Қорларды басқару теориясының элементтері



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата13.10.2022
өлшемі145.3 Kb.
#462608
1   2   3   4
7,1

I
t
1
t
2
I
t
2
t
3
I
t
3
13.1 сурет - Тапсырыстың көлемі белгіленген жүйедегі қорларды 
басқару процесінің графигі 
Тапсырыстың көлемі белгіленген жүйені кейде «екі бункерлі» деп те 
атайды, өйткені аталған жүйеде қор екі бункерде (ыдыста) сақталады. Бірінші 
бункерден материалдық құндылықтар кезекті партияның түскен кезінен 
бастап тапсырыс берілгенге дейін, ал екінші бункерден – тапсырыс беру 
аралығындағы уақыт пен оны орындау, яғни дайындау кезеңінде 
шығындалады.
Тапсырыстың көлемі белгіленген жүйенің кемшілігі қоймадағы 
материалдық құндылықтың қалдығын жүйелі түрде есепке алу қажеттілігі. 
Өйткені «тапсырыс нүктесінің» болу кезін жіберіп алмас үшін және дайындау 
кезеңінің тұрақты болуын талап ету үшін қажет. 
Тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйеде тең уақыт аралығында 
тапсырыс беріледі және қоймаға түседі, ал қордың көлемі партия көлемінің 
өзгеруі есебінен реттеледі. Әр кезекті партия келіп түскен сайын қор қандай 
да бір максималды деңгейге дейін толады. Тапсырыстың жүйелілігі 
белгіленген жүйенің реттеуші параметрлері қорлар толтырылатын 
максималды деігей және екі тапсырыс немесе кезекті партиялардың түсу 
аралықтарындағы интервал болып табылады.
Берілген жүйеде алдыңғы кезеңде өнімнің тұтынылу шығынының 
дәрежесінен тәуелді тапсырыс көлемі өзгереді. Тапсырыс көлемі қор 
толтырылатын белгіленген максималды деңгей мен тапсырыс кезіндегі оның 
нақты көлемінің айырмасынан тұрады.
Аталған жүйенің артықшылығы қоймадағы қорларды жүйенлі түрде 
есепке алу қажеттілігінің жоқтығы. Кемшілігі: кей уақытта аз көлемде 


тапсырыс беру, материалдарды қарқынды тұтыну кезінде тапсырыс кезегі 
болғанға дейін қорларды шығындау.
Сондықтан да тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйеде өнім 
тапсырысына аз шығындар жұмсалатын кезде, қорланған материалдар құны 
жоғары болғанда және оларды тең дәрежеде жұмсаған кезде қолдану тиімді 
болады.
Қор деңгейі 
қордың максималды деңгейі
уақыт 
t
1
I
t
1
t
2
I
t
2
t
3
I
t
3
t
4
I
t
4
13.2 сурет - Тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйедегі қорларды 
басқару процесінің графигі 
Бұл жүйенің түрленуі: тапсырыстың жүйелілігі белгіленген жүйе және 
қорлардың екі деңгейі белгіленген жүйе. Бұнда жоғарғы максималды 
деңгейден басқа минималды деңгей де белгіленеді. Егер кезекті тапсырыс 
болғанға дейін қордың деңгейі минималды деңгейге дейін төмендейтін болса
онда кезектен тыс тапсырыс жасалады. Қалған уақытта тапсырыстың 
жүйелілігі белгіленген жүйе сияқты әрекет етеді.
Бұл 
түрлену 
жүйесінің 
артықшылығы 
– 
материалдардың 
жетіспеушілігін болдырмау, ал кемшілігі – қорлардың деңгейін үнемі 
қадағалап отыру. 
Материалдық қорлар – өндіріс пен айналыстың әртүрлі саласындағы 
өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер, өндірістік немесе жеке тұтыну 
процесіне түсуді күтетін халық тұтынатын бұйымдар немесе басқа да 
тауарлар.
Егер алғашқы шикізаттың халық тұтынатын бұйымға айналуын және 
алға қарай жылжуын қамтамасыз ететін тізбектің барлық қатысушылары бір 
механикалық конвейер сияқты жұмыс істейтін болса, онда күту уақыты нөлге 
тең болар еді. Бірақ шынайы өмірде бұлай болмайды.
Қорларды құру үнемі шығындармен байланысты. Қорларды құру мен 
оларды күтуге кететін негізгі шығындар: 
- тоқтатылған қаржы қаражаттары;
- арнайы жабдықталған үй-жайларды күтуге кететін шығындар; 
- арнайы персоналдардың еңбекақысы; 


- бұзылу, тоналуға кететін тұрақты тәуекел шығындары. 
Қорлардың болуы – шығындар болып табылады. Қорлар болмағанда 
әртүрлі жоғалулар түріндегі шығындар болады. Қорлардың болмауымен 
байланысты негізгі жоғалуларға жатады: 
- өндірістің тұрып қалуынан болатын жоғалулар; 
- сұраныс болған кезде қоймада тауардың болмай қалуынан болатын 
жоғалулар; 
- тауарлардың ұсақ партияларын жоғары бағамен сатып алғанда 
болатын жоғалулар және т.б. 
Қорларды күту шығындармен байланысты болса да кәсіпкерлер оларды 
құруға мүдделі, өйткені қорлардың болмауы одан да көп шығындарға әкеліп 
соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет