Қорытындысы бойынша есеп 2012 жылғы 20 сәуірде ҚР Қаржы министрі Б. Жәмішевтің төрағалық етуімен қызметін «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі49.44 Kb.
#11355


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері жөніндегі консультативтік органның 2012 жылғы жұмысының

қорытындысы бойынша есеп
2012 жылғы 20 сәуірде ҚР Қаржы министрі Б. Жәмішевтің төрағалық етуімен қызметін «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 234 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген Консультативтік орган туралы Ережеге сәйкес атқаратын Консультативтік органның кезекті отырысы болып өтті.

Отырыс барысында:

- ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті Консультативтік органның мүшелеріне күшіне енген «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» және «Акционерлық қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер жөніндегі ақпаратты жеткізді;

- «Аудиторлар алқасы» және «Қазақстан Республикасы аудиторларының палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымдардың өкілдері Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Аудит және есептілік стандарттары деңгейі» көрсеткішін жақсарту туралы баяндамалар жасады;

- Консультативтік орган мүшелеріне қолданыстағы №1 Ұлттық қаржылық есептілік стандартының негізінде Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті дайындаған Ұлттық қаржылық есептілік стандартының жобасы ұсынылды;

- Консультативтік орган мүшелеріне ҚР Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті Аудиторлық ұйымдардың сапасына сырттай бақылау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың жобасын ұсынды, бұл ретте кәсіби аудиторлық ұйымдардың ішкі құжаттарына өзгерістер енгізудің орындылығы, сондай-ақ жосықсыз аудиторлық компанияларға қолданылатын санкциялар бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол жеткізілді.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет саласында заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру және Консультативті орган қабылдаған шешімдерді іске асыру мақсатында:

ҚР Үкіметінің:



  • «Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2012 жылғы 21 мамырдағы №812;

  • «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2012 жылғы 21 мамырдағы №813;

  • «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулылары әзірленіп қабылданды.

«Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын әзiрлеу тәртiбін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №441 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 19 қазанда №8034 тіркелді) әзірленіп бекітілді. Осы бұйрық «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ресми жариялауға жіберілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шiлдедегi Заңын іске асыру үшін «Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын әзiрлеу тәртiбін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі №441 бұйрығы әзірленіп қабылданды (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 19 қазанда №8034 тіркелді);

- ҚР ҚМ Салық Комитетімен және Консультативтік органның мүшелерімен келісілген Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңға өзгерістер енгізу жобасы әзірленді және жалпыға бірдей декларациялау заңжобасына енгізілді;

- ҚР ҚМ бөлімшелерімен келісілген және Сарапшылық кеңесінің қарауына жіберілген «Бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiптiк ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiптiк сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiгi тiзбесiн, нысандары мен ұсыну мерзiмдiлiгiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 7 мамырдағы № 188 бұйрығының жобасы;

- мүдделі мемлекеттік органдарға келісілуге жіберілген «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы;

- Мемлекеттік тізілімде 2012 жылғы 7 желтоқсанда № 8132 тіркелген «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 490 бұйрығы;

- Мемлекеттік тізілімде 2012 жылғы 7 желтоқсанда № 8131 тіркелген «Аудиторлардың біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттар беру ережесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 31 шілдедегі № 278 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 486 бұйрығы;

- қызмет көрсету орталығы арқылы халыққа аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу көзделген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде және Консультативті органның 2011 жылғы 1 сәуірдегі және 2011 жылғы 7 қазандағы отырыстарында қабылданған шешімдерін іске асыру үшін 2012 жылғы қаңтардың 9-ынан бастап 13-не дейін Алматы қаласында, 2012 жылғы наурыздың 13-нен бастап 15-нн дейін Астана қаласында шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін (ШОБК үшін ҚЕХС) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Астана қаласындағы семинарға Түрікменстан, Тәжiкстан және Өзбекстан мемлекеттік органдары мен кәсіби қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуына байланысты семинар халықаралық мәртебесінде өтті.

2012 жылғы 14 маусымда Қаржы министрілігінің, Дүниежүзілік Банктің, шағын және орта бизнес, бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби қауымдастықтары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысқан Дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп мәселелері: «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңға өзгерістер бойынша ұсыныстарды талдау; Шағын кәсіпорындары үшін қаржылық есептіліктің ұлттық стандартының жобасы; Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындары үшін қаржылық есептілік пен салық салу арасындағы өзара байланыс; Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық есептілігі: ағымдағы жағдай мен саясат саласындағы нұсқалары мәселелері қаралды.

2012 жылғы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет жүйесін дамыту саласындағы қызметті қорытындылау кезінде 2012 жылы Әлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілігі индексінің «Аудит пен есептілік стандарттарының дәрежесі» көрсеткіші бойынша жоспарланған көрсеткіштен (90) 14 дәрежеге жақсарта отырып, 74-ші позицияға қол жеткізу белгіленді.

Консультативтік орган шеңберінде жүргізіліп отырған жұмыс және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жақсартуға бойынша іс-шаралар туралы барлық қажетті ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің веб-сайтында ҚЕХС бөлімінде тұрақты негізде орналастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет