Қорытындысы туралы АҚпарат ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі



Дата24.02.2016
өлшемі34.5 Kb.
#16470
2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішіндегі

ауданның әлеуметтік-экономикалық даму

қорытындысы туралы

АҚПАРАТ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде 3 млрд. 509,7 млн. теңге көлемінде орындалып, нақты көлем индексі 99 пайызды құрады.

Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі:

- ет 2,6 мың тонна немесе 99,9 пайызды;

- сүт 25,4 мың тоннаны немесе 98,8 пайызды;

- жұмыртқа 1,9 млн. дана немесе 100,0 пайызды құрады.

Мал басы:

- ірі мүйізді қара мал-1,3 мың басқа артты немесе 46,3 мың басты құрады;

- ешкі және қой – 62,6 мың басқа саналуда, 245 басқа ұлғайған;

- шошқа – 2,4 басқа азайған немесе 0,8 мың бас;

- жылқы – 1,3 мың басқа ұлғайып, 10,6 мың басты құрады;

- құстар – 57,4 мың басты құрады немесе 8,3 мың басқа артты.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде белсенді кәсіпорындар саны 36 бірлікті құрады.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 53,7 млн. теңге көлемінде орындалып, нақты индекс көлемі 48,7 пайызды құрады.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2973,4 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1563,5 млн. теңге көлемінде орындалды.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде баспананы енгізу 976 шаршы метрді құрады.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде аудан бюджетіне өз кірістерінің түсуі 18,1 пайызға орындалды немесе 135,8 млн. теңгені құрады.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде шығыс бөлігі бойынша аудан бюджеті 1686,9 млн. теңгеге немесе 98,9 пайызға орындалды.



2015 жылдың 6 айы ішінде 1-6 жас аралығындағы балаларды мектеп алды тәрбиелеумен және оқытумен қамту 952 баланы құрады.


Аудандық экономика

және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы А.Алимбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет