйық күйінде бөліп шығаруында, ал алынатын 0,5 сулы гипстің кристалдарының мүскіні a – формасына жақындауында. Гипстің төменгі қабаттарынан бөлінген су буы жоғары қарай шыққан кезде, қазандағы гипс ұнтағы кəдімгі су тəрізді бұрқылдап қайнайды. Қазандағы гипстің жоғарғы қабатындағы бөлшектері, өздерінің кристалдық суынан 70-800С-та айырыла бастайды. Сол себепті бұл 0,5 сулы гипстің кристалдары майдалау, ал құрылысы – кеуекті болып келеді. Тағы бір жағдай: қолданылатын табиғи гипс тасының тығыздығы артқан сайын, одан алынатын құрылыс гипсінің сапасы да арта түседі. Мұның себебі, сол бір жарым молекула кристалдық судың тығыздау кристалдарын шегіне жеткен температурада, 123 С-та ғана бөлініп шығатындығында. Шикізатта екі сулы кальций көп болған сайын, одан алынатын өнімнің сапасы жоғары болады.
Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю мерзімдері.
Құрылыс гипсінің ұнтақтылығы үш дəрежемен сипатталынады. Оны елегенде тесіктерінің өлшемі 0,2 мм елеуіште қалатын қалдық 30%-тен көп болмаса, ол 1 дəрежелі немесе ірі ұнтақты. Егерде көрсетілген елеуіште қалатын қалдық 15%-тен аспаса, ол ІІ дəрежелі немесе орташа ұнтақты, ал 2%-тен кем болса, ол ІІІ дəрежелі немесе уақ ұнтақты деп аталынады. Құрылыс гипсі тез ұстасып, тез қатаятын материал. Ұстасу мерзімі бойынша бұл гипс мына түрлерге бөлінеді:
Тез қатаятын гипстер (А) олардың ұстасу процесінің басталуы 2 мин ерте, ал аяқталуы – 15 мин кем болмауы қажет.
Орташа қатаятын гипстер (Б) олардың ұстасу процесінің басталуы 6 мин ерте емес, ал аяқталуы 30 мин кем болмауы тиіс;
Баяу қатаятындар (В) – ұстасуының басталуы 30 мин ерте болмауы керек.
Кейде гипстің ұстасу жылдамдығын азайту үшін оған каратинды жəне əкті-желімді баяулатқыштар, сол сияқты сульфиттік-спирт, сульфиттік-ашытқы бардалары, т.б. беттік əсерлігі бар заттар қосылады. Гипстің ұстасуын баяулататын заттардың бəрі, оның су тұтынғыштығын азайтып, беріктігін арттырады. Құрылыс гипсінің қатаюы үшін оған керекті мөлшерде су қосылады. Бұл судың мөлшері əдетте гипс салмағының 30-70%-і аралығында. Гипстен дайындалатын қамырдың нормалы қоюлығы қамырды стандартты диаметрі 50 мм қуыс цилиндрде тігінен көтергенде диаметрі 180±5 мм-ге тең болып жайылса, қамырдың қоюлығын нормалы дейді. Яғни, қамырдың қоюлығы гипс стандартының шартын қанағаттандырады. Егер қамыр диаметрі 180±5 мм-ден аз немесе көп болып жайылса, онда гипс ұнтағына қосылатын судың мөлшері арттырылып, не кемітіледі. Су шығыны азайған сайын, гипс ұнтағынан алынатын жасанды тастың беріктігі арта түседі.
Құрылыс гипсі өте тез қатаяды: оның маркалық беріктігі екі сағаттан кейін-ақ анықталынады. Қатаю процесі кезінде, гипстің жарты сулы түрінің еріген молекулалары сумен химиялық реакцияға түсіп, екі сулы гипс түзеді:
CaSO4×0,5H2O+1,5H2O=CaSO4×2H2O.
Жарты сулы гипстің (ерігіштігі 8 г/л) қаныққан ерітіндісі, екі сулы гипспен (ерігіштігі 2 г/л) салыстырғанда, асыра қаныққан ерітінді болғандықтан, екі сулы гипс ерітіндіден тұнбаға – дəлірек айтқанда, қатты кристалдарға айналады да, кристалдар өседі, өзара жалғасып, қатаяды. Жоғарыдағы реакция бойынша жарты сулы гипстің екі сулы гипске ауысуы үшін 18,6% қана су қажет. Бірақ, құрылыс гипсі ұнтағынан бұйымдар өндіру үшін оған бұл мөлшерден əлдеқайда көп (50-70%-ке дейін) су қосу керек. Реакцияға қажетсіз артық су қатаю процесі кезінде ауаға ұшып, бұйымдарды кеуектендіреді, сөйтіп олардың беріктігін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |