Орман қорлары және қоршаған ортадағы рөЛІ


Осыған сәйкес, тұла бойы табиғи байлыққа тұнған өңірдің жасыл орманы мен жан-жануарлар дүниесін қорғау – стратегиялық маңызды шара. Сонымен бірге, ол – мемлекет жағынан үлкен қолдауды қажет ететін сал



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі6.12 Mb.
#461900
түріҚұрамы
1   2   3   4
экология срсп (копия)

Осыған сәйкес, тұла бойы табиғи байлыққа тұнған өңірдің жасыл орманы мен жан-жануарлар дүниесін қорғау – стратегиялық маңызды шара. Сонымен бірге, ол – мемлекет жағынан үлкен қолдауды қажет ететін сала.

ОРМАН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЫ

Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 – 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері). Жалпы Орманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.

ОРМАН ҚОРЫ

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы меу жан-жануарлардын көбейе тусуіне ықпал етеді. Ормаңды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет