Орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей



жүктеу 34.95 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі34.95 Kb.
Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Вето құқығы

Вето құқығы (ағылш. right of veto) - Мемлекет басшысының (монарх немесе президенттің), парламент қабылдаған заңға қол қоюдан немесе әрекетке ендіруден бас тaртатын субъективті құқығы.

Мемлекеттік меншік құқығы

Мемлекеттік меншік құқығы (ағылш. right of state ownership) - Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жерді пайдалану құқығы

Жерді пайдалану құқығы (ағылш. land right) - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Өмір сүру құқығы

Өмір сүру құқығы (ағылш. right for life) - халықаралық құқық пен көптеген демократиялық елдердің конституциясымен қорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі. Өмір сүру құқығының мазмұны көп қырлы және әр түрлі елдерде (елім жазасының түрліше режимдері сақталуы себепті) өзара айырмашылығы болады. Қазіргі заманғы конституциялардың бірқатарында, өмір сүру құқығы, заңмен өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс шеңберін белгілеу, сондай-ақ өлім жазасы түрінде жазалау қолданылмайтын адамдар тобын көрсету арқылы нақтыланады.


Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. right for private life secrecy) - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік,адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.

Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және баска құжаттарды жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардын қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамнын артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін.

Некеге тұрған азаматтардың құқықтары

Некеге тұрған азаматтардың құқықтары (ағылш. rights of getting married couple) - Неке және отбасы, ана, әке, бала мемлекеттің қорғауында болады.



Некеге тұруы кезінде және отбасылық ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу.

Азаматтардың неке-отбасы қатынастардағы құқықтары заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет